Жа?сылы? ?шкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында д?ниеге келген.
Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалы? маманды?ын ?алап, Семейді? мал д?рігерлік институтына о?у?а т?седі.
1974 жылы институтты т?мамдап, республикамызды? астанасы Алматы ?аласына келеді. М?нда?ы ма?саты елімізге е?бегі сі?ген жатты?тырушы В.А. Писаревті? басшылы?ымен спортты? к?рес т?рімен тере?ірек айналысу болатын.
Бала кезінде ?аза?ша к?респен, ал классикалы? ж?не еркін к?респен институт ?абыр?асында о?ып ж?рген кезінде айналыса баста?ан болатын. 1970 жылы жатты?тырушы Рома Хасанович Ильматовты? ке?есі бойынша ?зіне таныс емес к?ресті? жа?а классикалы? т?рімен айналыса бастады. Ар?адан асырып ла?тыру ?дісін жа?сы ме?гереді. К?рес кезінде ?арсыласын д?л ба?алай біліп, ?лсіз жа?тарын сезіп, н?тижесінде ?з пайдасына шешетін. ?пайы ?анша жо?ары болып т?рса да, ойын ая?ына шейін же?уді? ы??айлы жа?тарын іздеумен болатын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жа?сылы? ?шкемпіров"»
«Тұғыры биік – нар тұлға”
Грек – рим күресінен Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің бозкілемдегі бейнеті мол жылдары туралы.
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (6 маусым 1951жылы Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы) - грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980 )
1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
1981 жылы әлем чемпионы,
1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,
1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
Темірхан ДОСМҰХАМБЕТОВ, Қазақстан
Қазақстан Республикасының туризм және
спорт министрі
Қазақ спортының тарихындағы маңдайы жарқыраған, елінің ыстық ықыласына бөленген спортшының бірі әрі бірегейі Жақсылық Үшкемпіров екені анық. Жалпы спорт дүниесінде Жақсылықтай табанды, сабырлы спортшылар сирек кездеседі. Ол Одақ бапкерлерінен көп қыспақ көрді. Жақсылық 1973-1980 жылдардағы КСРО чемпионаттарында қатарынан сегіз рет чемпион әрі жүлдегер болды .1975 жылы КСРО халықтарының спартакиадасында жеңімпаз атанған Үшкемпіровті Кеңес құрамасының жаттықтырушылары спорттық принцип бойынша сол жылғы Әлем, Еуропа чемпионатының біреуіне апаруға тиіс еді. Жақсылық сол жылы Кеңес Одағы құрамасы сапында халықаралық турнирлерге ғана барды.Жақсылық Әлем чемпионатын былай қойғанда, қатарынан жеті жыл бойы Еуропа чемпионаты мен Әлем кубогы бәсекелерінен сырт қалды.
1976 жылдың басында екі бірдей ірі жарыста топ жарған Үшкемпіровтің Монреаль олимпиадасына бармайтыны белгілі болады. Сол кезде Украина құрамасының жаттықтырушылары Жақсылыққа «Киевке ауыс» деп қолқа салады. «Украина астанасынан үш бөлмелі пәтер беріп, жалақыңды екі есе өсіреміз, олимпиадаға талассыз барасың» дейді украиналық мамандар. Жақсылық кәдімгідей толқиды.
Бұл хабар құлағына тиген Семей облысы спортының басшысы, көпке сыйлы Қабыш Омаров Жақсылықты күрес залына іздеп келеді. Қабекең жаттығу соңында Үшкемпіровті қолынан жетектеп, айнаның алдына әкеліп: «Кімге ұқсайсың?» дейді. «Әжемнің баласымын, әжеме тартқанмын», дейді Жақсылық. «Жоқ, сен қай ұлтқа ұқсайсың?» дейді Қабыш аға табандап. «Қазақпын, аға...» «Қазақ болсаң, Киевте атаңның басы бар ма?» дейді Омаров қатуланып. Жақсылық жанарымен жер шұқып, үнсіз тұрып қалады. «Саған бүтін қазақ бауырым, ұлым деп үміт артып отыр. Сен кетсең, туған халқыңның ақжарма көңілін аяқасты етесің. Сен ол жаққа сіңе алмайсың. Түбі елге ораласың, сонда өз жұртыңа қай бетіңмен қарайсың?! Есті жігіт аяқ астындағыны ғана көріп қоймай, келешегін қамдай білуі керек...» деп, Қабыш аға ел ағасына жарасатын түйінді сөзін айтады. Жақсылық елде қалады.
Монреаль олимпиадасынан кейін кезекті бір жарыста Украина құрамасының бапкері Кондрат: «Бізге келгеніңде Олимпиада чемпионы болатын едің. Енді не болды?» – дейді. «Біз ақсақалдарды тыңдайтын халықпыз, – дейді Жақсылық. – Үлкендер рұқсат бермеді. Келесі Олимпиадада сол кісілердің сенімін ақтауым керек».
Осындай жігіттің жігіті ғана шыдайтын сынаққа төтеп берген Үшкемпіровтің жолы 1980 жылы ғана ашылды. Жақсылық пен Шәміл бір барғанда-ақ Олимпиада тұғырына көтерілсе, Үшкемпіров келесі, 1981 жылы Әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынап, алтын медальға ие болды. 1982 жылы Әлем кубогы сынында топ жарды. Яғни 1980-1982 жылдарда Кеңес Одағы құрамасы сапындағы ресми жарыстарда тек жеңіс биігінен көрінді. Яғни, жеті жыл армандаған мүмкіндікті қолы жеткен сәтте қапы жібермей пайдаланды. Бұл – кәсіби деңгейі өте биік, жан-жақты шыңдалған спортшының ғана қолынан келетін ерлік.
КСРО құрамасында болған он жылда Үшкемпіров кросс жүгіруде, тауға шығуда, белдемеге (турник) тартылуда үнемі үздіктер қатарынан табылыпты. Ал су астында демін ішіне тартып отыруда Одақ құрамасында Жақсылықтың алдына ешкім түсіп көрмепті. Үшкемпіров су астында дем алмай төрт минутқа дейін шыдайды екен. Бұл оның өкпесінің күшті екенін білдіреді.
Қазір Жақсылық – мықты кәсіпкер. Алматы облысының Балқаш, Ұзынағаш аудандарында үйір-үйір жылқы, табын-табын ірі қара ұстайды. Екі мал шаруашылығы, мыңдаған гектар жайылымы, басқа да тірліктері сәтімен дөңгеленіп жатыр. Жақсылық елуден астам адамға жұмыс тауып беріп отыр. Үшкемпіровтің ендігі арманы – сиыр тұқымын асылдандырып, қазақтың мал шаруашылығының өркендеуіне өз үлесін қосу.
Жақсылық қашан көрсең де жайдары, қарапайым, сабырлы қалпынан айнымайды. Кеудесін көтермейді. Қазір де күрес десе, ішкен асын жерге қояды. Біле білген адамға осының өзі – өнеге.