Просмотр содержимого документа
«Стретчинг жаттығулары.»
МКҚК « №50 «Заңғар» бөбекжайы»
Тақырыбы:
«Стретчинг жаттығу»
(Ортаңғы топ Бәйтерек)
Дене шынықтыру нұсқаушысы:Сарбаева Б.Ж
Орал - 2015
Тақырыбы: «Стретчинг жаттығу»
Керіліп созылуға арналған буын жаттығулары.
Мақсаты:Балаларды керіліп созылуға арналған буын жаттығуларын жасатуға үйрету,әдісін көрсету.Баланы ептілікке,икемділікке,батылдыққа тәрбиелеу.Қозғалыс үйлесімдігін жақсарту,жеңіл және еркін қозғалыстарды қамсыздандыру.Ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға үйрету.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар саппен залға адымдап кіреді.Нұсқаушымен қонақтармен амандасады.Нұсқаушы белгісімен допқа барып допты алып бір шеңбер айналып секіріп шығады.
1.Б.Қ бір орында допта отырып секіру,тепе-теңдікті сақтау,1 дегенде қолды жоғары көтеріп шапалақтау,2дегенде бастапқы қалыпқа келу. 8рет
2.Б.Қ бір орында допта отырып секіру,доптың үстінде отырып алға 4 рет,артқа 4рет жылжу. 8рет
3. Б.Қ бір орында допта отырып секіру,доп үстінде отырып аяғымызды созамыз,қолымызды айқастырып оң аяққа иіліп қолымызбен созыламыз,сол аяққа иіліп қолымызбен созыламыз. 8 рет
4. Б.Қ допты ұстап алға иіліп тұрамыз,аяқ алшақ қойылған,допқа сүйеніп оңға қарай отырамыз бастақы қалыпқа келеміз,допқа сүйеніп солға қарай сүйеніп отырамыз.
5.Б.Қ допқа ішпен жату,алға қарай 4-рет жылжу,артқа қарай 4рет жылжу.
8 рет
6.Б.Қ тізеге отыру,допты алға қарай 4-рет жылжытып керілу,допты алға қарай 4-рет жылжытып керілу бастапқы қалыпқа келу.4 рет
7. Б.Қ денені тік ұстап,дор алда аяқты алшақ ұстап отыру,допты алға қарай 4 рет артқа қарай 4 рет жылжыту.6рет
Балалар орындарынан тұрып допты өз орындарына қояды.Саппен залдан шығып кетеді.
Хаттама
Тобы: «Бәйтерек»
Өткізілген күні: 13.11.2015 ж.
Өткізілген орны:№ 50 Заңғар бөбекжайы
Тақырыбы: «Стретчинг жаттығу»
Мақсаты: Балаларды керіліп созылуға арналған буын жаттығуларын жасатуға үйрету,әдісін көрсету.Баланы ептілікке,икемділікке,батылдыққа тәрбиелеу.Қозғалыс үйлесімдігін жақсарту,жеңіл және еркін қозғалыстарды қамсыздандыру.Ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға үйрету. Дене шынықтыру нұсқаушысы:Сарбаева Баршагул ЖанатқызыҚатысушы дәрежесі: Тәрбиешілер,балалар т.б.
Директор Ш.А Айтқалиева- стретчинг жаттығулар қай уақытта да күрделі,ал бұл жағдайда Баршагул Жанатқызы стертчинг жаттығуды фитбол добымен керіліп созылуға арналған жаттығуларды көсетті.Бұл педагог балалармен жұмыстанып жүргені,күнделікті жаттығуды қызықты , түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана алатыны көрініп тұрды. Дене шынықтыру нұсқаушысы Баршагул Жанатқызына еңбекте шығармашылық табыс тілейміз.
Әдіскер Анесова И.Б -стретчинг жаттығу ерекше,өте қызық , жаттығудың әрбір бөлімі нақты,себепті қызығушылық сәті болды,уақытымен нұсқаушының командасын тыңдауы,барлығы жоспар бойынша өтті.Балалар жақсы дайындалған.Стретчинг жаттығу мақсатына жетті.
Тәрбиеші Г.М. Мурзагалиева:
Балалар тыңдап,жаттығулардың барлығын қызығып орындады, команданы тыңдай білді. Стретчинг жаттығуда балалар өздерін еркін ұстады,артық,қиындатылған ештеңе жоқ.Балалар бұндай стретчинг жаттығу кезінде,керіліп созылуға арналған жаттығуда буын бқлшық еттеріне әсерін тигізіп ,өздерін жақсы сезінеді.
Қаулы:
Бөбекжайда топтар бойынша жоспарға сай жаттығулар кесте бойынша өткізіліп отырылсын,стретчинг жаттығулары тәрізді жаңа технологияға байланысты жаттығулар жүргізілсін.