kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене жатты?уларын орындау ?дістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дене жатты?улары — белгілі бір ма?саттар?а жетуге (?оз?алыс міндеттерін шешуге) ба?ыттал?ан ?здіксіз бір-бірімен байланыс?ан ?оз?алыс ?имылдарыны? жиынты?ы. Жарысты? спортты? жатты?уда ?оз?алыс ?рекеттеріні? т?тасты?ы барынша жо?ары спортты? н?тижелерге жетуге ба?ытталган.

Дене жатты?уыны? е? к?бірек жалпы физиологиялы? жіктелуі сол жатты?уды орындауга ?атысатын еттер белсенділігіні? ?ш негізгі сипаттамасыны? б?лінумен:

1.   белсенді еттер салма?ыны? к?лемімен;

2.   еттерді? жиырылу т?рімен (статикалы? немесе динамикалы?);

3.   жиырылуды? к?шімен ж?не ?уаттылы?ымен байланысты.

Белсенді еттер салма?ыны? к?леміне байланысты дене жатты?уын шектеген (жатты?уларды орындауга б?кіл ет к?леміні? ?штен бірінен азыра? ?атыс?андар); айма?ты? (жатты?уларды орында?ы б?кіл ет к?леміні? жартысынан астамы ?атыс?анды) деп б?лінеді. Спортты? жатты?уларды? басым к?пшілігі оны? ау?ымына байланысты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене жатты?уларын орындау ?дістері »

Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталган.

Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:

  1. белсенді еттер салмағының көлемімен;

  2. еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);

  3. жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.

Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар

  1. статикалық және

  2. динамикалық болып бөлінеді.

Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады.

Дегенмен де дене жаттығуының көпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру, жузу) болады.

Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық - күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді. Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық немесе динамикалык режимде керініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды. Күшті барынша кеп көрсетумен басты жаттығулардың ең жоғары ұзақтығы бірнеше секунд ғана құрайды. Үлкен қуат жұмсау, яғни салыстырмалы түрдегі үлкен күш пен жиырылу шапшаңдығы бір мезгілде көрінетін динамикалық жаттығулары шапшаңдық - күштілік жаттығулары болып табылады. Еттердің барынша жоғары қуаттылығын, жалпы қуаттылықтың 30-50 % -ын құрайтын (статикалық күш) сыртқы қарсылықтар кезінде дамытады. Күшпен жиырылатын еттер қатысатын жаттығуының ең көп ұзақтығы 3-5 сек. 2 минут аралығында болады. Шыдамдылық жаттығуына қимылды іске асыратын еттердің негізгі тобы жұмсалатын күш пен жиырылу шапшаңдығы онша кеп болмай, дамытатын жаттығуды, бірақ оларды қалпына ұстауға және бірнеше минуттен бірнеше сағаттарға дейін қайталауға болатындарды жатқызады.[1]



Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі

Жоспары:
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).

1. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
•  арақ ішпе, темекі тартпа;
•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

Әдебиеттер:
1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.



Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділіг
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы қазақша ашық сабақ Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы қазақша ашық сабақ Жоспары: І. Кіріспе Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру ІІ. Негізгі бөлім Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі ІІІ. Қорытынды І. Кіріспе Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. [1.4] Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:[3.4] - Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; - Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: - белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; - дұрыс жыныстық тәрбие алу; - зиянды әдеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр: - әлеуметтік – экономикалық жағдай; - отбасындағы психологиялық орта; - жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б. Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.[2] ІІ. Негізгі бөлім Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Өзімнің 9-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. [3.5] Олар мыналар: - Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; - Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; - Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу; Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру. Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді. Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады. Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда Бұдан қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында: Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету. Оқушының «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет. Оқушының «Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет. Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. ІІІ. Қорытынды Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым; 1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру. 2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану. 4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету. 5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру. 6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру. Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек. Жұмысымның нәтижесінде: 1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады. 2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді. 3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады. 4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991. 2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы 3.«Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж. 4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264. 5. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1968-1.html



Оқушыларды мектеп қабырғасынан спорттың немесе өнердің бір саласын меңгеріп шығуға міндеттеу керек пе?

Алмас ӨТЕШОВ, Лондон Олимпиадасына қатысқан ауыр атлет: 
– Спортшының кәсіби жолы тым ерте басталады. Кішкентайынан спортқа ден қоймаса, ол баладан жоғары нәтиже күте алмаймыз. Сондықтан мен бұл сұраққа ойланбастан оқушыларды мектеп қабырғасынан спорттың бір түріне міндеттеу керек деп жауап беремін. Алайда біздегі ауыл мектептері, ауылдағы спорттық үйірмелер Олимпиада чемпионын даярлап шығатындай дәрежеде емес. Мысалы, көзінде оты бар, келешекте бүкіләлемдік дүбірлі додадан жүлде әпереді-ау деген дарынды бала ауыл көлемінде қалып қойса, қазақ спорты үшін үлкен соққы болады. Сондықтан талантты ұл-қыздарды қаладағы спорт мектеп интернаттарына алып кетуге мәжбүрміз. Қалалық мектептерде жағдай сәл тәуірлеу. Бүгінде менің ізімді басып жүрген ауылдағы інішектерді қалаға алып келдік. Бар ойымыз – олардың әлеуетін арттыра түсу. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жас жеткіншекті спорттың бір түріне баулу туралы идеяларыңыз керемет. Бірақ барлық бала талантты емес қой. Соны да естен шығармайық. 
Нұржан ЖАНҒАЛИЕВ, дене шынықтыру пәнінен Ақтөбе облысындағы ауыл мұғалімі: 
– Мұғалім ретінде сізге мынадай мысал айтайын. Мектепте нашар оқитын бала жастайынан техника тіліне әуес болып, тез меңгереді. Бірақ көліктің құлағында ойнайтын баланы біз «химия, математика, физиканы білмейсің» деп жатып кеп сөгеміз. Ал аталған пәннен үлгерімі жақсы оқушы техниканың қыр-сырынан хабарсыз болуы мүмкін. Мектеп – болашақ ғалымның, өнертанушының, әртістің, спортшының іргетасын қалайтын жер. Сондықтан болашақ чемпионды да мектептен бастап тәрбиелеуді қолға алу керек дегенді құптаймын. Әлемдік спорттың көшін бастап тұрған Қытайдағы спорт саясатына қызығамын. Балаларды жастайынан интернаттарға алып кетіп, біраз жылдан соң әлемді аузына қаратқан спортшыны даярлап шығады. Мұндай жүйе бізге де қажет деген пікірдемін. «Баланы – жастан» деген... Бірақ мектеп кезінен спорттың бір саласына дайындауды жолға қою қиын соғуы мүмкін. Себебі біздегі денешынықтыру пәніне деген көзқарас әлі дұрыс жолға түспей тұр. Ауыл спортының жағдайы айтарлықтай. Кеңес үкіметінен қалған құрал-жабдықтарды пайдаланып жүрген мектептер баршылық. Сіздің сұрағыңыз орынды, бірақ бұл мектеп бағдарламасында қарастырылмаған. Арнайы оқытатын мектептер болса, әңгіме бір бөлек. Меніңше, мектеп қабырғасында толыққанды спортшы қалыптастырып шығу қиын болғанымен, жас балаға бағыт беріп, бір үйірмеге қатыстыруды қоғам болып қолға алу керек. 
Сұлтанмахмұт ШОҚБЫТОВ, белгілі спорт қайраткері: – Әрине, міндеттеу керек. Қазір біздің қоғамда бір нәрсені шегелеп тұрып айтпасаң, өз еркімен спортқа, қоғамдық қызметтерге бет бұратын адамдар аз. Сондықтан да мектеп кезінен спортқа немесе басқа үйірмелерге беріп, баулу керек деген оймен келісемін. Бірақ бұл жерде тек біржақты ойға берілмейік. Егер мектеп оқушыларын спорттың бір саласын толық меңгеріп шықсын десек, оларды қызықтыра білейік, оларға бар жағдайды жасайық, спорттық құрылғылар мен спортзалдарын көбейтейік. Жан-жақты мамандарды да мектептерге бөліп тастайық. Осыдан соң ғана мектеп оқушыларынан нәтиже күткен дұрыс. 

***** «Алаш айнасы» басылымынан, 12-қазан, 2012 жыл.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ

«Табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге нәр береді,бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады»
 

Ұлы славян педагогы Ян Амос Каменский.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 »атты халыққа жолдауында:«Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Осындай алға қойылып отырған міндеттерді жүзеге асыруға дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі мен спорт шешуші рөл атқарады.
Дене тәрбиесі-адам денесінің оның қимыл қозғалысының сапасын арттыруға арналған тәрбиенің бір түрі.Осы арқылы адамның педагогикалық, қоғамдық, табиғатты тану сияқты рухани қажеттіліктері өседі.ХІХ, ХХ ғасырларда өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары- А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Е.Букин, М.Бабажанов, А.Байтұрсынов, С. Мұқанов өздерінің шығармаларында жас ұрпақтың дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді, адамның дене бітімінің дамуына, халықтың сана-сезімінің көтерілуіне ықпал жасайтындығын жазды.
Дене тәрбиесі-тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы, баланың денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл–ойын арттырады.Мұғалімнің немесе жаттықтырушының басшылығымен күнсайын дене шынықтырумен айналысып жүрген жасөспірім тек қана денсаулығын жетілдіріп қоймайды. Сонымен қатар адамгершілік рухта тәрбиеленеді. Мұғалім күнделікті сабақтарда да оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыруды жолға қойып, балаларға дұрыс бағыт бағдар көрсетіп отыруы тиіс. Еліміздің келешегі, осы жастарымыздың қолында.Осы жас ұрпақтың дене тәрбиесінен жалпы білімінің болуы, олардың ой-өрісін жан-жақты дамытумен бірге, кездескен қиыншылықтардың қандайын болса да жеңіп шығуға дағдыландырады,коллективте қатаң тәртіп сақтау ережелерін орындау дағдысына тәрбиелейді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі-белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды өзара белсенді болуға үйрету,сабақты жақсы меңгеріп алуы үшін тиімді әдістердің бірі.Ол үшін мұғалім оқушылардан берілген қандай да болса тапсырманы табандылық пен орындауды,өздігінен жұмыс істей білуді, ұйымшылдық пен белсенділікті талап етеді.Жеңіл атлетика,дала жарысы, спорт ойындары,суда жүзу,ұлттық ойындар,гимнастика сияқты спорт түрлерін тек қана практика жүзінде үйренгенімен қоймай,бұл ойындардың ережесі туралы өзбетінше ізденіп, пайда болу тарихына үңіліп, Дүниежүзілік және Қазақстандық спорт қозғалысынан хабардар болу сияқты тапсырмаларды орындап, сабақтан тыс кезде сайыс сабақ, «Дөңгелек үстел», «Дене тәрбиесінің тарихы» апталығы, «Көңілді старттар», «Тоғызқұмалақ –үш күндігі», «Былғары доп» сияқты іс-шараларды өздері ұйымдастырып өткізе алады. Мұғалім олардың жұмыстарын орындауын бақылаушы және кеңесші болады. Оқушылардың «Дене тәрбиесі-адамды қалыптастыратын пән» атты тақырыпта сайыс түрінде ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жоспары төмендегідей болды:
