kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок на тему "Алтыбақан ойыны" 5 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақалада жалпы қазақтың ұлттық ойындары туралы берілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок на тему "Алтыбақан ойыны" 5 класс»

Сабақтың тақырыбы: « Ұлттық ойындар»

«Национальные игры»

Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен балалар.

-Бүгінг біздің тақырыбымызды білу үшін Қазақтың ұлттық ойыны.

-Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білеміз.

-Ұлттық ойындарға нелержатады.

1.Алтыбақан. 6.Жаяу жарыс. 11.Ақ сандық пен көк сандық

2. Ат бәйгесі 7.Көкпар. 12.Итерспек

3.Ат ойындары. 8.Жіппен секіру. 13.Жаяу тартыс.

4.Аударыспақ 9.Күш сынасу. 14.Қыз қуу.

5.Балуандар бапкері. 10.Қазақша күрес. 15.Жорға жарыс. т.б.

Алтыбақан.Алтыбақан қазақ халқының ұлттық дәстүрлі байырғы ойыны.Алтыбақанды ауыл жастары ауыл сыртындағы таза, көгалды алаңға орнатады. Алтыбақан үшін ағашы жоқ жерде жайлап отырған ауылдың жастары, желден үйді сақтайтын, шаңыраққа тірейтін кәдімгі жуан

бақандарды пайдаланған. Содан да алтыбақан ойыны аталған деген түсінік бар. Ойынның негізгі мақсаты ынтызар, ғашық жастарды кездестіру, оларды жақындастыру, келешек тату

тәтті қазақи жанұяларды қалыптастыруға ықпалды ойын. Бұл жалпы халықтық сиптқа тән, көпшілік ойыны.

Ат бәйгесіҚазақ халқының қуаныш тойлары болсын, қайғыға арналған ас беруі брлсын үлкенді кішілі мереке мейрам, тілеу шайлары, құдалық тойлардың тағы басқадай сауық сайрандар ежелден ат бәйгесінсіз өтпейді. Ат бәйгесінің түрі көп. Ол аттың жасына қарай жарыс бәйгелерін жүргізген. Бұрынғы кезде тай, құнан, дөнен, үлкен ат жарыс бәйгелерін жүргізген. Қазақтың тарихи тойларында аламан бәйгеге мыңға тарта ат қосылғаны жайлы деректер кездеседі. Бас бәйгеге де көптеген малдар тігілетін болған.

Ат ойындарыҚазақ халқы ат жалында өскен, атты қастерлейтін халық.Олар ат құлағында ойнайтын өжет ел. Содан да қазақтың дәстүрлі той томалағы, мереке мейрамы ат өнерінсіз өтпейді. Оларға бәйге түрлері, ат үстінен тенге ілу, жамбы ату, көкпар, қыз қуу, қыз қуар, аударыспық тағысын тағы ат арқылы атқарылады. Ат ойындарының түрлері көп. Солардың бастысы аттың алдынғы екі аяғымен тік тұрғызуы болады. Бұлардан басқа да ат ойындары болады.

АударыспақҚазақтың ұлттық ойыны. Ауыл балалары таза, тегіс алаңға жиналып аударыспақ ойынын ойнайды. Мунда ат орнына балардың ірі, үлкендері пайдаланылады. Үлкен балалар кішірек балаларды арқаларына көтеріп алып екі екіден аударыспақ ойынын ойнайды. Ат болып жүрген балалардың және аударыспақ ойынына қатысушы балалардың мықтылығына сай ойында жеңімпаздар айқындалады. Бұл ойын тойларда ат үстінен аударысып күш сынасатын өнердің ойын түрі, соған негізделген. Ойын балалардың денесін шынықтырып, батылдыққа баулиды.

Балуандар бапкерлеріҚазақ халқы табиғатқа жақын өскен, үнемі далада жүретін, таза ауамен дем алып, тұнық су ішіп, қуатты тағамдар жейтін, ұрпағы өжет, қуатты, күшті келеді, Бура сан, « түйе, өгіз» балуандар қазақ тарихында көп болғанын тарих дәлелдейді. Осы балуандардың тыбысты күресуіне олардың бапкерлерінің де үлкен үлесі болады. Олар балуандарын өздерінше сынап, баптап, әдіс-айланы айтып беріп, қарсыласының осал жағын күні бұрын біліп, оны өз балуанына ұқтырып, айтып отырады. Балуанын атқа мінгізіп, иығына шекпен жауып, аттан түсіріп алып, күресер ортаға сән-салтанатпен әкелуге тиісті. Ақын бапкерлер балуанының ат-атағын жырмен де жырлап жар салады. Бұл да балуандардың бір сән-салтанат насихаты –дәстүрі.

Жаяу жарыс. Қазақ халқының дәстүрлі тіршілігінде, тез жүгіретін адамдар көп болған. Оларды ел жылдамдығын « желге» теңеп «желаяқтар» деп атаған. Қазақи тойларда «жаяу жарыс бәсекесі» де өткізіліп тұрған. Сондай-ақ ел ішін аралаушы, српы, шейх, диуана, бақсы, балгер тағы басқа адамдар да өте тез жүгіріп, жүретін болған. Олар атсыз елдің о шетінен бұ шетіне өте тез баратын болған. Оларды да ауыл адамдары «желаяқтар» деп атап келген. Желаятар туралы түсінік, кейіпкерлер қазақтың ауыз әдебиетінде,аңыз ертегілерінде де көптеп кездесетін болған. Жаяу жарыстың турі көп. Атап айтсақ, «балалар жаяу жарысы» , «үлкендер жаяу жарысы» ...жігіттер, бозбалалар жаяу жарысы, кейде кемпірлер жаяу жарыстары да ұйымдастырылып тұрғаны жайлы деректер кездеседі.

Көкпар. Қазақтың ұлттық ойын бәсекесі. Сөз төркіні «көк бөрі» деген сөзден туындаған. Малдың жауы қасқырды соғып, атып, қақпанмен аулап алған соң, ауыл адамдары көк бөріден кек алу үшін оны келекелеп немесе қасқырды аулап алғанға қуанып,оны өзара тартысатын болған. Кейін келе қасқыр терісі табылмағанда, оған ұқсас көк ешкі, көк серке терісін тартады. Қой терісінде тарта береді. Кей жерлерде бүтін малды да тартысқа салады. Көкпар ойынының әр жерде әр түрі бар. Қазақстанда, Орта Азия түркі тектес халықтарында топтаса тартады. Бұл өте қауіпті. Монғолиядағы қазақтарда көкпардың көне түрі сақталып қалған.

Жіппен секіруҚазақи ауыл балаларының ойыны. Ойынға құлаш жарым жіптерді балалар өз дене тұрықтарына сай өлшеп алады. Бұған қылдан, жүннен есілген және басқада жіптер пайдаланылады. Арналған жіпті ұл, қыз демей екі ұшынан екі қолымен ұстап, тік тұрып, екі аяғын қосып тік секіріп, аяқ астынан айналдырып өткізіп, бастарынан да асыра жіпті айналдыра жіптен секіріп ойнайды. Кейде жіпті айқастырып та, мәнерлеп секіреді. Кім көп рет жіпті аяқтарына соқтырмай, төзімді ойнаса сол жаңіске жетеді. Бұл ойынның тәрбиелік мәні, жас ұрпақтарды төзімділікке қырағылыққа тәрбиелейді. Кей жағдайда табанмен секіріп түсу бүйрекке зиянды деп көріледі.

Күш сынасуҚазақ халқының той-томалақ, тілеу, мереке, мейрамдарының бір қызығы, жиналған жұрттың тамашасы күш сынасу сайысы болмақ. Кейде жиналған жұрт тілегімен елге күш болған, түйе, өгіз көтерген қара күш иелеріне көптің алдында түйе, өгіздерді дайындап қойып көтертеді. Кейде тас көтеретінде салт бар. Сол сияқты жұдырығыменде тасты ұрып сындыратын, иығына сырғауыл салдырып,оған тойшыларды отырғызып көтеріп елді бір сергітетін қазақтың «далалық цирк» өнерпаздары көп болады. Қазақ даласында табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұрып, азу аң,асау малмен алысып,оны тұқыртатын талай «ерлер» болған. Бұлар күшін ел жиылған той,мерекелерде бір көрсетіп қалады.

Қазақша күресҚазақ халқының ұлттық ойын, бәсеке сайысының бір түрі. Қазақ күресі көбіне той-томалақтарда, тілеу, ас беру, ұлы жиындарда жүріліп келген. Қазақ күресі таптық, рулық сипатта болады. Ертедегі қазақ күресінің өз ережелері болды. Қазақ күресіндебасқа ұлттардан күресетін көп балуан болмайды. әр бір ауыл, ру, тайпа өзінің ең күшті деп көрген палуанын әкеп күрестіреді. Күресер алдында палуандар рухтарын шақырып, ру, тайпа ұрандарын айтып, буркітше қомданып, бураша шабынып айбат көрсетеді. Палуаны жыққан ру жеңіске жетіп, шаттанса, палуаны жығылған тайпа «жерге кіріп» кете жаздайды.

Палуан – қазақ халқында ерекше күш иесі. Палуандар «палуандар» күресінде сайыс, бәсекеге түсіп, ел, ру, тайпа, халықтың намысын қорғайды. Жауырыны жерге тимеген палуандарға халық «алыптар» , «дәу» , «шомбал палуан» , «тізесі жерге тимеген» , жауырыны жерге тимеген» , «жығылып жер иіскемеген» , «түйе,өгіз көтерген» палуандар деген әртүрлі атақтар береді. Т. Б.

1/4 сынып : Оқушылары мен Бірнеше Ұлттық Ойын Көрсету.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Урок на тему "Алтыбақан ойыны" 5 класс

Автор: Уалшеев Ғалымжан Шаматұлы

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 401018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства