Открытый урок по физкультуре на тему "Дене шыны?тыру саба?ында «Волейбол» ойынны? т?рбиелік м?ні"
Открытый урок по физкультуре на тему "Дене шыны?тыру саба?ында «Волейбол» ойынны? т?рбиелік м?ні"
Я Анартаева Иззатилла родилась в 12 июня 1992 года Республике Казахстан, Южно казахстанском области, Сайрамского района, в селе Манкент. Окончила школу имени Ш.Рашидова в 20 году и в этот же год поступила в Южно Казахстанский государственный университет имени Муътара Ауезова. В данный момент работаю в ОСШ Айнабула
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по физкультуре на тему "Дене шыны?тыру саба?ында «Волейбол» ойынны? т?рбиелік м?ні"»
Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні
Сабақтыңмақсаты:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру. Оқушыларды салауатты өмір салтын мықты ұстауға шақыру, ұлттың бетке ұстар толағайларын құрметтеуге, осы толағайлар секілді азамат болып өсуге, ел намысын әрқашан биік ұстар, ұлтжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт зал
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: толағайлардың суреттері, Лондон олимпиадасы туралы жазылған мақалалар, интерактивті тақта
р/с
Сабақтың мазмұны
уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
І. Дайындықбөлімі 10-15 мин
1
Сапқа тұру, рапорт беру
1’-2’
2
Сабақтың мақсатын түсіндіру
1’
Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
3
Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт лекке кайта сапка тұру.
1’
Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.
4
а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен
ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру
б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру
в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру
г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.
2’-3’
Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.
5
Жүгіру жаттығулары
а) Қолды созып, тізені жоғары көтере
ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе
б) Сол иықтан алға қарап
2’-3’
Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру
Тек сол иықпен қарап алға жүгіру.
Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.
6
Қозғалыстағы жаттығулар
а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпиартқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол
Мұғалім: Спорт – адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруде таптырмас құрал. Спорт өнеріне жеткіншектерді баулу – ерте заманнан қалыптасқан дәстүр.
Волейбол – мектеп оқушыларында шыдамдылық, сұлулық пен тұрақтылықтың қалыптасуына жол ашатын спорт түрі.
Бұл балалардың өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін жақсартатын ойын. Волейбол ойыны үшін спорт залы, спорт кешендері таза болуы керек.
Дене тәрбиесі пәнінен «Денешынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні.«тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.
Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин. ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин. ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин
Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.
Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғарылақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы, кадаскоп пайдаландым.
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.