kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Хан дойбысы-бабалар м?расы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?мытылып бара жат?ан ойын т?рлерін д?ріптеу, «Хан дойбысын» н?сихаттай отырып, респуликалы?, ?лемдік де?гейге к?теру. ?ытайды? арзан ?ол ойыншы?тарына со??ы беру, ?лтты? ойын т?рлерін жа??ырту; Міндеті: Зерттеу м?селесіне байланысты ?аза?ты? ?лтты? ойындары жайлы ма?л?маттар жинастыру, ауылымда?ы ?арт адамдармен пікірлесу.?з ауылыма сауалнама ж?ргізе отырып, «Хан дойбысын» ?йрету. ?зектілігі:Хал?ымызды? ?лтты? ойындарыны? бірі «Хан дойбысын» елімізге ?айтадан н?сихаттап, ?лемдік денгейге к?теру; Шы?армашылы? ж?мысымды ар?арай жал?астыра отырып, ?лтты? ойындарымызды жа??ырту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Хан дойбысы-бабалар м?расы »

Тақырыбы : «Хан дойбысы» - бабалар мұрасы

Мақсаты: Ұмытылып бара жатқан ойын түрлерін дәріптеу, «Хан дойбысын» нәсихаттай отырып, респуликалық, әлемдік деңгейге көтеру. Қытайдың арзан қол ойыншықтарына соққы беру, ұлттық ойын түрлерін жаңғырту;

Міндеті: Зерттеу мәселесіне байланысты Қазақтың ұлттық ойындары жайлы мағлұматтар жинастыру, ауылымдағы қарт адамдармен пікірлесу.Өз ауылыма сауалнама жүргізе отырып, «Хан дойбысын» үйрету.

Өзектілігі:Халқымыздың ұлттық ойындарының бірі «Хан дойбысын» елімізге қайтадан нәсихаттап, әлемдік денгейге көтеру; Шығармашылық жұмысымды арқарай жалғастыра отырып, ұлттық ойындарымызды жаңғырту.

Тәуелсіздік –халқымыздың бостандығы

мен дербес даму жолындағы сан

ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

Н.Ә Назарбаев.

Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде , тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт- азаттық көтерлістерге шыққаны – осының дәлелі. Тәуелсіздігімізге жету үшін ата- бабаларымыз халықтың басына сұрапыл күн туып «ат ауыздықпен су ішіп», «азамат етегімен су кешкен» кезеңде тоз-тоз болған елдің етек-жеңін жиып, басын құрып, халық мүддесін қорғаған қаһармандар да табылды. Олардың басты арманы халықтың бостандығы ,азаттығы еді. Ел жұрт бірлігін ойлап, жалпыға тіреу болған билер мен қол бастаған батырларымыз қаншама. Мұнан 20 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы-Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата- бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.Арманы асқан еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарқын болашаққа , кемел келешекке бастап келді .Өз ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата –бабаларымыз өз бойындағы асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы жалғастырды, өлең жырмен насихаттады. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен ұлттық өнерін үйреніп,асыл қасиеттерді бойымызға сіңіру біздің басты мақсатымыз. Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын түрлерімен таныстым. Соның бірі . "Хан дойбысы" осы ойынды қайта жаңғыртып , зерттеуге шығармашылық жоба арқылы , халқымыздың дәстүрі, ұлттық ойын түрлерін келер ұрпаққа кіршіесіз жеткізу әр адамзат борышы деп білем.Еліміздің болашақ иелері біздер болғандықтан жан -жақты білім алып, дінімізді, мәдениетімізді, ұлттық қазынамызды терең зерттеп, еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосу бүгінгі заманның басты талабы. "Хан дойбысы" өзге ұлт өкілінің қолына кетіп қалмасыншы деген оймен осы жобамда" Хан дойбысы " қазақтың ұлттық ойындарының бірі екеніне зерттеу барысында көзім жетті .Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап , артынан тіпті насихатталмай жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды.Ұлттық ойынды дүниеге әкелген біздің бабалар болатын. Алайда бүгінде ұлттық құндылықтарымыз қолды болып, бөтен елде жаңаша сипат алып жатқаны қатты қынжылтады. Ал бұл жағдайды келер ұрпаққа қалай түсіндіре аламыз?. Менің ойымша аманатқа қиянат жасау.Көкпар ойынына Қырғыздар қырын салып жатса Қазақша күреске Өзбектер кенеше жабысып алса, ұлттық ойынымызды осылайша тараң-таражыға салып аламыз ба? –деген ой мені қатты мазалайды. Құдайға шүкір, Тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз қайта жандану жолына түсті. Олимпиада деңгейіне көтерілу үшін «тоғыз құмалақ» пен «қазақша күрес» ойыңдарын таңдап алды.Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеде-ақ білген.Алғашқы қауымдық құрлыс , ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды . Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көргені театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлттық ойындар еді. «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді.Онымен бірге жас өспірімдер ойын ойнаған кезде көпшіл , Отаннының болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады Бала жасында ойнаған әр түрлі ойындардың әсерінен болашаққа мүсінді, дені сау, қоғамның қиыншылығына төзімді болып шығады Тәуелсіздігімізге ие болғанымызға биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік саханаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Еліміздің тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан уақытта, жас өркенге ертеңгі қоғам мүшесі ретінде бала қиялымызды самғатып арманымызды көкке ұмтылдырудың маңызды екенін көрсетеді.Осы арман, қиялымызды үлкен жауапкершілікті жүктетеді. «Қазақтың ұлттық ойындарының» жанашыры Ізбасар Оразбақұлы «Қазақтың ұлттық ойындарын настхаттауды ең алдымен өзімізден бастау керек» деген .Осы бір сөзде үлкен мән жатыр.Өз болмысымызды алдымен өзіміз түбегейлі танып білуіміз керек .Абайдың өнегесі ,өмірі қазақпын деген әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзін білген адам үшін өнеге өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтсақ « Адам болам десеңіз, Абай жолымен жүріп, ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре білген жөн» Этнографтарымыздың айтуы бойынша, қазақта 200- ден астам ұлттық ойын түрлері бар көрінеді.Ұлттық спортты ұмыт қалдыруға болмайды . Баға жетпес құндылығымыз деп біздер осы ұлттық ойындарымызды айта аламыз .

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді.

  • Аңға байланысты

  • Малға байланысты

  • Түрлі заттарға байланысты

  • Табиғатқа байланысты

  • Ақыл –ой қабілеттерге байланысты

Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыған Мәселен, әр түрлі қимыл –әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келер жас өспірімдерге қалды.Себебі үлкендерден көргенін бала да күн ұзақ далада, үй ауласында ермек етеді. Біздерге белгілі, малмен жүрген көшпелі руларды киіз үйден басқа баспананың болмағандығынан тек ашық алаңдарда ғана ойналатын ұлттық ойындар көп.

-ақ сүйек

-алты бақан

-айгөлек

-арқан тартыс

-көк сиыр

-соқыр теке

-түйе-түйе

-белбеу тастау

-қос құлақ

-манданақ

-түйілген шыт

-ақ байпақ

-ақшамшық

-ақсерек-көксерек

-бұрыш

-көрші

-шалма

-шертпек

-шымбике

-айдап сал

-қарамырза

-сиқырлы таяқ сияқты т б ел ішінде тараған осындай ұлттық ойындар бар. Әр ойынның өз орыны және мағынасы бар.Мысалға алатын болсақ «ақ сүйек ойынын ымырт кезінде ойнайды сол сияқты әр ойының өз қасиеті атаулары болған.Соңғы деректерге қарағанда ұлттық ойынның шығу тарихы 4мың жылдық кезеңді қамтиды.Ал кейбір мамандардың айтуынша оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін.Қазақтың ұлы ойшылы өз заманында ұлттық ойындардың дамуы мен жаңғыруына да мұрындық болған. Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде оның ұлттық ойындардың дамуына жасаған қамқорлығы шет қалып келеді. «Тоғыз құмалақ ойынын Абай атамыз бір айда екі күн ,екі түн тапжылмай ойнаған және шебер ойыншының бірі болған.Ел ішіндегі «тоғыз құмалақшылар» бас қосып сайысқа түскен жеріде Абай ауылы болған екен.Жарысты ұйымдастырушы Абайдың өзі болған. «Тоғыз құмалақ ойынынан Абайды еш қандай адам жеңе алмаған екен. Ел ішідегі деректерге қарағанда Құду деген шебер дойбышы болған дейді. Ол адам шен құмар, өзімшіл тәккаппар ,ақылы аздау адам көрінеді. Абайдың ауылына келіп, Абайды жеңу мақсатында «хан дойбысын» ойнапты «Хан дойбысын» баяғы бағыз заманнан бері хандардың, билердің, бектердің ел басқару мемлекет құру кезінде ақалдарын сын түрінде сынайтын ойын. «Хан Дойбысы соншалықты уақыт аралығында өз иесінен алыстап кетуіне де түрлі себептер бар. Өйткені бұл ойын тек хандар арасында ғана нәсихатталған .

1-сурет

1-суретте тайпаның « ханы» мұнда оюы басқаша және есігі бар бұл «Хан дойбысының» жүрісі тек ұзын жолмен ғана жүреді, себебі өзінің артандағы билерін қорғауы керек егер қарсыласы бір биді ұтып алса (жеп қойса) онда ол келесі тайпаға бірігеді. Жүріс соңында 6 киіз үй қалса онда ол беріліп тайпаға қосылады.

2-сурет

Ал мынау « Хан дойбысының» «биі» онда есігі жоқ ою-өрнегі басқаша. Мұн

Хан биді қарсыласыннан қорғайды.

3-сурет

3-суретте «Хан дойбысының» тақтадағы көші, мұнда 12 көш болады. Мұнда шахматтан айрымашылығы Ханды басқасы қорғайды .Егер «хан» ұтылса онда «мат» болады.Ал дойбыдан айрмашылығы жай дойбы көші «Би» болады. «Хан дойбысының айырмашылығы «Хан» елін жерін қорғайтын,ал Билері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ауыз бірлікте болады.

Ұлттық ойындарымызда «Ханға» байланысты бірнеше ойындар бар. Ол ойындардың ойын тәсілдері әр түрлі болған.

«Ханталапай»

«Хан жақсыма»?

«Хан дойбысы» деген ел ішінде тараған ұлтық ойын түрлері бар. Мен тақырыпқа деген қызығушылығым оянып, өз беті

«Хан дойбысына жасауға жұмсалған шығына тоқталатын болсам:

Керекті материалдар

бағасы

1

Таспа 2м

350тенге

2

Жұқа киіз 2м

2800тенге

3

Ақ материал 1м

200 тенге

4

Қызыл пүлісш 0,5м

300 тенге




Зерттеу кезіндегі жобаның бағыт негіздері

Сұраныс





Бағасы

Ойын

түрлері



дд

«Хан дойбысы»







Жарнама

Әсері



адамға

Сапасы







«Хан дойбысының» көштері (тастары) 24 киіз үй





Жасалу реті



1-сурет киіз үйдің асты (астынғы бөлігі)







2-сурет киіз үйдің керегесі ( орттанғы бөлігі)











3-сурет Киіз үйдің уықтары (үстінгі бөлшегі)





Өз ауылыма «Хан дойбысын» таныстырып , ойынға деген қызығушылықтарын оята білдім.













Қарабас кентінде жүргізлген сауалнама

Мира көшесі бойынша 50 отбасына кірдім. Мұнда 30 отбасы ойынмен танысып ойнағысы келетінін білдірді .

Жұмысымды қортындылай келе, еліміздің экономиқасы дамыған алып мемлекеттер қатарына қосылуы ,ертеңгі салиқалы да зерделі білім алған жастарға байланысты екені түсінікті. Адам өз өмірінде ойлаған мақсатына тек адал еңбегімен жетеді. «Хан дойбысын сыныптар арасында жетекшіммен ақылдасып сайыстар өткіздім. Онда жеңімпазды анықтадым олар ; Тілеухан Орынбасар, Науан Таңжарық, Құсайынов Мақсаттар жоғары денгейде өздерін көрсете білді.Осыдан қорытындылағаным балалардың қызығушылығы өте жақсы болды. Ары қарай осы ұлттық ойын түрін аудандық, облыстық, республикалық тіпті әлемдік деңгейге көтеру керек деген ұсынысым бар.Тіпті қытайдың арзан қол ойыншықтарымен болашақ қазақстандықтарымызды уландырғанша,осындай таза, табиғи ұлттық ойындарымызды нәсихаттай отырып, неге дүкендерге шығарып саудаламасқа деген ойлар мені толғандырады.

Менің болашағым әлі алдымда.



Қолданған әдебиеттер

1 Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы Қазақстан 1978ж

2.Қасиманов С. «Қазақ халқының қол өнері» Алматы Қазақстан 1995 ж

3.Қасен. О «Қазақтың ұлттық қол өнері» Баян*Өлгей 1985ж

4.История искусстова Казахстан 2006 год

5.Бүркітбай Аяған.Қазақстан ұлттық Энциклопедиясы 9томдық

6.Қазақстан әиелдері
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Хан дойбысы-бабалар м?расы

Автор: МАУЛИЙ АЯНБЕРГЕН

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 178129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства