Халықаралық стандарқа сәйкес ер балаларды әскерге дайындау кезіндегі тәжірибе
Халықаралық стандарқа сәйкес ер балаларды әскерге дайындау кезіндегі тәжірибе
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шындап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету- бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.
Біздің қоғамда білім беру мәселесі бірінші орында болып, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болады деген түсінік қалыптасып қалды да, тәрбие мәселесі соңғы жылдарда әлеуметтік-экономикалық қыспақтардың салдарынан кенжелеп, тіпті оған селқостық таныту деген белең алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің Республикалық съезінде атап көрсеткендей, оқыту мен тәрбиелеудің бір-бірінен ажыратып қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікке себеп болды деді.1 Міне, осы кері кетушілікті атап айтқанда, оқу мен тәрбиенің ара жігіндегі кері кетушілікті (жетіспеушілікті) қалыптастыруды жаңа білім беру жүйесі қолға алып отыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Халықаралық стандарқа сәйкес ер балаларды әскерге дайындау кезіндегі тәжірибе»
Халықаралық стандарқа сәйкес ер балаларды әскерге дайындау кезіндегі тәжірибе
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шындап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету- бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.
Біздің қоғамда білім беру мәселесі бірінші орында болып, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болады деген түсінік қалыптасып қалды да, тәрбие мәселесі соңғы жылдарда әлеуметтік-экономикалық қыспақтардың салдарынан кенжелеп, тіпті оған селқостық таныту деген белең алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің Республикалық съезінде атап көрсеткендей, оқыту мен тәрбиелеудің бір-бірінен ажыратып қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікке себеп болды деді.1 Міне, осы кері кетушілікті атап айтқанда, оқу мен тәрбиенің ара жігіндегі кері кетушілікті (жетіспеушілікті) қалыптастыруды жаңа білім беру жүйесі қолға алып отыр.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі тәрбие берудің ерекшелігі- тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана шектеліп қоймай, жалпы адамзаттық және өркениетті дамыған мемлекеттердің озық жетістіктерін, мәдениетін т.б. адамгершілік құндылықтарын игеру арқылы тұлғаның жан-жақтылығын тәрбиелеу. Әрине, айтылған мақсатқа жету үшін, мектеп ұжымы (пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, медбике, психолог, т.б) оны іске асыру үшін ортақ іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жетуге болады.
Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығын игерген, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік ортамен арақатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған өмірге тәрбиесіз араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың әрі қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек.
Осы жағдайда мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі-құқықтық тәрбие ісін барынша күшейте түсу.
Оқу- тәрбие процесінде арнайы жүргізілетін құқықтық тәрбиенің алдына қоятын мақсаты: біріншіден, жасөспірімдерді еліміздің заңдары мен құқықтық тәртіпті шексіз сыйлау рухында тәрбиелеу; екіншіден, мемлекет пен қоғам ісіне
саналы түрде белсенділікпен қатысып, Отанымызды қорғауға дайын, еліміздің
1-Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал. 12 жылдық білім 2006ж №8– 38 бет
материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті адамдарды тәрбиелеу.
Бұл мақсатты іске асыруда құқықтық тәрбиенің алдына мынадай талаптар қойылады.
1.Оқушыларға мемлекетпен құқық жайлы білімдерді меңгерту; Құқықтық білімнің алғашқы негіздері мектеп Уставына, оқушылардың мінез-құлық ережелерінде яғни олардың құқық пен міндеттері туралы құқықтық нормалары бар. Осы құқықтық нормалар төменгі сыныптардан бастап оқу-тәрбие үрдісінде таладанады.
2.Жас буындардың мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру. Мемлекеттік заңдардың демократиялық мәнін ашып, республика Конституциясында бекітілгендігін дәлелдеу.
3.Жас буындардың мінез-құлықтарымен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие арқылы оқушылар жүріс-тұрыстарына басшылық жасауға дайын болуы қажет. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын азаматтарды тәрбиелеу.
4.Біздің қоғамымыздың азаматы патриот және халық үшін қызмет жасайтын тұлға болуы керек. Сондықтан, құқықтық тәрбиенің міндеті- жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу.
Сонымен бірге, құқықтық тәрбиенің негізгі мәні-қоғамдағы маңызды қатынастарды реттей отыра, оған пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғызып, ал зиянды қатынастардан шеттей отыра, одан қорғайды.
12 жылдық білім беруге қажеттігі еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді көздейді.
Жас ұрпаққа білім берумен қатар, өздерінің құқықтарын жете түсіндіріп, олардың өз құқықтарына нұсқан келген жағдайда, қорғана білуіне баулуымыз керек.
Әр баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда баланың құқығына шектеу болатын негіздер мен себептерге жол бермеу мақсатында оларға Конституциямен, Заңмен қорғалатын құқықтарын жете түсіндіруіміз қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 1 тармағында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», ал екінші тармағында: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп жазылған.2
Бүкіл әлемде балалардың жағдайлары туралы көрсеткіштер сын көтермейді. Олардың арасындағы қылмыс статистикасында да өзгерістер бар, қылмыстық жауаптылыққа тартылған балалар саны өсуде, олардың арасында наркодиспансерде есепте тұратындар қаншама. Бала өлімінің деңгейі жоғарылауды, олардың денсаулық дәрежесі көптеген проблемалар туғызуда.
Сондықтан 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 54 баптан тұратын «Балалардың құқығы туралы » Конвенция қабылданды.
2 - Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал. 12 жылдық білім 2006ж №7– 37 бет
Конвенция бойынша бала «Жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі» ретінде қаралады. «Бостандық», «заңды мүдде» және «құқық» деген түсініктер балаға да тікелей қатысты. Бала құқықтарының халықаралық дәрежеде қорғалуы туралы бұл құжатты- әлем құқық мәдениетінің алға бір қадам басқандығы деп бағалауға болады.
