Просмотр содержимого документа
«Семинар "Бірінші сәбилерге арналған тыныс алу жаттығуларының технологиялары"»
Денешынықтыру нұсқаушысы
Бірінші сәбилерге арналған тыныс алу жаттығуларының технологиялары
Денсаулық білім беру саласы.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны:
-дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметіне жүзеге асырылады.
Мақсаты:денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып,дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.
Міндететрі:
-Жалпы дамытушы жаттығуларды,қимылды ойындарды,шынықтырушараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
-негізгі қимыл түрлерін дамыту;
-салауатты өмір салты туралы алғашқы түсніктерін қалыптастыру.
«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны» Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан - жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді.
Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. Ұлттық тәлім – тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі – ұлттық сипаттағы, сондай – ақ салт – дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. Мектепке дейінгі жастағы таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез – құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп – жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар. КАРТОЧКА № 1 1. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет) 2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту (3 - 4 рет) 3. «Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір». 4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу (3 - 4 рет). 5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді. 6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет). 7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет). 8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып шығару (3 - 4 рет). КАРТОЧКА № 2 1. Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу (3 - 4 рет). 2. Қол белде, оңға, солға иілу (3 - 4 рет). 3. «Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. Орнымыздан түрегеп, Басқа гүлге барайық». 4. Қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет). 5. Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру. 6. Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу (3 - 4рет). 7. Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру. 8. Саппен жүріп өту. «Денсаулығым керемет, Жаттығуға рахмет!» КАРТОЧКА №3 1. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту. 2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 - 4рет). 3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын сорып, қайта ұшамыз. 4. Қолымызды қимылдатып, күбідегі қымызды піскендей боламыз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет). 5. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 - 4рет). 6. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз. 7. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).
Картғточка № 4 1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер» - топтасып бір бағытта жүргізу. 2. «Торғайлар болып ұшайық» - жан – жаққа жүгіру (жеңіл жүгіру). 3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз. 4. Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» жүгіру. 5. Тік тұрып, қолды жоғары көтеру. (3 - 4 рет) 6. Тік тұрып, қолды алға созу. (3 - 4 рет) 7. Торғай болып қанат қағып ұшамыз. 8. Тік тұрып, аяқты алшақ қойып, бүйірді таянып, оңға – солға иілу. (3 - 4 рет) 9. Аяқтың ұшымен жеңіл жүру. 10. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру. Карточка № 5 1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жай жүру, аяқтың ұшымен жүру. 2. Б. қ. – аяқты алшақ қойып, қолды төменде, 1 - қолды алға созамыз. 2 - қолды жоғары көтереміз. 3 - бірінші қалыпқа келеміз. (3 - 4 рет) 3. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды белге қойып, «Сағаттың тілі» 1 - оңға иілеміз 2 - солға иілеміз Бірнеше рет қайталаймыз.(5 - 6 рет) 4. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды төмен басымызбен оңға, солға иілу. (4 - 5 рет) 5. «Қарлығаш» болып ұшамыз 6. «Қоян» сияқты секіреміз. 7. Жай жүру, дем алу. Карточка № 9 Психогимнастика. Мақсаты: Балалардың психо - эмоционалдық көңіл – күйлерін тудыру жаттығуды пайдалана. 1. «Саусақтар амандасады.» массаж жасаймыз –«қолды жуамыз». 2. «Қайырлы күн, көздерім!» Қабақты сипаймыз. «Оянамыз көздерім!»- бинокльге қараймыз. 3. «Қайырлы таң құлақ!» - құлақты сипаймыз, «Оянамыз, құлақтар!» - алақанды тосамыз.
4. «Қайырлы таң, қолым!» - алақанды сипаймыз. «Оянамыз, қолымыз!» - шапалақтаймыз. 5. «Қайырлы таң, аяғым!» - аяқты сипау. «Оянамыз, аяғым!» - қаз - қаз басамыз. Ерте жас ( 1 жастан 3 жасқа дейін)
— Балалардың өз бетімен қимыл-қозғалыс іс — әрекеттеріне жағдай жасауды қарастырады.
— Балабақшада баланың дене бітімі мен психикасын, қолайлы сезінуін қамтамасыз етеді.
— Моторика, қозғалыс іс- әрекетінің түрлі қимылдарын дамытуды қамтамасыз етеді.
— Қимыл ойындары мен дене шынықтыруларын ұйымдастыруды көздейді.
— Режимнің сақталуын, режимдік процестермен шынықтыру шараларының орындалуын қарастырады.
— Мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Тыныс алу гимнастикасы:
Мұрынмен демалуды жақсартады
Жоғары демалужолдарының ауруларын жояды
Жүрек-қантамырлар жүйесін жақсартады
Жадымен көруді жақсартады
Әртүрлі неврозды жолды
Ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартады
Аяқтағы тамырларды нығайтады
Дауысты жақсартады.
Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесін оқыту
Кіріспе
XXI ғасырдағы дамыған ел – дегеніміз – белсенді , білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Н.Назарбаев
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың және дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің теориясының басты міндеті – өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.
Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке қоғамдық гигиена дағдыларын дамыту қажет.
Дене тәрбиесі балаларды ақыл – ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар.
Дене жаттығуы – дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, баланың жан – жақты жетілуіне ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынандай түрлерге бөлінеді; 1) таңертеңгілік жаттығу, 2) қимыл – қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элементі бар ойындар, 3) спорттық жаттығулар, 4) қарапайым туризм.
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері: 1) тәрбие сағаты, күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл – қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар ), 3) балалардың өз бетінше козғалу қызметі.
Жоғарыда аталған жұмыстың барлық түрі бір – бірімен байланысты және бірін – бірі толықтырып отырады. Жинақтала келіп, белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды.
Дене шынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл – қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды.
Кез келген сабақтың міндеттерін орындау, оның тиімділігі балаларды ұйымдастыру жұмысындағы, яғни негізгі бөлімнің жаттығуларының үйлесімділігі, жаңалығы, оқу материалының күрделілігі, материалдардың жабдықталуы, сабақтың өтетін орны қолайлы тәсілдерді анықтаумен байланысты.
Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі ( екі жастан алты жасқа дейін ).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу – тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтық мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20 – 25 минуттан аптасында 3рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30 – 35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл – ой жұмысын арттыру қолданады. Ол 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарда 45-50минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарынжаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданган дұрыс. Ортанғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.
Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты – қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл – қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сйымдылығын арттыруға сабепші болады. Балалардың тыныс алу жиілігі тұрақты емес, тез бұзылады. Сондықтан жаттығулар тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектеседі. Көбіне балаларды мұрын арқылы тыныс алуға үйрету керек. Ауызбен демалғанда салқын ауамен бала ауырып қалуы немесе микроб кетуі мүмкін. Дене шынықтырумен айналысу барысында баланың бүкіл денесі өсіп дамиды және жаттықтырылады.
Білім беру міндеттері – қозғалыс іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, дененің сапалық қасиеттерін дамыту, денесін тік ұстау және гигиена дағдыларын үйрету, кәсіптік білім беру.
Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл – қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі айнала қоршаған ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қаблеті дамиды. Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, әрі сенімді болады.