1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 1. 2. 3. 4. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. | Бір қатарлы сапқа тұр! Түзеліңдер! Түзу тұрыңдар! Сабақтың мазмұнымен таныстыру. Саптағы жаттығулар жасау. Оңға бұрыл,солға бұрыл,кері бұрыл Залды айнала солға жүр. Жүгіреміз: Қолды алға созып,тізені көтере жүгіру; Қолды артқа қойып,өкшені тигізе жүгіру; Аяқты алдыға сермей жүгіру; Аяқты артқа сермей жүгіру; Оң жақ бүйірмен секіре жүгіру; Сол жақ бүйірмен секіре жүгіру; Қолды аяқтың сыртқы қырына тигізе жүгіру; Қолды аяқтың ішкі қырына тигізе жүгіру; Жай жүреміз: Қол жоғарыда,аяқтың ұшымен жүреміз; Қол белде,өкшемен жүреміз; Қол белде,аяқтың сыртқы қырымен жүреміз; Қол белде,аяқтың ішкі қырымен жүреміз; Жалпы дамыту жаттығуларын жасаймыз: Бастапқы қалып: Қол белде. Басты 4 рет оңға,4 рет солға айналдырамыз; Б.қ. Қол белде.басымызды 1-алдыға еңкейтеміз,2-шалқайтамыз,3-оңға,4-солға қисайтамыз; Б.қ. Қолымызды иыққа қойып,иықты 4 рет алдыға,4 рет артқа айналдырамыз; Б.қ. Қолымызды алдыға тіке созып, қайшылаймыз; Б.қ. Қолымызды түзу қалпында жоғары көтеріп,1-2 артқа сермеп,3-4 қолымызды ауыстырамыз; Б.қ. Қолымыз белде, белімізді 4 рет оңға, 4 рет солға айналдырамыз; Б.қ. Қолымыз белде,белімізді 1-2 алдыға еңкейтеміз,3-4 артқа шалқайтамыз; Б.қ. Қолымыз белде, белімізді 1-2 оңға, 3-4 солға қисайтамыз; Б.қ. 1-қолымызды жоғары көтереміз,2-аяқ ұшына тигіземіз,3-отырамыз,4-тұрамыз; Б.қ. Аяқ арасын кеңірек ашып, оң қолымызды сол аяққа, сол қолымызды оң аяққа тигіземіз; Б.қ. 1-оң аяққа отырып,сол аяқты созамыз, 2-тұрамыз, 3-сол аяққа отырып, оң аяқты созамыз,4-тұрамыз; Б.қ. Оң аяқпен 10 рет, сол аяқпен 10 рет, қос аяқпен 10 рет секіреміз. | | Сәлемдесу.Оқушы лардың киімдерін тексеру. Бұрылғанда аяқ қимылын бақылау. Тізенің бүгілмеуін қарау. Биігірек секіруін бақылау. Қолдың аяққа тиуін мұқият қарау. Қол түзу,өкшені көтеру. Басты көтеріп, денені түзу үстау Бастың дұрыс айналуын қарау Иықтың дұрыс қозғалуын бақылау. Қолды түзу ұстауын қадағалау. Шынтақтың бүгілмеуін қарау. Белдің дұрыс айналуын бақылау. Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау Дененің дұрыс иілуін бақылау. Тізенің бүгілмеуін қарау. Аяқты түзу ұстауын қадағалау. Орында тұрып секіруін қарау. |
1. 2. | Алдымен бір қатарда тұрған оқушыларға «Бірінші-екінші нөмер бойынша санаңдар!» деген команда беріледі. Осыдан кейін «Екі қатар сап түзеңдер!» деп команда беріп, әрі қарай «бір» дегенде, бірінші номерлі оқушылар оң аяғын бір қадам алдыға, «екі» дегенде сол аяғын екінші номерлі оқушылардың алдына әкеліп, «үш» деген кезде оң аяғын сол аяқтың қасына әкеледі. Оқушыларға «Бірінші,екінші,үшінші номер бойынша санаңдар!» деген команда беріледі. Содан кейін «Үш қатарлы сап түзеңдер!» деген команда беріп, әрі қарай «бір» деген кезде бірінші номерлі оқушылар оң аяғын бір қадам алдыға,үшінші номерлі оқушылар сол аяғын бір қадам артқа қойып, «екі» деген кезде сол аяқтарын екінші номерлі оқушылардың алдына әкеліп, «үш» деген кезде оң аяқтарын жақындатады Соңынан эстафеталық ойын ойнату. | | Жаттығуды оқушыларға дұрыс түсіндіру. Қателерін дер кезінде дұрыстау. |