Қазақстан Республикасы Конвенцияға қосылды. Соның нәтижесінде жаңа тұрпатты, балалардың құқын мейлінше қамтыған 1998 жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы қабылданды. Осы заңның 9 тарауы «Баланың құқықтары» деп аталады. Заң бойынша 18 жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруге және тәрбиелеуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Баланы өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез-келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. 16 жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Баланың ат (есім) алуға, әкесінің атын және тегін (фамилиясын) алуға құқығы бар. Оған ат (есім) ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты- жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.
Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әр түрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт (төлқұжат) берілген кезде әкесінің не шешесінің ұлтымен айқындалады.
Бала өзінің ата-анасының және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Олар- алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының билік жетуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Оны құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орындағы адамдар) және заңдарда көзделген реттерде қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор, сот жүзеге асырады.
14 жасқа толған баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде сотқа өз құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымда адамдарды және өзге де азаматтар ол жөнінде баланың тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті және ол орган баланың құқықтарын қорғауға қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Мектеп мұғалімдері «ескірген педагогтық тәсілдерін» қолдануды доғарып, балалардың жан-жақты дамына кедергі келтірмей, «жеке тұлға» белсенділігін қалыптастыруы керек.
Құқықтық мемлекет құру мәселесі- баланың құқына аса мән беруді қажет етеді, өйткені олар- еліміздің болашағы.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы- тәрбие. Тәрбие дегеніміз- аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар озық тәжірибесі, үлгі- өнегесі, әдет- ғұрпы, рухани байлығы болса, халық педагогикасы- қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өлмес мұрасы.
Баланың қалай өсетіні: ары бар, адал дос, жер бетіндегі жақсылық атаулы үшін күрескер болып шығатыны немесе өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан-ашық зұлым адам болып шығатыны көп ретте мұғалімнің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты.
Ертеңіміз - жастар. Жастар - жас шыбық, қалай исең, солай иілуге әзір. Шығыстың ғұламасы Саади: «Жасыл өркенді түзету - оңай, ал қураған ағашты отқа жағады», - дегендей, жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.
Бүгінде тәрбиеге салғырт қарап, жете мән бермеуіміз қадір- қасиетімізді, ұлттық этикамызды, рухани байлығымызды жоғалтуға себепші болып отыр. Оны: - бауыр етін кесіп беретін бауырмалдығымыз, жаңашылдығымыз қожырап, тас бауырлыққа;
- ақиық ақындығымыз бен шешгендігіміз тілден безген дүмшелікке, шала тілділікке;
- аталы да асыл тұқымды тектілігіміз тексіздікке;
- кең жайлауда құмартып ішетін қымызымыз сұрап, тіпті құлап ішетін маскүнемдікке;
- ашық қолды аңқылдаған жомарттығымыз жоқшылыққа, қара бастың қамын күйттеген тоғышарлыққа;
- жасы үлкендерге көрсетілген ізеттілік пен құрмет, дөрекілік пен көргенсіздікке;
- қайырымдылығымыз бен қамқорлығымыз, қатыгездік пен қаражүректілікке;
- намыстылығымыз жалғандақ пен жәдігөйлікке;
- мырзалығымыз бен мәрттігіміз бақ таластық жарастырған даңғойлыққа;
- саналы, сауатты өмір салтымыз нашақорлық пен жезөкшелікке;
- ұлтжандылығымыз опасыз алаяқтылыққа орын бергенінен көреміз.
Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де – аздырып тоздыратын да қоғамдағы тәрбие жұмысы. Жүйелі ұлттық адамгершілік тәрбие болмаса, халық бір- бірінен рухани үлгі көрмесе адам баласы бір-біріне ақыр заман әкелуі мүмкін: Отбасының әрбір мүшесі өзіне тиісті орнын білуден, рөлін атқарудан, яғни, әке әкедей, аға ағадай, іні інідей, тіпті ана анадай болудан қалды. Осының барлығы жас ұрпақтың ұлпа жанына ұялап, миына қонып, тіпті уландырып, көңіліне, өміріне берік орнығуда.
Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол бермеуде, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда, ағайын туыстардың- ауыз біршілігін орнықтыруда әкелердің ықпалы ыдырап, үлкендердің тыйым салмауы мен өмірге баулумауынан небір өрескелдікке жол беріліп отыр.
Үй иесі үйіне игі жақсылар келгенде ұлдарын босағаға шегелегендей отырғызып қоятын болған. Ел тағдырын, дау- дамайын, ел есесін қарусыз- ақ сөзбен басқарған жақсылардан тағылым алсын, дуалы сөздер естісін деп, көрегенділікке баулып, әрі елінің арғы-бергі шежіресін, ақылын, көсемсөзін, жөн-жосығын, заңы мен ерекшеліктерін таныстырып отырған.
Халықтық педагогика- тұнып тұрған асыл қазына, өсиет, өнеге, білім, тәрбие. Әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы бар. Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.
Ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады. Көргенді ұрпақтан, көреген дана халық тарайды. Міне, сондықтан да ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы зор міндет.
Қазақстанның дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару- қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет- тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты патриоттық қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
Қорыта айтқанда Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері алдына қойылған міндеттерді бұлжытпай орындай алады деп сенімді түрде айтуға болады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал 12 жылдық білім /2006ж №7 34,37 бет/
2. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал 12 жылдық білім /2006ж №8. 38 бет/
3. Шаймерденов Т.Р, Боранқұлов М.Г. Тәрбие тағлымы. Павлодар- 2002
4. . Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал №1 2004