kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"дамыта о?ыту" баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Жоспар:

  I  Кіріспе  

    Дамыта о?ыту технологиясы туралы т?сінік

  II Негізгі б?лім:

1. Дамыта о?ыту технологиясыны? н?тижелері

2.    Жеке т?л?аны ?алыптастырып дамыту

3. Шы?армашылы? ?абілетті дамыту?а арнал?ан ойын т?рлері

III ?орытынды

   Дидактикалы? ойындар - о?ытуды? ма?ызды ??ралы

      «Дамыта о?ыту деп – о?ыту ма?саты, міндеттері, ?діс – т?сілдері  баланы? даму за?дылы?тарына с?йкестендірілген о?ытуды» атайды. О?ыту ар?ылы баланы? психикасында жа?а ??рылымдар пайда болуы, я?ни жа?а сапалы? ?згерістер болуы тиіс деп есептейді. Сонды?тан да жа?а сапа?а ие, шы?армашыл, ?абілетті адамдар т?рбиелеу ?шін дамыта о?ыту ж?йесін е? негізгі басшылы??а алар нысана деп білеміз.  О?ыту барысында баланы? а?ыл - ойын, ?иялын т. б. танымды? ?рдістерін дамытып ?ана ?оймай, баланы ?рт?рлі ?рекетті? субъектісі болып ?алыптасуын ?амтамасы етуді алды??ы ?атар?а шы?арды.

      Дамыта о?ытуды ?йымдастыру, бала?а а?ыл - ой ?рекетін ме?геруге жа?дай жасау деп ?арастыру керек. Дамыта о?ыту ?рдісінде о?ушы о?у ?рекетімен ш??ылданып, теориялы? ойлау?а икемделеді, білімді ?зі ме?геруге м?мкіндік алады.

       Дамыта о?ыту саба?та?ы ерекше ахуал, м??алім мен о?ушы арасында?ы ерекше ?арым - ?атынас. М??алім б?л жа?дайда танымды? іс - ?рекетті ?йымдастырып, о?ушыны? шы?армашылы?ын арттырады.                                       ?ылыми зерттеулерге с?йенетін болса?, о?ушы шы?армашылы?ын дамытуда «шы?армашылы? тапсырмалар» ?лкен р?л ат?арады. Шы?армашылы? тапсырма ретінде біз о?ушыдан ?дайы тек а?парат ?ндіру емес, шы?армашылы?ты талап ететін тапсырмаларды ?арастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздікті? кіші ж?не ?лкен элементтерінен   ж?не бірнеше д?рыс жауаптардан т?руы м?мкін.

       Дамыта о?ыту – д?ст?рлі о?ыту?а со??ы уа?ыттар?а дейін балама ж?йе деп ?арастырылды. Оны? н?тижесінде ?р о?ушы ?зін-?зі ?згертуші субъект д?режесіне к?терілуі к?зделіп, со?ан о?ыту барысында лайы?ты жа?дайлар жасау ?лкен н?тиже берді.

     Д?ст?рлі ж?не дамыта о?ыту ж?йелеріні? негізгі белгілеріні? салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалы? процесіні? компоненттері

Мазм?нында?ы басымдылы?

   Дамыту о?ыту

Ма?сат

Д?ст?рлі иллюстрациялы? т?сіндірме ?дісі

   Бай?ампазды?ын, ойлауын, практикалы? ?рекетін дамыту

Бастап?ы мазм?н

О?ушыларда білім, білік, да?ды ?алыптастыру

За?дылы?тарды, теорияларды, ??ымдарды, ережелерді ?орыту

О?ытуды? формалары

Факторлар, мысалдар, та?ырыптар, д?лелдер

Бірлескен ?жымды? іс-?рекет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"дамыта о?ыту" баяндама»

Жоспар:

I  Кіріспе  

Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік

  II Негізгі бөлім:

1. Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері

2. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту

3. Шығармашылық қабілетті дамытуға арналған ойын түрлері

III Қорытынды

   Дидактикалық ойындар - оқытудың маңызды құралы

 



























«Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қана қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасы етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.

Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық процесінің компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

Дамыту оқыту

Мақсат

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Жеке,топтық,фронтальді ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция

Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дамыта оқытуда баланың  ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.

         Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. 
        Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. 
        Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешумақсатынқояды. 
        Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – “орындаушы”, “мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы оқушы болады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.  оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.  оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады

Орта білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

  • Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

- Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

- Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.

- Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Осындай кезеңдерді басшылыққа алғаннан кейін сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: 
1.Зеректік 
2.Зейінділік 
3.Байқағыштық 
4.Ойлау 
5.Сөйлеу дербестігі 
Дамыта оқыту сабақтарында оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру барысындағы оқушының жетістіктері: 
1.Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі. 
2.Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері 
3.Өз бетінше оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі 
4.Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті. 
5.Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау. 
Дамыта оқыту сабақтары оқушыларды осындай жетістіктерге жетелейді. 
Біз дамыта оқытудың педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын білеміз. Барлық істерімізде Л.С.Выготский, В.Занков, В.Давыдов, Б.Эльконин ойларын басшылыққа аламыз. Қазіргі таңда дамыта оқыту технологиясы бойынша зерттеулер жүргізіп, оқу- әдістемелік құралдар жазған Б.А.Тұрғынбаева, Н.Ә.Тойбазарова секілді ұстаздарымыздың көп жылғы ізденісі мен тәжірибелерінің қорытындыларын өз сабағымызда пайдаланамыз. Нағима Әмірханқызының «Дамыта оқыту» еңбегіндегі сабақ құрылымы өте тиімді. Ол мынадай үш кезеңге бөлінеді: 
• Бағдарлау- мотивациялық кезең 
• Операциялық-орындаушылық кезең 
• Рефлексиялық- бағалау кезең 
Дамыта оқыту сабақтарының тиімділігі: 
• Сабақ мазмұнының сапасы артады 
• Оқушылардың жеке, дара ерекшеліктеріне сай танымдық қабілеттері дамиды 
• Оқушылардың жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады 
• Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады 
• Жүйелі оқыту принципі арқылы оқушы өз-өзін дамытып, өзін-өзі бағалап қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады. 
Педагогика ғылымында «еш нәрсе қабілеті жоқ бала болмайды» деп дәлелденген. Осы аксиоманы басшылыққа ала отырып баланың таным қабілеті мен білім деңгейін саралап, шығармашылыққа жетелеу басты міндетім. Мұғалім оқушының танымдық іс- әрекетте жоспарлау білігін дамыту мақсатында арнайы тапсырмалар дайындау қажет

Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушылардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орнын ерекше түсініп, сабақ үрдісінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдаланады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту, әңгіме, өлең оқытып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттату, диалог құру, ойтолғау жаздыру, түрлі ойындар ұйымдастырылады.

Әр сабақтарында жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың  ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету. Соның бірі - Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, ынталандырады. Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады.

Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:
1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;
2)Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;
3)Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
4)Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
5)Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру арқылы
- Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. 
- Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. 
- Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. 
- Мәтін бойынша мақал құрастыру. 
- Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ,
әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. 
- Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша,
- Өлең, мақалдар құрастыру. 
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу. 
Кейіпкерге мінездеме беру. 
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, Диалог-ертегі.  Образға кіру. т/б)

Әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы ойынға қызығу арқылы шығармашылық тапсырмаларды жеңіл әрі белсенді түрде орындайды. А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Сынып оқушыларын жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.

Себебі бала әр сабақта, әр тақырыпта өзін-өзі жетілдіріп отырады, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.

-Топтық жұмыс нағыз өз бетінше үйренушілер ортасын құрайды.

-Балалар өздері бәрінің бірдей екенін ұғады.

-Көптің пікірін тыңдап сыйлайды.

-Қарым қатынас мәдениеті жетіледі.

-Балалардың белсенділігі артады.

-Шығарма құрлысын талдау жасайды.

-Бірге ақылдаса отырып ізденіске, зерттеуге шығармашылық жұмысқа жол бастайды.   

Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы сабаққа дайындалық барысында оқушылар оқиды, жазады, топпен жұмыс жасайды, өз іс-әрекетін сараптап, жан- жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиеленеді.  



 

 

 Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Н.Құрман «Қазақ тілін оқытуда теориялық ойлауды дамыту технологиясы».

  2. Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары».






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"дамыта о?ыту" баяндама

Автор: Ильяшев Жасулан Толеутаевич

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279737


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства