kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:Денсаулы? ?леміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:Денсаулы? ?леміне саяхат


Саба?ты? ма?саты: Гимнастикалы? ?абыр?а?а ?рмелеп, тартылу?а, гимнастикалы? б?ренені? ?стімен тепе-те?дікті са?тап ж?руге, секіріп т?суге ?йрету. Т?рлі жатты?улар кезінде балаларды? денесін тік ?стап, т?зу ж?руге да?дыландыру, жатты?уларды д?рыс орындау?а ?йрету. Ойын кезінде балаларды? белсенділігін арттырып, к??ілдерін к?теру ма?саты к?зделеді. Денсаулы? к?ні жайлы т?сінік беру.

Саба??а керекті ??ралдар: Матрас, гимнастикалы? доптар, кубиктер, ??м салын?ан ?алта, доп т?сіретін тор, себет, гимнастикалы? б?рене, гимнастикалы? ?абыр?а.

І. Кіріспе

Саба?ты? барысы: Музыка ыр?а?ымен балалар спорт залына кіреді, ?олдарында доп, жалауша г?лдер, шарлар бар. Олар ?атар болып т?рады. Тік т?рып – Мемлекеттік ?н?ранды орындайды. «Мені? ?аза?станым» ?ні ыр?а?ымен ?имылды-?оз?алыс жатты?уын жасайды. (??ралдар жиналады).

Денешыны?тыру жетекшісі:

Алтын с?уле арайлы

Ба?шамыз?а тарайды.

?уанышпен шат к?ліп,

?арсы алайы? арайды.

Балаларым ?ат-?атар,

??ры?даршы бір ?атар.

О??а ?арай б?рылып,

Тізбек болып тізіліп

Ал?а ?арай басайы?.

1)     Ая?ты? ?шымен, ?кшемен, к?к??танша, ?азтабандап ж?ру.

2)     Жылдам, баяу, иреле?деп ж?гіру. (?айтадан 4 ?атар т?ру)

ІІ. ?йымдастыру кезе?і

??рсаумен жатты?у жасау

1.     Б.?. ??рсауды ал?а созып, жо?ары к?теріп, ?айта ал?а т?сіру. (7-8 рет ?айталау)

2.     Б.?. Ая?ты алша? ?ою. ??рсауды жо?ары к?теріп т?рып, екі жа??а кезек иілу. (6-7 рет ?айталау)

3.     Б.?. Ая?ты ?осып ?стау. Ше?берді ал?а созып, ?кшені к?теріп, отырып т?ру. (6-7 тер ?айталау)

4.     Б.?. Ая?ты созып отыру. Отырып ше?берді екі ?олмен ?стай созып, ая?ты? басына жеткізу. (тізені б?кпеу 6-7 рет)

5.     Б.?. Етпеттен жату. ??рсауды ал?а ыт?ытып, етпеттен жатып екі ?олмен ??рсауды к?теру. (басты к?теріп ?стау 6-7 рет)

6.     Б.?. Екі ая?ты біріктіріп созу. Ше?берді? ішіне кіріп-шы?ып, бірнеше рет секіру. ?олдарды белде ?стау. 7-8 рет

7.     Б.?. Бір орында баяу ж?ру. Секіру 7-8 рет. Бір ?атар?а т?ру.

8.     Тыныс жатты?улары.

ІІІ. Негізгі жатты?у.

1.        Гимнастикалы? ?абыр?а?а ?рмелеп, жо?ары-т?мен т?сіп-шы?умен айналысады.(ая?тарын д?рыс ?стауды ескертеді).

2.        гимнастикалы? б?ренемен екі ?олды б?йірге ?стап ж?ру, секіріп т?скенде ?олдарын алдарына созып т?седі. (еденде т?сеніш болуы керек)

3.        ??м салын?ан ?алтаны басына ?ойып,екі ?олды соза ?стап тіземен ж?ру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:Денсаулы? ?леміне саяхат»

Тақырыбы:Денсаулық әлеміне саяхат


Сабақтың мақсаты: Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, тартылуға, гимнастикалық бөрененің үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруге, секіріп түсуге үйрету. Түрлі жаттығулар кезінде балалардың денесін тік ұстап, түзу жүруге дағдыландыру, жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету. Ойын кезінде балалардың белсенділігін арттырып, көңілдерін көтеру мақсаты көзделеді. Денсаулық күні жайлы түсінік беру.

Сабаққа керекті құралдар: Матрас, гимнастикалық доптар, кубиктер, құм салынған қалта, доп түсіретін тор, себет, гимнастикалық бөрене, гимнастикалық қабырға.

І. Кіріспе

Сабақтың барысы: Музыка ырғағымен балалар спорт залына кіреді, қолдарында доп, жалауша гүлдер, шарлар бар. Олар қатар болып тұрады. Тік тұрып – Мемлекеттік Әнұранды орындайды. «Менің Қазақстаным» әні ырғағымен қимылды-қозғалыс жаттығуын жасайды. (құралдар жиналады).

