kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әкем, шешем және мен, біз спорттық әулеттен!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Абишев Нурбол Аскербаевич «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі»,- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да ұстаздар тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде–ақ белгілі болды. 
Мен - ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен - зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын - тәрбиешімін. Өзім ағылшын тілі пәні мұғалімімін, сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Мен, сынып жетекші, алдымда отырған жас жеткіншектерден ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретудемін. 
Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан. Мектеп -үйрететін орта,оның жүрегі- мұғалім,ұстаз мектепте басты тұлға болып қала береді, себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімді алмастыра алмайды. Менің мұғалім ретінде міндетім - жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт - бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмір сүруге күннен — күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс — тәсілдерді іздеуге итермелейді. Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп,өмір сүріңдер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын, біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әкем, шешем және мен, біз спорттық әулеттен!»


Әкем, шешем және мен, біз спорттық әулеттен!


Сауықтыру шарасына байланысты өткізілетін отбасылық, спорттық сайыстың мақсаты.

Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.

«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.

Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, скакалка.


Жүру барысы: 1) Ұйымдастыру

2) Командамен таныстыру

3) Сайыстың шарттары

4) Әзіл – қазылар алқасын тағайындау

5) Сайысты қорытындылау


Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін ата – аналар арасында ұйымдастырылып отырған « Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!

Келіңіздер көріңіздер

Тек ынта бөліңіздер

Мықты боп шынығып

Шығам деп сеніңдер - өткізіп


Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.

І. «Қыран» тобы ------------------------- отбасы

ІІ. «Сұңқар» тобы ----------------------- отбасы

ІІІ. «Барыс» тобы ------------------------ отбасы

Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық

Балабақшамыздың әдіскері:

- Әділ қазылар алқасымен ойынымыздың әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке – жеке көтеруін сұраймыз!


- Бүгінгі спорттық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады

1. «Навигатор» әкесінің басына шелек кигізіп қояды. Сосын арқасына бала мініп, кедергілердің арасымен, құлатпай жол көрсетіп отырады. Кім мәреге тез, кедергілерді құлатпай жетсе, жеңіс сол топтікі болып саналады.

Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз


2. «Секірмек» мұнда екі үлкені (әкесі мен шешесі) скакалкамен кедергілердің арасымен, құлатпай бар жылдамдықпен мәреге жетуі тиіс. Ал, қалған екі бала бірінің үстінен бірі секіріп, кедергіні айналып мәреге жетуі тиіс.

Әділ қазылар сайыскерлерімізді қалай бағалар екен?


3. «Сурет салу» Екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткен соң үйдің суретін салу тиіс. Мыс: бірі үйдің төбесін, бірі терезесін т. б.

Бұл ойынымыз қызықты, көңілді өтті.

- Ал, енді біздің сайыскерлеріміз үй қалай салады екен, бұған қазылар алқасы қандай баға берер екен?


4. «Бетпақ дала» Бұл ойынымыздың шарты, бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай кедергілердің басына дейін барып, жеңіс мерекесіне шеңберді белдеріне киіп бар жылдамдықпен жетуі тиіс.

- Ал, енді батпаққа батпай жеткен сайыскерлеріміздің бағасын берейік


5. «Кенгуру» бұл ойынымыздың шарты доптың үстіне отырып, кедергінің арасымен, құлатпай айналып, жеңіс мәресіне жетуі керек. Келген соң математикалық есеп шығарылады.

Ал, кішкентай балалар орындалысы пішініне қарай айыру.

- Сайыскерлеріміз қандай баға алар екенбіз деп үмітпен қарауда.

- Құрметті көрермендер «Әкем, шешем және мен» атты спорттық спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.

- Әділ қазылар шешімін шығарады

«Өзбек» биі орындалады.

- Сөз кезегін әділ қазылар алқасы Ақмарал апайға береміз.

- Міне бүгін денсаулық кепілі спорттық отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Жеңісті күндерде жолыққанша!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әкем, шешем және мен, біз спорттық әулеттен!

Автор: Абишев Нурбол, Тасилова Нагима

Дата: 12.02.2017

Номер свидетельства: 390782


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства