*?лтты? ойындар денсаулы? ?шін орны ерекше екеніне атап ?ту, ережелерімен таныстыру.
?аза?ты? ?лтты? ойындарыны? дені арнайы жабды?тал?ан б?лме мен ??рал-жабды?тарды ?ажетсінбейді.Сонды?тан оларды ?ажет уа?ытында кез-келген орында ойнай беруге болады. Ж?не ?р ойынны? уа?ыт м?лшері де шамалы. Сонымен бірге б?л ?аза?ты? ?лтты? ойындары тек дене шыны?тыру ?ана емес, жастарды? ?р жа?ты дамуынан да тиімді ?сері бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?лтты? ойындары – спорт негізі»
Жамбылоблысы. Қордайауданы, Сортөбе ауылы,
№18орта мектебі
Қазақтың ұлттық ойындары – спорт негізі
Ниязов М.А.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақтың ұлттық
салт-дәстүрлеріне баулу.
Ойын арқылы оқушыларды адамгершілік, адалдық, әділдік сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру.
Ұлттық ойындарды ойнай отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.
Ұлттық ойындар денсаулық үшін орны ерекше екеніне атап өту, ережелерімен таныстыру.
Қазақтың ұлттық ойындарының дені арнайы жабдықталған бөлме мен құрал-жабдықтарды қажетсінбейді.Сондықтан оларды қажет уақытында кез-келген орында ойнай беруге болады. Және әр ойынның уақыт мөлшері де шамалы. Сонымен бірге бұл қазақтың ұлттық ойындары тек дене шынықтыру ғана емес, жастардың әр жақты дамуынан да тиімді әсері бар.
«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойыны. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
Алтыбақан
Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.
Білегі мықты мыңды жығады. Қазақтың палуандық өнері әлімсақтан ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен ұлттық бәсіре. Күрестің осы түрі қазақ халқының ғасырлар қойнауымен астасып жатыр. Түрлі той мен алқалы ас бұл сайыссыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандар халықтың құрметіне бөленеді. Ауылдық жерде кішкентай балаларды өзара күрестіру үрдісі бар. Ондағысы – баланың біреуін мұқатып, біреуін төбеге көтеру емес, елдің болашағы – жеткіншектерді болаттай беріктікке сынау болса керек
Табиғи заттар қолданып ойнайтын ойынды атаңыз
А. Соқыр теке Б. Бестас В. Бөрік жасырмақ Г. Ақсерек-көксерек Д. Ақ байпақ
2. Тоғызқұмалақ тақтасында барлығы қанша құмалақ бар?
А. 140 Б.18 В.90 Г.162 Д.82
3. Асық иіргенде қай бөлігімен сирек түседі?
А. Алшы Б. Табан В. Бүк Г. Омпы Д. Шік
4. Көкпар ойынына қанша ойыншы қатысады?
А. 14 Б. 9 В. 11 Г. 12 Д.10
5. Тек ат үстінде ойналатын ойын
А. Күрес Б. Соқыр теке В. Асық Г. Теңге алу Д. Жасу көкпар
6. 2015 жылы «Қазақстан барысы» атағын алған палуан
А. А. Нугманов Б. Ұ. Рысқұлов В. Б. Қисықов Г. М.Тұрсынов Д. Б.Ыстыбаев
7. Қазақ күресінен «Еуропа барысы 2015» жарысында жеңімпаз болған команда
А. Қазақстан Б. Ресей В.Польша Г. Өзбекстан Д. Корея
7 отау құмалақтары қарсыластың 4 отауына келеді. Қарсыластың (қара) 4 отауда тұздығы бар. Ереже бойынша тұздық саналмайды.
Қарсылас отауға үшінші құмалақ түскенде тұздық алынады. Тұздық тек 1 рет алынады. Егер қарсыластың аттас отауында тұздық болса және 9 отаудан тұздық алынбайды