Денешынықтыру жетекшісі:

Алтын сәуле арайлы

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Балаларым қат-қатар,

Құрыңдаршы бір қатар.

Оңға қарай бұрылып,

Тізбек болып тізіліп

Алға қарай басайық.

1)     Аяқтың ұшымен, өкшемен, көкқұтанша, қазтабандап жүру.

2)     Жылдам, баяу, ирелеңдеп жүгіру. (қайтадан 4 қатар тұру)

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі

Құрсаумен жаттығу жасау

1.     Б.қ. Құрсауды алға созып, жоғары көтеріп, қайта алға түсіру. (7-8 рет қайталау)

2.     Б.қ. Аяқты алшақ қою. Құрсауды жоғары көтеріп тұрып, екі жаққа кезек иілу. (6-7 рет қайталау)

3.     Б.қ. Аяқты қосып ұстау. Шеңберді алға созып, өкшені көтеріп, отырып тұру. (6-7 тер қайталау)

4.     Б.қ. Аяқты созып отыру. Отырып шеңберді екі қолмен ұстай созып, аяқтың басына жеткізу. (тізені бүкпеу 6-7 рет)

5.     Б.қ. Етпеттен жату. Құрсауды алға ытқытып, етпеттен жатып екі қолмен құрсауды көтеру. (басты көтеріп ұстау 6-7 рет)

6.     Б.қ. Екі аяқты біріктіріп созу. Шеңбердің ішіне кіріп-шығып, бірнеше рет секіру. Қолдарды белде ұстау. 7-8 рет

7.     Б.қ. Бір орында баяу жүру. Секіру 7-8 рет. Бір қатарға тұру.

8.     Тыныс жаттығулары.

ІІІ. Негізгі жаттығу.

1.        Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, жоғары-төмен түсіп-шығумен айналысады.(аяқтарын дұрыс ұстауды ескертеді).

2.        гимнастикалық бөренемен екі қолды бүйірге ұстап жүру, секіріп түскенде қолдарын алдарына созып түседі. (еденде төсеніш болуы керек)

3.        Құм салынған қалтаны басына қойып,екі қолды соза ұстап тіземен жүру.

4.        Доғаның астынан төрттағандап еңбектеп, жатып өту, бөрене бойымен ішпен сырғанау. (Екі топ орын алмастырады - қайталайды)

Осы кезде залға «Қарақұс» ұшып кіреді. Аспанда қарақұс ұшып жүріп: Балалар сендердің жарысып ойнап жатқандарыңды көрген соң келдім, мені де жарысқа қосыңдаршы.

Балалар: Онда «Тордағы құс» ойының ойнайық. Біз дауыстаймыз, қайсымыз екенін өзің тауып ата.

(Ойын «тордағы құс» ептілікке, шапшаңдыққа үйретеді)

(қарақұс балаларды дұрыс тауып атайды, ойын бернеше рет қайталанады)

Қарақұс: Мен сендерді дұрыс тауып аиадым. Енді сендер денсаулық жайында тақпақ айтып беріңдерші.

1-бала:

Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

     2-бала:

Ал, халайық, халайық,

Табиғатқа қарайық.

Жер, су, ауа тазарса,

Пайдалы екен бұл аса.

Жер Шары – дәу әлем,

Қоршаған ауамен.

Ауамен тыныс ап,

Өсті өмір, ырыс, бақ.          

3-бала:

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Қарақұс: Рахмет, балалар, енді маған мақал-мәтелдер айтыңдар.

1. Тазалық – саулық негізі.

     Саулық – байлық негізі.

2. Шынықсан, шымыр боласың.

3.Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады.

4.Дені саудың – зор байлық.

Денешынықтыру жетекшісі:

- Ал қарақұспен бірге қимылды ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Қарақұс пен торғайлар»

Қарақұс ойынннан соң қоштасып кетеді.

Тақырыбы: «Тыныс алу жаттығулары»

Мақсаты: Тыныс жолдарының шырышты қабатын шынықтыру, шырышты қабатты және өңешті ауа ағымымен микроб флорасынан тазарту, бронхтардың ауа айдау қызметін жақсарту. Тыныс жолы бұлшық етті нығайту, бала денесін шынықтыруды жақсарту.

Негізгі ережелер:

-         жаттығуларды таза ауада жасау керек;

-         Жаттығуларды орындау кезінде таза ауамен демалу, ауаның өкпеден еш кедергісіз шығуы үшін ауызды кең ашу керек. Балаға «алманы қалай тістейсің, ауызыңды солай аш» деп түсіндірген жөн.

Жаттығу барысы: Ұйымдастыру кезеңі

-         Балалар біздің бүгінгі іс-әрекетімізде «Дем алу жаттығулары» әңгіме жүргіземіз.

-         Ал балалар жаттығуды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Жалқау болсаң қандай боласын?

Жалқау болсаң, бойың өспейді.

Жалқау болсаң, аурушаң боласың.

Жалқау болсаң, мықты бала болмайсың.

Жалқау болсаң, жарқырап жайнап жүре алмайсың.

Денешынықтыру жетекшісі:

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-«Денсаулық»

-Дұрыс. Ал денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

-Денемізді шынықтыруымыз қажет.

Жалпы жаттығу

Шеңбер бойымен

1.     Қол жоғары аяқтың ұшымен

2.     Қол белде, өкшемен

3.     Қол белде оң жаққа секіріп жүгіру

4.     Қол белде сол жаққа секіріп жүгіру

5.     Жай жүгіреміз

6.     Терең дем алып, тыныс шығарамыз

Қимылды ойын: Өз орныныды тап.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар ойын ұнадыма? Иә. Олай болса, қазір сендерге тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар «денсаулық туралы» қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.Тазалық денсаулық кепілі,

Тазалық денсаулық негізі.

2. Ұйқы тынықтырады,

Спорт шынықтырады.

 

3. Денсаулық теңіз,

Ән мен спорт егіз.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар ойын ұнады ма?

Иә. Олай болса, қазір сендермен тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

А. Аяқты иықпен ендестіріп қойып, қолдарды екі жаққа жаю керек. Алақан ашық, саусақтар бос. «1» дегенде – балалар қолдарын дереу алдына қарай айқастырып, жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады. «2» дегенде – қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады. Жаттығу барысында «Кәнеки, балалар, жылынайық!» деу керек.

Ә. Аяқты иықпен ендестіріп қояды, аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғарыға – артқа қарай көтереді, білектен ұстайды. «1» дегенде – салмақты өкшеге түсіріп, алға еңкеюі керек, қолды ауаға сілтеп, өткір тыныс алады. «2» дегенде - өкпедегі ауны сыртқа шығарады.

«Балалар, қанеки ағаш жарайық!»

Б. Аяқты шаңғы тебетіндей етіп қою керек, сосын сәл еңкейіп тізені бүгуі керек, оң қол созылған, қолмен «шаңғы таяқшасын» ұстап тұрғандай. Сол қол артқы жақта, алақан ашық. «1» дегенде – шаңғы тепкен сияқты баяу тізе бүгіп, сол қолды алға қарай шығарады, дәл осы кезде өкпеден ауаны сыртқа шығару керек. «2» дегенде – бастапқы қалыпқа қайта келіп, еркін тыныс алу керек. «Шаңғымен сырғанау»

В. Аяқты иықпен ендестіріп қойып, алға сәл еңкею крек, оң қол жоғарыда – алға қаратылған, алақан суда жүзетіндей бүгілген. Сол қолға симметриялы орналасқан. «1-2» дегенде – суда король әдісімен жүзгендей, қолды төрт рет жылдам айналдырамыз (барынша тыныс аламыз). «3-4» дегенде – қолды екі рет жай айналдырамыз (ауа жұтамыз).

«Король әдісімен кеудемен жүземіз!»

Г. Аяқты иықпен айқастырып қоямыз, оң қол жоғары жаққа көтерілген, алақан оң жаққа қарай ашылған. Сол қол бос төменгі жақта тұр. «1-3» дегенде – корль әдісімен арқамен жүзгендегідей қолды үш рет жылдам айналдырамыз, жүзіп жатқан қол жаққа денені жеңіл бұрамыз (терең ауа шығарамыз). «4» дегенде – қолды бір рет айналдырамыз (ауа жұтамыз). «Ал, енді арқамен жүзейік» деп айту керек.

Қорытынды:

Жиналамыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз кәріміз де.

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде.

 


Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.

– Балалар, жемістер мен көкөністер үлкен еңбекпен келеді. Оларды көктемде егіп, күтіп баптап, суарып, күзде піскенде жинап аламыз.
– Қане, олай болса, мына қораптағы жемістер мен көкністерді топтап жинайық.
– Балалар, қане, бәріміз мұқият тыңдаңдар..
Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
– Балалар, сондықтан да жеміс-жидек, көкөністерді үнемі жуып жеп жүру керек.
– Өте жақсы, балалар «Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар.













35 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектеп





«БАЛАПАН» шағын орталығы

АШЫҚ САБАҚ









Тақырыбы:

«Денсаулық әлеміне саяхат»









Тобы: Б

Орындаған: Аманов Д.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Та?ырыбы:Денсаулы? ?леміне саяхат

Автор: Аманов Даурен Абилдабекович

Дата: 23.03.2016

Номер свидетельства: 309085


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства