?ай заманда болмасын адамзат алдында т?ратын ?лы міндет — ?зіні? ?мірін жал?астырушы сапалы ?рпа? т?рбиелеу. Еліміз егемендікке ?ол жеткізгеннен со? жас ?рпа??а ?лтты? т?рбие беру міндеті уа?ыт талабымен бірге келген игілікті ма?сат екені даусыз. Ел президенті Н.?. Назарбаев «?лт м?селесіне ?атысты жалпы ?рдісті танып-т?сіну, с?з жо?, ?ажет. М?нсыз мемлекеттік дамуды? жалпы логикасын бажайлау м?мкін емес», - деп к?рсеткен.
Б?л міндеттер ?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» за?ында Білім беру ж?йесіні? міндеттері: «.азаматты? пен елжандылы??а, ?з Отаны — ?аза?стан Республикасына с?йіспеншілікке, мемлекеттік р?міздерді ??рметтеуге, халы? д?ст?рлерін ?астерлеуге, ?лемдік ж?не отанды? м?дениетті? жетістіктеріне баурау, ?аза? хал?ы мен республикасыны? бас?а халы?тарыны? тарихын, ?дет-??рпы мен д?ст?рлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін ме?геру» — деп к?рсетілуіне орай, халы?ты? педагогикасыны? элементтерін мектепте о?ытуды?, баланы? бойына ?лтты? сананы сі?іруді? ма?ызына ерекше к??іл аударыл?анын бай?ау?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«презентация ?лтты? ойындар»
Жоба: “Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарына машықтандырудың үлгісі”
Мақсаты:
оқушының ой - өрісін жетілдіру, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізу
Міндеттері:
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру;
Баланы зеректікке, білгірлікке баулу;
Еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау.
Жобаның өзектілігін қазақ халқының ұлы ойшылы
А. Құнанбаевтың сөзімен келтіруге болады :«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»
Қазақ ұлттық ойындарының баланың танымдық дамуындағы рөлі
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет — өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», - деп көрсеткен.
Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: «...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» — деп көрсетілуіне орай, халықтық педагогикасының элементтерін мектепте оқытудың, баланың бойына ұлттық сананы сіңірудің маңызына ерекше көңіл аударылғанын байқауға болады.
Қазақ халқының ойындары арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру сабағы оқушының алған білімін күнделікті өмірменен берік ұштастыруға қолайлы мүмкіндік жасайды. Пән сабақтарында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың барысында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру, ерік жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты беру не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында да пайдаланылады.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп мазмұнын байыта түседі, балалардың қиалдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі өмір тәжірбиелерін толықтырады.
Ұлттық ойындар үш топқа бөлінеді:
Ақыл ойға арналған ойындар
Ойын- сауық ойындары
Спорттық ойындар
Спорттық ойындарға:
қазақ күресі;
қыз қуу;
көкпар;
ақсүйек;
арқан тартыс;
бәйге;
күміс алу;
жамбы ату, т. б
Ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады.
Ойын- сауық ойындары мысалы: алтыбақан,
соқыр теке және т.б.
Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін, адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы ретінде пайдалана аламыз. Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығулардың ішінде ойынның арттықшылығы, оның ерекше тартымдылығынан балалардың күшін жұмылдыратын, қуанышпен қанағат сезіміне бөлейтін әсерлігінен, ірі бұлшықеттерінің (жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектесетін қозғыштық қызметін, қимылдың қарқынымен күш-қуатын балалардың өздерінің реттей білу мүмкіншілігінен, жеке бастаманың және батылдық, тәртіп, тапқырлық т.б. психологиалық қасиеттерді дамытуынан деуге болады.
Қимыл қозғалыс ойындары тірек-қимыл аппараттарына дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі.
Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.
Ойынды сабақта қолдану оқушының ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап, оларды икемділікке,төзімділік пен шапшаңдыққа,тапқырлық пен алғырлыққа, дәлдік пен ептілікке баулайды.
Ойындарды негізінен сабақтың басында да,ортасында да,соңында да пайдалануға болады. Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді. Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға, одан қайта ойынға, одан қайта негізгі материалға өтіп, сабақтың аяғын ойынмен аяқтауға болады.
көтермек
Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін
атбақыл
Асықпен ойналатын ойындардың бірі — «Атбақыл» немесе «Көтеріспек» деп аталады. Ойынға екі-екіден қатынасады да, қалғандары көрушілер болады. Ойынға қатынасушылар кез келген жерді таңдап алады да, өздері тұрған жерлеріне белгі соғады. Сол белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын (не топайын, сиыр асығын, «топай» деп атайды) алыстата иіріп тастайды. Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе топайымен оны атады. Егер де ол тигізсе, бірінші ойыншы оны сақасы барып түскен жерге дейін арқалап барады. Енді екінші ойыншы сақасы түскен жерде тұрып, асығын не топайын алыстата иіріп тастайды. Бірінші ойыншы оны атады. Тигізсе, сақасы жатқан жерге дейін екінші ойыншы арқалап апарады. Егер асыққа тимей кетсе, ана ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді де, ойыншылардың өзара келісімі бойынша тоқталады.
Мысық пен тышқан
Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.
Васька әппақ қарасақ,
Құйрығы сұр тамаша-ақ,
Жебедей-ақ ұшады,
Көзін жаймен қысады.
Тырнақтарын үндемей,
Ашқан кезде инедей,
Тышқандардың тықырын,
Васька естісе ақырын,
Аңдып аулап алады,
Васька біздің жарады.
«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.
Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.
Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді
Қарғымақ
Бұл тіпті ескіден келе жатқан қазақтың көне ойындарының бірі. Оны әсіресе жылқышылар мен бие сауушылар ойнайтын болған. Ойынның мәні, мақсаты осы күнгі биікке секіру, алысқа секіру, сырыққа таяна секіру сияқты спорт ойындарымен шендеседі.
Ойын түрлері:
Биіктік мөлшерін дәлдеп алып керіп ұстаған жіптен жүгіріп келіп қарғып, ар жағына барып түседі.
Белгілі биіктік мөлшерде керіліп қойылған жіптен, қолына ұстаған сырыққа сүйене, оның бір басын жерге тіреп, бүкіл денесін өз күші екпінімен жоғары серпілте қарғиды.
Осындай әдістердің бірімен ара алыстығы өлшеніп, белгі жасап қойған жазықтан секіреді. Қарғымақ ойналатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы төселген жұмсақ болуы шарт. Қазіргі кезде «қарғымақ» ойынын өткізу мүмкіншілігі мол. Оны мектептегі дене шынықтыру залдарында, мәдениет үйлерінде т. б. жерлерде өткізуге болады. Кім биік және алысқа секірсе, жүлдені сол алады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші қадағалайды.
«Қасқырқақпан» — ежелгі халық ойындарының бірі.
Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп ауласында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы —«Қақпан», кіші тобы — «Қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауығы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.
Қасқыр түссе қақпанға,
Ұстамасқа бола ма.
Қол ұстасып тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық.
Біздің қақпан болаттай.
Қасқырды тұр жолатпай,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
Қақпан, қақпан берік бол.
Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:
Кәне, кәне, тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық — деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы:
Кәне, қақпан, берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр! — деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал «қасқыр» тобындағылар арғы беттегі «қораға» көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.
Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатынасушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.
Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне, күш қозғалыс дамуына байланысты өзгерістер енгізіліп, ойын күрделене түседі. Әдетте арнайы берілген жаттығулар оқушыларға қиын соғады, ал ойын түрінде өтсе онда олар қиындықты тез меңгереді. Егерде оқушылар өздерін еркін ұстап, сабаққа бар бейімдерін беріп, белсене қатысса, онда бұл сәтсіздікті тез жеңуге болады. Ондай құралдардың бірі-халық ойындарын дене шынықтыру сабағында пайдалану. 5-7 сыныбындағы дене шынықтыру сабағы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімнің негізінде өрістетіледі. Олай болса бұл сыныптардағы дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындарды бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы жүргіземіз.
Қорыта айтқанда:
Денешынықтыру сабағына ұлт ойындарын қолдануға мүмкіндік мол.
Сабақтың маңызы артып, сапасы көтеріле түседі.
Біздің пікірімізше, ұлт ойындары дене шынықтыру сабағында оқушыларды өзінше әрекеттенуге, қабылдау мүшелерінің жұмысын арттыруға, ойлай білу, мақсатқа жету, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды.
Күтілетін нәтиже:
Қорытынды
Организмді бастапқы қалыпқа келтіруге арналған тыныс алу жаттығуларын жасау.
–денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
–табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
–дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
–табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
–ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
–гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Қазақ ұлттық ойындары арқылы дене тәрбиесінің жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,
психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Ұлттық ойындар арқылы балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дамытуға және енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауға ықпал етеді.