Сынып үш топқа бөлініп,әр топ өзіне топ басшысын тағайындайды.Топқа ат қойылып, төсбелгі жасайды.Әр топ өзінің ұраны мен бастап, топ мүшелерін таныстырады.
Сайыс ережесі:
А.Сәлемдесу, таныстыру
Ә.Берілген тақырыпта баяндама қорғау
Б. «Бәйге» сұрақтары
В.Гимнастикалық жаттығу немесе аэробика көрсету
Г. «Тұлғаны танып біл!»
Д. «Жас төреші» 
Ж.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді бағалау
Қ.Қорытынды.
Топтарға сайыс ережесін алдын ала беріп қояды.Баяндама дайындау керек тақырыптардың тізімі мұғаліммен бірігіп жасалынып қояды.Топтар ішінен тақырыпты таңдап алып,дайындала бастайды. Мысалы: «Қазақтың ұлттық спорт ойындары», «Үстел теннисінің ережесі», «Баскетболдың тарихы», «Бадментон – қызықты ойын», «Азиада және Қазақстан» «Қазақ даласының батыры» т.с көптеген тақырыптарды ұсынуға болады. «Бәйге» сұрақтары үш топқа түрлендіріліп қойылды.Мысалы:
1. «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ алған қазақтың даңқты чемпионы кім?
2. Қазақстанның дене тәрбиесінің Жоғары кеңесі қашан құрылды?
3. Ең алғаш Бүкілқазақстандық спартакиада қай қалада,қашан өткізілді?
4. Волейбол сөзінің мағынасы?
5. Қазақстанда ең алғаш ашылған дене тәрбиесі техникумы?
6. Тұңғыш рет «Спорт шебері» атағын алған боксшымыз?
7. ҚР «Дене тәрбиесі және спорт туралы»заң қашан қабылданды?
8. Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері қайсылар?
9. Дүниежүзілік олимпиада ойындары қай кезден басталды?
10. .«Тоғызқұмалақ» ойынында құмалақтың саны? т.б
Гимнастика немесе аэробиканы музыканың сүйемелдеуімен орындайды. «Тұлғаны танып біл»деген турда Дүниежүзілік және Қазақстандық даңқты чемпиондардың суреттерін нөмірлеп көрсетпей қояды .Бір оқушы нөмір таңдап, сол нөмірдегі суретті топ мүшелеріне алып барады. Топ болып суреттегі тұлға туралы әңгіме дайындап,бірін-бірі жалғастыра отырып баяндайды. Мұнда Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов,Дәулет Тұрлыханов,Илья Ильин,Бақыт Сәрсекбаев, Әлия Юсупова,Пеле,Марадонна т.б суреттерін қоюға болады.
«Жас төреші» ойынында үлестірме карталарда спорт ойындарының аттары беріледі.Мысалы: Баскетбол,волейбол,футбол,теннис,тоғызұалақ,қол добы т.б. Топ басшылары таңдап алып,қай спорт ойыны кездессе соның төрешісі қалай болатынын ,есебін қалай жазатынын баяндайды.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді топтар тобының аты мен байланысты жасайды.Қорытындыда әрбір кезеңде қойылған ұпайлар қосылып, жеңімпаз топ анықталады.
Қорытынды бағалау парағы:
р/с А Ә Б В Г Д Ж Қ
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Берілген
ұпай 5 10 5 5 5 10 5 40
Берілген
уақыт 2 мин 3 мин 1мин 2мин 2 мин 3мин 2мин 45 мин

Дене тәрбиесі сабағында оқушыларды өзара белсенді болуға дағдыландыру негізінде көптеген жақсы нәтижелерге жетуге болады. Сабақтың негізгі бөлімі – ойын. Ойын кезінде ұжымшылдық көзге түседі. Сондықтан мұғалім оқушылармен өткізілетін ойынды дұрыс таңдап,оны түрлендіре отырып өткізуге тиіс. Ол үшін ойынның ережесін қиындатып, ойыншылардың бір-бірімен байланысын жақсартып,жауапкершілігін арттыру үшін күрделі міндеттер жүктеуі қажет. Сондай-ақ ойынды басқарушыны, капитандар мен төрешілерді ауыстырып отыру керек. Олардың кемшіліктері мен жетістіктерін дер кезінде ескеріп немесе балалардан сұрап анықтап отырған жөн.Ойынға төрешілік етудің, оған қатысушыларды нақтылы іске жұмылдыра отырып,уақытты тиімді пайдалануға және ойын процесінде кездесетін факторларды қалт жібермей,дер кезінде байқап отыруға дағдыландырудың тәрбиелік мәні зор. Мысалы,баскетбол ойынын өткізу кезінде төреші бір мезгілде алуан түрлі факторларды байқап,атап айтқанда,ойыншының аяғы допқа тиді ме, жоқ па,ол өзінің «қарсыласын» итеріп жіберген жоқ па, осыларды дер кезінде көріп, оған ескертулер жасай білуі қажет.Төреші болған оқушылар,өзінің білімін одан әрі жетілдіру мақсатында,өздігінен үнемі спорт пен шұғылданып жүреді. Осылай болса балалар сабақта кездескен қиыншылықтарды жеңуге бірте-бірте дағдыланады. Күш-жігерін барынша жұмсап,өз бетінше дайындалады. Бір-бірінің жаттығуларды дұрыс орындауына бақылау жасайды. Сыныпты сабаққа әзірлеу тобының жетекшісі болады. Ол сабақ сайын ауысып тұрады. Сабақ алдында керекті құрал-жабдықтарды даярлау,кезекшіні анықтау,сынып оқушыларын сапқа тұрғызу,түгендеу,қызықты ойын жаттығуларды дайындап келу, топқа бөлу сияқты жұмыстарды атқарады.
«Денің сауда жүгірмесең,ауырғанда жаныңды сақтау үшін жүгіресің»-деген грек ғалымы Геродот. Дене тәрбиесі - денсаулықты нығайтып,адамды қалыптастыратын пән деугеде болады. Дене тәрбиесін жан-жақты байытып,оның қолданымын кеңейтіп,маңызын арттыра түсуге бүкіл мектеп ұжымы және ата-аналар болып жұмылған дұрыс. 
Егерде біз мектеп оқушыларының күнделікті өмірін зер сала,зерттейтін болсақ, олардың спорт жұмыстарына араласа жүріп,өз бетінше жұмыс қабілеттерінің күн сайын дамып,олардың тапсырылған жұмысты орындауда инициативасы мен өзара белсенділігі артып отыратындығын байқаймыз. Балалардың кейбіреулері азда болса ұйымдастырушылық талантымен танылса,екінші біреулерінің ұстаздық мамандықты таңдайтынын байқаймыз.Әрине оқушылардың бойындағы қабілеттілікпен шектелу жеткіліксіз.Әр біреунің өзіне тән дарынын дамыта отырып,болашақта сол қалаған мамандығын жете меңгеретіндей етіп тәрбиелеу керек.
Шәкірттерге дене тәрбиесін беруде мына мәселелерді ерекше ескерген жөн:
-балалардың денсаулығын нығайту;
-бала ағзасын жан-жақты шынықтыру;
-жұмысқа деген іскерлік қабілетін дамыту;
-табандылыққа,батылдыққа,шапшаңдыққа баулу;
-ұлттық ойындарды меңгерту;
-дене қозғалыстарын одан әрі жетілдіру;
-жеке басының және қоғамның гигиеналық талаптарды мүлтіксіз орындауға назар аудару қажет.
Оқушылар неғұрлым дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына көбірек қамтылса ,мұғалім балалардың шығармашылық қабілетін үнемі қолдап, дамытып отырса, олардың өз бетінше жұмыс істеуге ынта жігері арта түседі. Мұның өзі оқу-сабақ үлгерімін арттыруға, олардың мектеп ережесін қатаң сақтауына зор ықпал жасайды.Бұл қазіргі таңда метептің оқу - тәрбие жұмысындағы өзекті мәселелердің бірі.»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дене жатты?уларын орындау ?дістері

Автор: Оспанкулов Ерлан Бирликбаевич

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 171656


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства