kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. "?лт т?рбиесі – салауатты ?рпа? ?олында".

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі кездегі ?леуметтік-экономикалы? жа?дай, тіршілік де?гейіні? ??лдырауы ж?не экологиялы? ?олайсызды? ?аза?стан Республикасыны? б?кіл хал?ыны?, ?сіресе, ?скеле? ?рпа?ты? денсаулы?ына кері ?серін тигізуде.Барша азаматтарды? денсаулы?ын ны?айту, салауатты ?мір салтына ба?ыттал?ан елбасыны? жолдауын – егемендікті? кілтін ?стар жастарды? болаша?ына апаратын алтын с?рлеу десе болады. Б?гінде білім беру мекемелеріні? алдында т?р?ан міндеттерді? бірі – жас ?рпа?ты? салауатты ?мір с?руге к?з?арасын ?алыптастыру, оларды? денсаулы?ын са?тау?а, ?орша?ан ортаны таза ?стау?а ж?не жо?ары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі ?мірінде пайдалана білуге т?рбиелеу. Адамны? а?ыл-ой интелектісін оны? білімділік де?гейінен бай?ау?а болады. Білім – а?ыл-ойды? бастап?ы т?рткісі ж?не негізгі ??ралы, ?рі к?рсеткіші бол?анды?тан, ?рбір адам салауатты ?мір с?ру ?шін біріншіден а?ыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалды? жа?дайын т?зеуі тиіс, ол ?шін адал е?бек етуі ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. "?лт т?рбиесі – салауатты ?рпа? ?олында".»

Дене тәрбиЖоспары:
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).

БАЯНДАМА

Ұлт тәрбиесі – салауатты ұрпақ қолында

Аринов Абзалбек Қасабайұлы

ШҚО, Семей қаласы, Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет.

Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.

Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Осы ретте, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек дегенге келсем. Сонымен салауатты өмір салты деген не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.



Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады. Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.

Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының денсаулықты сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілген де ғана нәтижелі болады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама. "?лт т?рбиесі – салауатты ?рпа? ?олында".

Автор: Аринов Абзалбек Касабаевич

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285564


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства