5 | Қозғалмалы бой жазу жаттығулары - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру. - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Бір қалыпты жеңіл жүгіру. - Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. - Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. - Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. - Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру. - Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. - Екі қол тізеде, толық отырып жүру. - Отырып секіре жүру. - Дем алу,дем шығару. | Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірмен жгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту. |
6 | Саптағы бой жазу жаттығулары - Саппен келіп бірнеше қатарға тұру. - Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру. - Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. - Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру. - Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. - Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. - Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. - Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру. - Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру - Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. - Дем алу, дем шығару. | Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. Дұрыс иілулерін ескерту. Қолдың Аяққа тиюін ескерту. Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту. Аяқтың қолға тиюін ескерту. Тізені дұрыс айналдыруын ескерту. |
Н Е Г І З Г І К Е З Е Ң | Ойыншылар теңдей екіге бөлінеді.Әр команданың бір-бір волейболдобы болады.Ойын волейбол алаңында өтеді. Ортада доп керулі тұрады.Екі команда екі жағына шығады. Мұғалім белгісі бойынша командылардағы ойыншылар өз добын қарсылас командасының алаңына лақтыру керек. Егер лақтырып жатқанда доптың екеуі де бір жақта болып қалса, ойын тоқтатылып, сол команданың ұтылғанын добы жоқ команданың І ұпай алғанын хабарлайды. Доптың біреуі добы жоқ командаға қайтарылады.Қай команда 15 ұпайға тез жеткізсе, сол команда ойынның жеңімпазы атанады. | 27 мин | Ойыншылар волейбол алаңына түгел дұрыс орналасуы керек. Допты тек алаңның ішіне ғана лақтырады. |