kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауатты өмір салты.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты сақтауға, нығайтуға, қалпына келтіруге ыңғайлайтын өмір салты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты өмір салты.doc»

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты сақтауға, нығайтуға, қалпына келтіруге ыңғайлайтын өмір салты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ең алдымен, залалды дағдылардан (арақ-шарап ішу, темекі, есірткі қолдану) аулақ болумен байланысты болады.

Темекі тартудың профилактикасы осы залалды дағдыдан құтылу амалдары туралы мәліметтерге негізделуі шарт.

Салауатты өмір салтының негізгі принциптерінің адам өміріндегі ролі мен маңызы көптеген зерттеулерде дәлелденген.

Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компоненттер:

  • Тиімді тамақтану,

  • Табиғатына орай қимыл белсенділігі,

  • Шынығу,

  • Психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас,

  • Тән, киім күтімі,

  • Тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану

  • Еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау

  • Денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық құлық

  • Темекіден, есірткіден, алкагольден орынсыз дәрі-дәрмектерден тартыну

  • Экологиялық жағымды /позитивті/ мінез-құлық.

Адам өміріндегі проблемаларды шешу, қайғы қасіретті біршама жеңілдету өткеруге дем беретін, бақытты табысты өмірге жеткізе алатын трансцентальды медитацияны насихаттау болады. Бұл әдіс адамды табиғат, қоршаған орта көмегі арқылы организмге әсер ететін барлық залалды факторларды, күйзелістерді аластауға өзінің ішкі күш-қуатын бағыттайды. Медитация кезінде дене керемет босаңсыған жағдайға келеді, күйзелістерді шаршағанды кетіреді.

Су емі, сауна моншаның неше түрлерін дұрыс пайдаланғанда денсаулық жақсарады, аурулардың алды алынады, өмірлік үлкен маңызы бар функциялар қуаттанады.

Салауатты өмір салты насихатын денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ әдістер аспектілерінде өткізу керек.



Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары



Отбасы

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – көп секторлы үрдіс. Салауатты өмір салтын қатынасатындар:

Нәрестеге деген қамқорлықты талап етеді.

Баламен тығыз қарым-қатынасты дамытады.

Күйзелісті өзгерте біледі.

Білімді бағалайды, қадірлейді.

Балалармен жеткілікті деңгейде уақыт өткереді.

Тәрбиелеу үрдісінде беделге жүгінбей, жанға жайлы атмосфера және жеңіл сынды өзектейді.

Қорғайды және сақтандырады.

Күтулері түсінікті.

Ересектер мен қарым-қатынаста өзара түсінікті қолдайды.

Отбасы міндеттерін бөліседі.



Мектеп

Жеке бас гигиенасының ғылыми негіздеріне және Салауатты өмір салтына үйретеді. Мақсат қоюды және табысқа жетуді, шеберлікті дәріптейді.

Оқытушыларды және оқушыларды дамытудың әлеуметтік сипатына баулиды, өзара сыйластыққа ыңғайлап үйретеді.

Өскелең ұрпақ тәрбиесінің әртүрлеріне ата-аналарды қатыстырады.

Алкаголь мен есірткіден аластатуды мақсат еткен шараларды өткізуді ұсынады. Оқушылар арасында қолайлы атмосфераның болуына жағдай туғызады.

Президент Н.Назарбаевтің Қазақстан Республикасының халқына жолдауынан: «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз өсіп жетіледі». Олар өз ұрпағының жауапты және жігерлі, әрі жақсы білім алған, денсаулығы мықты өкілдері болады.

Жасөспірімдердің физикалық және рухани денсаулықтарын сақтауға және өмірдің маңызды дағдыларына үйретуге мектептің мүмкіндігі зор.

Денсаулықты сақтау, әр түрлі аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мектепке білім беру пәндерін оқыту барысында факультативтер мен үйірме жұмыстарының негізінде іске асуда.



Садықов Сансызбай Қайырханұлы

Сарытау ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Салауатты өмір салты.doc

Автор: Садыков Сансызбай Каирханович

Дата: 03.12.2016

Номер свидетельства: 365169


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства