Қауіпсіздік ережелері туралы айту күрделі жаттығуларды орындау алдында ширату жаттығуларын жасау мұғалімнің рұқсатынсыз құралдармен жұмыс жасамау құралдарды қолданар алдында олардың бүтін жарамды екеніне көз жеткізу Құралдармен таныстыру. Жаттығулар топтамасы: 1. тапсырма (кіші доптармен) а) қолды алдыға созамыз, қол басындағы доптарды айландырамыз ә) доптарды иыққа қоямыз, басты кезекпен екі допқа тигіземіз б) оң аяқты алдыға шығарамыз допты тізе астынан төрт рет соғамыз (сол аяқпен жасаймыз) 2. тапсырма (бодибардпен(гимнастикалық таяқша) а) таяқшаны кеудеге ұстаймыз,қос қолды алдыға созамыз б.қ келеміз,қолды жоғары көтереміз б.қ келеміз ә) аяқтарды сәл алшақ қоямыз,таяқша иықта оңға,солға бұрыламыз б) аяқтарды сәл алшақ қоямыз,таяқша иықта оңға,солға,алдыға иілеміз 3. тапсырма (секіртпемен) а) секіртпені төртке бүктеп,қолды алдыға созып алшақ ұстап тұрамыз,қолды бір біріне соғамыз,қайта алшақ ұстаймыз ә) бүктелген секіртпенің көмегімен аяқты кезекпен көтеріп тұрамыз (беске дейін санаймыз) б) бүктелген секіртпені жерге қоямыз,секіртпеден алдыға, артқа секіреміз қол белде Тынысты қалыпқа келтіреміз ҚБ: Топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағалау. «Шабандоздар» ойыны Алдымен балаларды екі топқа бөліп, Балаларды екіден жұптастырамыз.Бір бала ат, екінші бала шабандоз болады.Алаңға кегель тастары қойылады,балалар алаңға шығады.Ойын жүргізуші «шабандоздар жәй жүреді» дегенде олар кегель тастарының арасымен жәй жүреді. «Шабандоздар шабады» дегенде кегель тастарының арасымен жүгіреді.Қозғалыс кезінде кегель тасын құлатып алған шабандоз ойыннан шығады.Тастарды құлатпай соңында қалған шабандоз жеңімпаз болады. ҚБ: Топтар бір-бірін басмармақ әдісі арқылы бағалау |