Просмотр содержимого документа
«Шыны?са? шымыр боласы? (сыныптан тыс ж?мыс)»
Шынықсаң шымыр боласың...
Сабақ түрі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ағза үшін шынығудың маңызы туралы әңгімелеу, түсіндіру;
Сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттырып, алған білімдерін дамыту;
Ағзаны күн сәулесімен, ауамен шынықтыра түсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру
2. Жаңа сабақ
Ой шақыру: Денсаулықты сақтаудың негізгі ережесі қандай?
І. Кіріспе әңгіме
Денсаулық адам тәнінің, жанының және рухани адамгершілігінің үйлесімділігі, оның басқа адамдармен мейрімді қарым-қатынасы.
Денсаулық табиғат заңдарына сәйкес келетін заңдылық, ал ауру – кездейсоқтық. Сондықтан ауруды емдегеннен гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңілірек.
«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» демекші, дені сау кезінде адам өзін ешқашан ауырмайтындай көреді. Деніміз сау кезде ағзамызды шынықтыру өзімізге пайдалы.
ІІ. Сұрақ – жауап
Денсаулықтың мықты болуы неге байланысты? (Оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу)
Дене тазалығына, тұрғын үй жағдайына;
Тағам өнімдерінің құрамына;
Қозғалыс белсенділігінің деңгейіне;
Киімнің маусымға сай болуына;
Шынығу мен сауығу шараларына;
Зиянды әрекеттерден аулақ болуға;
Көңіл күйге және т.б. жағдайларға байланысты.
Денсаулық сақтаудың қандай кепілі бар?
Түйін: Денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі түрлі аурулардан қорғанып, салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен, өзінің жақсы көретін ісімен айналысу болып табылады.
Денсаулықтың негізгі бөліктерін ата.
1.Дене саулығы қалыпты, дене бітімі сымбатты болып, қимыл белсенділігі жоғары, шамасы келген жұмысты істей алу қабілеті.
2. Психикалық саулық жан дүниесі, көңіл күйдің жақсы болуы, есте сақтау қабілеті, мінез құлқы тепе-теңдікте болу.
3. Әлеуметтік саулық құрбы-құрдастармен жақсы қарым – қатынаста, мұғалімдер мен ата-анасына деген дұрыс көзқарастары, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу қабілеті, өзін жеке тұлға ретінде сезіне алуы.
Денсаулықтың негізгі белгілері қандай?
Дене бітімнің жетілгендігі.
Организмнің шыныққандығы.
Салауатты қажеттіліктерге ынталануы.
Денсаулықты сақтауға бағытталған моральдік және еріктік жағдайлар.
-Енді, балалар, денсаулықты сақтаудың ережелеріне көңіл аударайық.
1.Шынығумен айналысу.
2. Артық тамақ ішпеу, ағзаға пайдалы тамақпен күніне 4-5 рет тамақтану.
3. Ой жұмысымен артық айналыспау, бос уақытта шығармашылық жұмыспен айналысу.
4. Айналадағы адамдарға жақсылық ниетте қарым қатынас жасау, күйзеліс жағдайдың алдын алу және одан шыға білу.
5. Өз ағзаңа ыңғайлы, пайдалы шынығу түрін таңдап, күнделікті онымен айналысу.
6. Жаман, жат қылықтармен әдеттерден аулақ болу.
4. Сабақты бекіту. «Хат қоржын» ойынын ойнау
Мұғалім оқушыларға «Хат қоржын» әкеліп парақтар таратады. Олар бүгінгі сабақтан түйген ойын жазып , хатты оқып, почта жәшігіне салады.