kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновоциялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновоциялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.»  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновоциялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.»»

Баяндама

Тақырыбы:  «Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновоциялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.»  

Сабақ бастамас бұрын мен оқушылардың жалпы дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында сабаққа қажетті жаттығулар жүргіземін. Жаттығу жүгіруден басталады. Дене қызғаннан соң сабақ тақырыбына лайық жаттығулар жүргіземін. Қойған мақсатым: Оқушыларға дене сабағында жүгірту арқылы дене құрылыстарының дұрыс өсіп жетілуіне қадағалау және шапшандыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.  Міндеттерім: Күнделікті сабақ барысында оқушыны дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру  және сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды сабаққа жалпы қамти отырып қалыптастыру. Егер сабақтың өткізу тәсілдеріне  тоқтала кететін болсам: Жүгіру түрлері –жеңіл атлетикалық көп сайыс, жүру түрлері, спорттық снарядтады лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.  Жеңіл атлетика түрлері – өткізу алаңына және  ұйымдастырылуына байланысты.  Жеңіл атлетиканның негізгі жаттығулары: Тегіс жерде жүгіру, Бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру,лақтыру және көп сайыс. Жүгіру –қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді.  100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады: 1. төменгі сөреде тұру. 2. төменгі сөреден шығу. 3. ара қашықтық бойы жүгіру. 4. мәреден өту. «Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал»  деген бұйрықта көтерілу. «Жүгіру» деген бұйрықта аяқ-қолды тез-тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, қарқын алғанша жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын  кесіп отыру керек. Осы тәсілдерді дұрыс қолдана білген оқушы болашақта ел намысын қорғайтын  еліміздің спорт шеберлері   Ш.Бекбаев, О.Шишигина, О.Рыпакова сияқты Олимпияда чемпионы болады дегенге кәміл сенемін.  Әрине, дене шынықтыру сабағында ең басты назар қоятынымыз қауіпсіздік ережелер. Мен өзіміздің жоғарғы санатты ағай, апайлардың сабағына үнемі қатысып, ол сабақтардан өзіме керектігін алып отырамын. Қайрат ағайдың топтық әдіс тәсілдерін пайдалансам, Дурияш апайдың әр оқушымен жекелей тапсырма бере отырып жүргізген қозғалмалы ойындардың, Асылбек, Сұңқар, Жұман ағайлардың   баскетбол,волейбол  т.б. сабақтарындағы  ереже әдіс тәсілдерін жетілдіруге өз сабағыма қолданамын. Тәлімгерім Мартбек ағайдың сабақтарына да  қатысып біраз тәжірбие алдым. Ел басымыз  Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін  тең ететін-білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесіеің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып жатыр.  Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу –үлкен міндет. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірбиесі бар екені даусыз. Сондықтан, сол мол тәжірбиені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті.  Ғұлама Абай баланың бойына қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген. Міне, осы адами қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлықы.

  1. Елімен туған-туыс, жұрағат, дос- жолдасқа адал болу.

  2. Өте әділетті болу.

  3. Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.

Ұстаз тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда осындай ұлттық құндылықтар тақырыбында тәрбиені тәрбиеленуші бойына дарытады.

Мен өзім  сабағымда  ғаламторды қолданамын бұның тиімді жағы: сабаққа қажетті материалдар, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірбиелік) фильмдер, үлкен жарыстағы шеберлерді талқылаймыз.

 

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Амержанова Бекжан Жолтаевич

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360466


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства