Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойын аясындағы бірқатар стратегия мен тактиканы оқу | Мектеп. |
Күні:13.12.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып:5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 5.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну,сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: |
Асық ойынының маңыздылығын жан-жақты қарастыра біледі. Асық ойынының ережелерін біледі. Іс жүзінде өздері жасап көреді. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
Асық ойынының түрлерімен ерекшелерін біледі. Асықтың иірілу әдістерін біледі. Топта жұмыс жасай алады. |
Оқушылардың кейбірі орындай алатын мақсат: |
Асықтың түрлері туралы біледі. Топта еркін араласуды үйренеді. Асықтың түрлерін біледі. |
Тілдік мақсат: | Асық – альчик - аnkle Шеңбер-круг-cirle Ойын-игра-play |
Блум таксономиясы: | Білу,түсіну,қолдану, талдау,жинақтау,бағалау. |
Ишара: | Мұгалімнің іс-әрекеті арқылы қолмен көрсету. |
Рухани құндылықтар. Дағдылар. | «Мәңгілік Ел» -жобасы, болашағымызға бағдар ететін, ұлы мақсаттарға жет елейтін идея. Өзіміздің қазақ ұлтының идеясын асыруға, қалыптасқан тарихи үдерістерін жаңғыртуға арналғалған. Болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - «Мәңгілік ел болу» |
Пәнаралық байланыс: | Тарих, қазақ әдебиеті,бейнелеу өнері. |
АКТ қолдану дағдылары: | Презентация-слайд |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған уақыты: | Жоспарланған іс-әрекет: | Ресурстар: |
Сабақтың барысы: 10 минут Белсенді оқыту: Білу Топқа бөлу: 2 минут | Салемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру. Ұлттық ойындар тарихына тоқталу. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз. Қауіпсіздік ережесіне тоқталу. Оқушыларға шеңбер құрып, «Жүректен-жүрекке»тренингін орындауды ұсынады. Оқушыларды асықтың алшы және тәйкі тұрған суреттері арқылы екі топқа бөлу | Слайд арқылы асық түрлерімен және асықпен ойналатын ойын түрлерімен таныстыру
|
Диалог: 3 минут Түсіну | -Ұлттық ойындарға қандай ойын түрлері жатады? -Неліктен ұлттық ойындар деп аталады? -Қазіргі уақытта ұлттық ойындарымыздың қайсысы сирек қолданылады? -Себебі неде деп ойлайсыздар? | |
Сабақтың ортасы: Қолдану Саралау: Дескриптор: Бағалау: | а) «Жалғасын тап» ойыны 1.Ойлай берсең дана боласың, .................ойнай берсең бала боласың. 2.Ойна, бірақ жұмысты да ...........ойла. 3.Ойнап сөйлесең де ,..............ойлап сөйле. 4.Көп оқыған озар,.......көп ойнаған тозар. 5.Ойнаса да ойындағысын..........айтады. 6.Ойна, күл........оқы да біл. Оқушыларды физикалық мүмкіндіктеріне қарай үш топқа бөлеміз: А тобы: біледі, және аздап жазады. Топпен бірге ізденеді. Б тобы: біледі ,түсінеді,берген жүктемені барынша орындайды.Тереңірек ойлайды. С тобы: біледі-түсінеді ,берілген тапсырманы толығымен орындайды.Толық мәлімет алады. 1. Бір- біріне кезектесіп ой бөліседі.Топпен бірге ізденеді. 2.Бір-бірімен кезектесіп орындайды.Білгенін талдайды. 3.Тапсырманы толық жазып шығады.Жан-жақты,терең қорғайды. Смайликтер арқылы | Сергіту сәті Екі топтың оқушылары мақалдың жалғасын жазып шығады |
Талдау 15 минут Саралау: Дескриптор: Бағалау: Саралау: Дескриптор: Бағалау: | Асық атаулары: Құлжа-арқардың аталығының асығы. Сақа-арқардың асығы Жабайт-еліктің асығы Асық-қой мен ешкінің асығы Шүкімайт-қозы мен лақтың асығы. ә)«Бес тас» ойыны А тобы :ойын туралы ұғынады. Көрсеткен ойынды аздап жасайды. Б тобы :ойын шарттарын түсінеді.Үйренгенін барынша ойнауға ынталанады. С тобы :ойынның барлық әдістерін біледі.Берілген жаттығуды толығымен орындайды. 1.Бір-біріне көмектеседі. Ойынға еркін араласады. 2.Үйренгендерін орындайды. Топ мүшелеріне көмектеседі. 3. Білгендерін көрсетеді.Тобына көмектеседі. «Үш шапалақ» б)«Омпы» ойыны А тобы: Ойынның ережесін біледі.Ойнауға ынталанады. Б тобы: Ойнау тәсілін біледі.Мүмкіндігінше ұпай жинауға тырысады. С тобы: Үйреткен тәсілді толығымен жасайды.Шебер ойнайды. 1. Бір- бірімен кезектесіп ату. Нысананы көздеуге ұмтылу. 2.Нысананы көздей білу. Нысанаға дөп тигізу. 3.Көздеген нысананы ату,тобына ұпай жинау. «Екі жұлдыз бір тілек» | Асық түрлері Ойын ойнайық. |
Жинақтау 5 минут | 1-топ. Комьпютердің оқушыға тигізер пайдасы мен зияны қандай? 2-топ. Асықтың оқушыға тигізер пайдасы мен зияны қандай? | Постер қорғау. |
Бағалау: | Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек. Бағдаршам арқылы (жасыл, қызыл, сары). Жасыл түс: Сабаққа өте жақсы түсінген оқушылар. Сары түс: Сабақтың кейбір жерлерін түсінбеген оқушылар. Қызыл түс: Мүлдем түсінбеген оқушылар бағаланады. | |
Дескриптор: | (А)- Асық ойыны туралы мәліметті толық меңгереді; (В) - Асық ойынының түрлерін біледі; (С)-Көргенін есте сақтайды; | |
Саралау: Сабақтың соңы: 5 минут | Кері байланыс «Кезбе тілші» әдісі арқылы оқушылардан сұқбат алу. -Бүгінгі сабақтағы көңіл – күйіңіз қандай? -Жаңа қандай мәліметтер алдыңыз? -Келесі сабақтан не күтесіз? | |