Дене шыны?тыру п?нінен саба? жоспарларыны? топтамалары
Дене шыны?тыру п?нінен саба? жоспарларыны? топтамалары
Атырау облысы, ?ызыл?о?а ауданы, Жас?айрат селосы, Ш.Т.Еркінов атында?ы орта мектебіні? дене шыны?тыру п?ні м??алімі ?алам?алиева Фаризат Марат?ызы. Б?л саба? жоспарларыны? топтамалары дене шыны?тыру п?ні м??алімдері ?шін ?те жа?сы к?мек. Ішінде 5 саба?ты? жоспары, ?діс-т?сілдері, ойын элементтері, к?тілетін н?тижелер на?ты к?рсетілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Б.қ.қол белде,аяқ иық көлемінде .1-қол жоғарыда артқа шалқаю,2-алға еңкею,3-қол алдыда отыру,4-негізгі тұрыс.
Н.т.1-2-оң аяққа,3-4-сол аяққа отыра бүгілу.
Н.т.бір орында отырып тұру.
Негізгі бөлім
Оқушыларға 3 түрлі түс таратылып,3 топқа бөлінеді.Топпен арнайы жаттығулар жасайды,бір-біріне үйретеді.Содан соң топтар ауысып көршілеріне көрсетіп үйретеді.
-бөрене үстімен тез адыммен,жүгіріп өті;
-бөрене үстімен жүріп келе жатып,допты лақтырып қағып алу;
-жерге сызық сызып,үстінен жүгіріп өту.
1- топ жатты5улары
-бөрененің үстінен басынав кітап қойып,қолды екі жаққа соза алға,артқа жүріп өту;
2- топ жаттығулары
-сол аяқпен бір адым ілгері аттап,екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау.
3- топ жаттығулары
-оң аяқпен бір адым ілгері аттап,сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу;
-екі оқушы «қыл көпірдің»(гимнастикалық бөрененің)үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін,қарсы келген екі оқушы бір- бірін иығымен немесе белінен ұстап,оң аяқтарын бөрене үстіне қарама- қарсы қойып,оңға айнала бұрылып,сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарсы жүріп кете беру.
Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру.
БҮҮ-стратегиясы.
Үйге тапсырма:Гимнастика,акробатика және көркем гимнастика туралы мәліметтер жинау.
Мадақтау,бағалау.
Тақырыбы:Допты алып жүру және екі қолмен кеуде тұстан торға лақтыру.
Мақсаты:Баскетбол ойын әдістерін меңгерту,үйрету,күш,иілгіштік,секіргіштік,тез аңғару және шапшаңдық сияқты дене қасиеттерін дамыту,салауаттық өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сапқа тұрғызу.Рапорт қабылдау,Сәлемдесу,Түгендеу.Қысқаша жаңа сабақ мақсатын түсіндіру.
Назар аудару жаттығулары:түзел,тік тұр,оңға,солға айналу,бір орында бас,тоқта.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
-Қол жанда,аяқтың ұшымен жүру;
-Қол белде,өкшелеп жүру;
-Қол белде,табанның ішкі,сыртқы қырымен жүру;
-Қол желкеде,жартылай отырып жүру;
-Қол тізеде,солға,оңға секіру;
-Спорттық жүріс.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
-Тізені жоғары көтеріп жүгіру;
-Қол белде,аяқтың басын алға сілтей жүгіру;
-Аяқтың арасын ашып оң және сол жақпен қолды айналдыра жүгіру;
-Артпен жүгіру;
-Жылан тәрізді жүгіру;
-Жай жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары:
1-2-демді ішке тартып,қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшына тұру,3-4-демді шығару,қолды жанға төмен түсіріп,аяқты табанға қою.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-Б.қ.қол белде,1-4-оңға басты айналдыру,1-4- солға басты айналдыру;
-Б.қ.қол иықта,1-2-алға,3-4-артқа айналдыру.
-Б.қ.оң қол жоғары ,сол қол төменде,1-2- оң қол сермеу,3-4- сол қол сермеу;
-Саусақтарды айқастырып,қол буынын айналдыру;
Б.қ.қол бүгулі кеуде тұста.1-2- сол жаққа қисаю,оң қол ауыстыра оң жаққа қисаю;
Б.қ.денені тік ұстау,қол белде.1-2-сол аяқпен секіреміз,3-4-оң аяқпен секіреміз.
Негізгі бөлім
Сапқа тұрғызу.Допты алып жүру әдістерін түсіндіріп,орындалуын көрсету.Арнайы бейімдеу жаттығуы:қолмен алып жүруді үйрету:
а)допты сол қолмен алып жүруді үйрету,
ә)допты оң қолмен алып жүруді үйрену,
б)допты оң және сол қолмен алып жүру,
в)допты аяқтың астынан өткізу,
г)бір орында тұрып допты жерге соғу және қарсыласын айналып алып жүру.
Екі қолмен кеуде тұстан торға лақтыру әдістері:
а)допты қабырғаға екі қолмен кеуде тұстан лақтырып,қайтадан қағып алу;
ә)допты жұп болып бір –біріне беріп,қайтадан қағып алу;
б)екі қолмен кеуде тұстан ұшып келе жатқан допты екі қолмен қағып алу;
в)жүріп,жүгіріп келе жатып допты басқа ойыншыға кеуде тұстан қос қолдап беру;қалқанның алдына,оң және сол жағына тұрып,допты торға кеуде тұстан қос қолдап лақтыру.
Қимыл –қозғалыс ойыны.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Сабақ барысын қорытындылау,бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Тақырыбы:Футбол элементтері:аяқтың ішкі және сыртқы жағымен допты алып жүру
Сабақтың мақсаты:Допты аяқтың және сыртқы жағымен алып жүруге жаттықтыру.Ойындар арқылы қимыл- қозғалыстар үйлеесімін дамыту.Бірлесіп әрекет етуге тәрбиелеу.
Спорттық жүгіріспен жүру,баяу жүгіру,тоқтау.Жалпы дамыту жаттығулары:
-Қолға беретін жаттығулар.
-Белге беретін жаттығулар.
-Аяққа беретін жаттығулар.
Әдістемелік нұсқаулар
1.Оқушылардың сапта қалай тұрғандарына назар аудару.
2.Формамен сабаққа келуін қадағалау.
3.Берілген бұйрықтың орындалуын айту.
4.Спорттық жүгірістің дұрыс орындалуын,арақашықтықты сақтауын қадағалау.
Негізгі бөлім
Доппен жұмыс
1.Бір орында тұрып,допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен тебу.
2.Қозғалыста допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен тебу.
3. «Допты жүргізушіге берме!»ойыны.
Әдістемелік нұсқаулар
Оқушылардың қателігін дер кезінде айту,түсіндіріп отыру.
Ойын ережесімен таныстыру.
Қорытынды
Бір қатарлы саппен оқушыларды жаймен жүргізу.
Оңға-солға бұрылту.
Үйге тапсырма.
Баға қою.
Тақырыбы:Саптық жаттығулар
Сабақтың мақсаты:Саптық жаттығулар,саптық жаттығуларға қойылатын талаптар,саптық жаттығулар туралы түсінік беру.Саптақ жаттығулардың көмегімен оқушылардың денсаулықтарын нығайту. Оқушылардың адамгершілігін,жігерлі қасиеттерін қалыптастыру,өнегелі көркемдік танымдарды үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:оқу-жаттығу.
Көрнекті құрал – жабдықтар:Саптық жаттығулардың плакаты.
Кіріспе бөлім
Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу,кезекші мәліметі.
Түзел,тік тұр.
Оңға бұрыл,солға бұрыл.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Бастапқы қалып.Қол белде,аяқ иқ деңгейінде.1-4 дейін басымызды оңға,солға айналдырамыз.
2.Бастапқы қалып.Екі қол жоғары созып,алға еңкейіп қолымызды жерге тигіземіз.(1-4)
3.Б.қ.Екі аяқ иық деңгейінде көбірек ашамыз,қолды белге қойып бірінші сол аяққа,сосын оң аяққа отырамыз.(1-4)
Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Бірінші топ:
1.Бір саптан екі сап құруү.
2.Бұрылу әдістері.
3.Өз орнында адымдау.
Екінші топ:
1.Бір леті саптан екі лекті сап құру (бастапқы қалыпқа келу)
2.Бір лекті саптан үш лекті сап құру (бастапқы қалыпқа келу)
3.Бір лекті саптан төот лекті сап құру (бастапқы қалыпқа келу).
Осы топтар ауысып жаттығуларды қайталайды.
Бірінші топ:
1)Бір саптан екі сап құру.
Бастапқы қалып.
Екінші қатарға тұрған оқушылар «1» дегенде сол аяқпен солға, «2» дегенде оң аяқпен алға бірінші қатарға тұрып, «3» дегенде сол аяқты жанына қою керек .
2)Бұрылу әдістері.
Бастапқы қалып.
«Солға бұрыл», «оңға бұрыл», «артқа бұрыл», «оңға», «солға», «артқа» деген сөздері –дайындық бөлімі де, «бұрыл»сөзі орындау бөлімі тез әрі нық айтылады.
«Артқа бұрыл!»деген команда беріліп, «бір» дегенде сол аяқтың өкшесі мен оң аяқтың басын бірден артқа бұрып, «екі»дегенде,оң аяқты сол аяқтың жанына әкеліп қою керек.
3)Өз орнынан адымдау.
Бастапқы қалып.
«Бір орыннан жүр!»деген команда берілгенде жүруді сол аяқтан бастайды.
Екінші топ:
1)Бір лекті саптан екі лекті сап құру.
Бастапқы қалып.
Бір лекті сапта келе жатып екі лекті сап құру үшін мұғалімнің берген командасынан кейін саптың басындағы бірінші және екінші нөмерлі оқушы бір қадам солға аттап,тоқтамай ілгері жүре берді.Ал олардын кейінгі екі оқушы тоқтамастан сол жаққа шыққан екі оқушымен қатарласады.Саптағы қалған оқушылар осы ретпен екі лекті сап құрған ретпен орындайды.
Үш лекті сап құру.
Бастапқы қалып.
Үш лекті сап құру үшін,мұғалімнің берген командасынан кейін алдыңғы үш оқушы солға бір қадам аттап шығады.Қалған оқушылар жаттығуды екі лекті сап құрған ретпен орындайды.
Төрт лекті сап құру.
Бастапқы қалып.
Төрт лекті сап құру алдыңғы ретпен орындалады.Саптағы қозғалыс тек сол аяқтан басталады.Оқушылар бірнеше лекті сап түзеп тұрғанда соңғы оқушы жалғыз қалса,ол бірінші лектің соңына тұру керек.
Қорытындылау.
Сабақтың соңында оқушыларды сапқа тұрғызу.
Үйге тапсырма беру.
Жаттығуларды қайталап,бағалау.
Тақырыбы:Секіру
Сабақтың мақсаты: Шығыршықты көлденеңінен лақтырып,екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.Батылдыққа,ептілікке,мұқияттылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.Секіру арқылы қимыл-қозғалысын желілдіру.
Спорт құралдары:Құм толтырылған шұңқыр,өлшеуіш,балалар санына сай шығыршықтар.
Дайыдық бөлім
Балалар аяқтарының ұшымен,өкшемен жүріп,оң,сол жақтарымен секіру,жүгіру және теріс қарап жүгіру.2-3 минут тоқтамай жүгіру.Қолдарына шығыршық алып,үш топқа бөлініп тұрып,жаттығулар орындайды.
1.Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу(7-8)
2.Аяқты қатар қойып тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап ,қайтадан бастапқы қалыпқа келу ( әр жаққа 4-5 реттен)
3.Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы кеудені солға бұрып шығыршықтың ортасына қарап,қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 реттен).
4.Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8рет)7
5.Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).
6.Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп,қайта секіріп шығу(1-2 минут).
7.Жай жүріп дем алып,дем шығару.
Негізгі бөлім
Спорт алағындағы секіруге арналған жерге келіп бірінің артынан бірі тұрып,3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу (8-10 минут).Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.
Секіртпемен орындалатын жаттығулар:
1.Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып,бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып,екі қолмен ұстауға үйренеді.Мұнда батылдық,ептілік жасап,шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек.Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
2.Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып,шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып,екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут).
3.Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп,үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.
Қорытынды бөлім
Алаңның екі жағынан қарама – қарсы 6 шығыршықты жерге қатар тастап қойып,балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту.Шығыршықты бір –бірлеріне дөңгелетіп,ұстап ойнау.2-3 минут «Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау,сапқа тұрғызу,сыныпқа апару.
«Секіртпемен секіре түс»
«Кім шапшаң секіріп жетеді»
Командаға бөлініп ,межелі жерге дейін секіріп бару.
«Кім ұзақсекіреді?»
Балалар екі-екіден бөлініп,әр түрлі жаттығулар жасап,ұзақ секіруі керек.
Кімде-кім ұзақ секірсе,сол ұтады.
Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек.Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар:
1.Қос аяқтап секіру.
2.Сыңар аяқтап алма - кезек секіру.
3.Аяқты қайшы қойып секіру.
4.Отырып секіру.
5.Екеулеп қол ұстасып секіру.
6.Көзді шарт жұмып сеіру.
7.Теріс айналып тұрып секіру.
8.Қолды қайшы ұстап секіру.
Тақырыбы:Доппен жасалатын жаттығулар
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды баскетбол,волейбол элементтері бар доппен жасалатын жаттығуларды орындауға бейімдеу,жылдамдық,ептілік,икемділік,қимыл –қозғалыс дағдыларын дамыту,салауатты өмірге тәрбиелеу.