?азан айында тойлаймыз!-деп а?ын а?аларымыз жырла?андай, б?гінгі «Алтын к?з» мерекесін бастау?а р??сат еті?іздер!
2-ж.:
Келді міне, алтын к?з,
Сары шашты жар?ын ж?з.
Мол ?німді ?р ісімен
Риза етіп хал?ын ?ыз.
1-ж.:
?ыры толы егіске,
Ба?ы толы жеміске.
Елді сый?а кенелтті
?олы ашы? періште.
2 -ж.: ?р жыл мезгіліні? ?з ерекшелігі бар, балалар. Таби?ат ?ай кезде болмасын – тамаша д?ние. К?з келсе – біз сары-?ызыл жапыра?тарды тамашалаймыз, ?ыс т?ссе – аппа? ?арда алысып ойнаймыз, (?ыс?ы ойындарды? ?зіні? бір ерекшелігі бар емеспе?); к?ктемде ?абат-?абат тонымызды шешіп, к?нні? с?улесіне ?ыздырынып, жа?адан б?ршік ат?ан талдарды, ?шып келген ??старды к?ріп, жа?а ?мір бастал?андай боламыз; ал жазда – к?лге барып, су?а т?сіп, жаз?ы демалысымызды ерекше ?ткізуге тырысамыз.
1-ж.: Ия, ?те д?рыс. А?ындар да ?р жыл мезгіліне тамаша ?ле?дер жазып, таби?атты? сулулы?ын ?ле? жолдары ар?ылы бізге жеткізген. Сол ?ле?дерді? к?бін біз мектепте о?ып, жаттап ж?рміз ?ой. Жыл мезгілдеріні? б?рі тамаша. ?йтсе де, б?гін біз К?Зге деген ??рметімізді к?рсетпекшіміз.
??рметті ?ауым! «Алтын к?з» мерекесіні? ба?дарламасымен таныс болы?ыздар:
Б?рекелді, балалар, енді біз «Ж?мба?тар ?леміне» аттанайы?
1. ?ш?анда тізіліп ж?бын б?лмейді,
?онса к?л суы тізеден келмейді (тырна)
2. ??рлы?та ж?рсе – майма?дап,
Суда ж?зсе – еседі ?айы?тап. (?йрек)
3. ?я сап, балапан баспайды,
?з атын атап ?а?сайды. (к?кек)
4. Дамылсыз барабан ?а?ады,
Сол жерден тама?ын табады. (то?ылда?)
5. ?ара?айды?, шыршаны?
Б?рін ша?ып уатты.
Б?л ?андай ??с, айтшы, дос,
Т?мсы?ы ?айшы сия?ты. (?айшы ауыз)
6. Формасы бар домала?,
К?міп ?ойдым сы?алап,
Жа?сы болса т?рмысы
Шы?ады екен ?о?алап.
Бес ай тамам біткенде
?аптап алдым ??мала?.(картоп)
2-ж.: Тамаша. Ал, М??а?али атамыз «Таби?атты ?ле?мен ?рнектеп…» деген ?ле?інде былай деген екен:
Таби?атты? тарылтпайы? м?лдір к?ус?р тынысын,
П?к таби?ат ж?регімні? тамылжы?ан жырысы?.
Ей, адам, ?алай ?ана ?атыгездік жасайсы??
Ол ана? ?ой, ал сен кенже ?лысы?.
1-ж.: ?те жа?сы. Олай болса бізді? балалар таби?атты ?алай с?йетіндерін бай?айы?. Ал ол ?шін кезекті «К?згі с?нді» тамашалайы?.
ІV кезе?«К?з» та?ырыбында?ы с?н бай?ауы.
1-ж.: Алтын к?зде атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапыра?тар ?алтырап
Жерге т?сіп ?алыпты.
2-ж.: Алма-алм?рт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
?ауын- ?арбыз балбырап,
?амбалар?а т?сіпті.
V кезе?. «Дастар?ан»
??рметті ?она?тар, о?ушылар!Б?гінгі бай?ауымызды? тапсырмасыны? бірі «Дастар?ан жабды?тау» ?діл?азылар ба?а берсін, біз сіздермен біраз ойын ойнап жіберейік!
1-ж.: ?а??ала?тап ??лдилайды жапыра?,
Сар?ыш тартып мынау дала, атырап.
К?н шуа?ын жинай алмай т?р?андай
?атар-?атар ш?мелеге шашып ап.
2-ж.: Жемісімен м?лдіреген ба?ы бар,
Сары к?зді? саумал сазы танымал.
Самал желмен баяу ?ана тол?иды
Сары маса?, ?ауызында д?ні бар.
1-ж.: Сары шал?ын сыбдырласа беле?де
Сал?ын тартты сабыр тауып ?зен кей.
?рлі-т?мен ??лдилайды ??с біткен
?айтар кезін ойламайын дегендей,
- деген ?ле? жолдарымен б?гінгі к?з мерекесіне арнал?ан кешімізді ая?таймыз.
2-ж.: Б?гінгі же?іске жеткен топты ??тты?тайы? ж?не марапаттайы?! (?діл?азылар?а с?з).
Же?істері? ??тты болсын! Келесі кездескенше!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Женіл атлетика:30 метрге ж?гіру»
«Алтын күз» мерекесі.
1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.
2-ж.:
Күн қарына алады,
Күздің соңғы айы бұл.
Қар да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.
1-ж.:
Екінші айы бұл күздің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күзгі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз!-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Алтын күз» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ж.:
Келді міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.
1-ж.:
Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періште.
2 -ж.: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емеспе?); көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
1-ж.: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.
Құрметті қауым! «Алтын күз» мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық
1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)
2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)
3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)
4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)
5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)
6. Формасы бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде
Қаптап алдым құмалақ.(картоп)
2-ж.: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
1-ж.: Өте жақсы. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті «Күзгі сәнді» тамашалайық.
ІV кезең«Күз» тақырыбындағы сән байқауы.
1-ж.: Алтын күзде атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапырақтар қалтырап
Жерге түсіп қалыпты.
2-ж.: Алма-алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын- қарбыз балбырап,
Қамбаларға түсіпті.
V кезең. «Дастарқан»
Құрметті қонақтар, оқушылар!Бүгінгі байқауымыздың тапсырмасының бірі «Дастарқан жабдықтау» әділқазылар баға берсін, біз сіздермен біраз ойын ойнап жіберейік!
1-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап.
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.
2-ж.: Жемісімен мөлдіреген бағы бар,
Сары күздің саумал сазы танымал.
Самал желмен баяу ғана толқиды
Сары масақ, қауызында дәні бар.
1-ж.: Сары шалғын сыбдырласа белеңде
Салқын тартты сабыр тауып өзен кей.
Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен
Қайтар кезін ойламайын дегендей,
- деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.
2-ж.: Бүгінгі жеңіске жеткен топты құттықтайық және марапаттайық! (әділқазыларға сөз).