Дайындық бөлім Сапқа тұрғызу. Кезекші мәліметі. Сәлемдесу. Класты түгелдеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Орнында бұрылу түрлері: Оң-ға,сол-ға,кері айнал! т.с.с. Жүріс түрлері: -Қолды жоғары ұстап,аяқтың ұшымен жүру. -Қолды желкеге қойып,өкшемен жүру -Қолды белге қойып,табанның сыртымен жүру. -Қолды белге қойып,табанның ішкі жағымен жүру. -Қолды алға созып,жартылай тізеге отырп жүру. Жүгіру түрлері: Жай жүгіріс. Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қолды жамбасқа қойып,аяқты артқа серпе жүгіру. Қолды иықтан алға айналдыра сол жақ жанымен жүгіру. Қолды иықтан артқа айналдыра оң жақ жанымен жүгіру. Қолды белге қойып,аяқты алға,артқа серпи жүгіру. Екі қолды жоғары көтеріп,керіле секіру. Жай жүріспен жүру. Тыныс алуын қалыпқа келтіру жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары: -Б.қ.аяқ арасы иық кеңдігінде,қол белде,басты оңға,солға айналдыру. -Б.қ.аяқ арасы иық кеңдігінде,оң қол жоғарыда,сол қол төменде 1-2 сан қолды артқа сермеу,3-4сан қолды алмастырамыз. -Б.қ.аяқ арасы иық кеңдігінде,қол иықта 1-4 сан иықты артқа айналдырамыз. 1-4 сан иықты алдыға айналдырамыз. -Б.қ.аяқ арасы иық кеңдігінде,қол белде 1-4 сан белді оңға айналдыру. 1-4 сан белді солға айналдыру. -Аяқ арасы иық кеңдігінде,қол тізеде; 1-4 сан тізені сыртқа қарай айналдыру. 1-4 сан тізені ішке қарай айналдыру. -Аяқ арасы қосулы,қол тізеде 1-4 сан тізені оңға айналдыру 1-4 сан тізені солға айналдыру Секіру жаттығулары: -Оң аяқпен,сол аяқпен,қос аяқпен секіру. | Оқушылардың спорт киімдеріне назар аудару,денсаулықтарына көңіл бөлу. Баяндау Жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау. Денені түзу,басты көтеріп. Белді түзу ұста. Денені түзу ұстау Ара қашықтық сақта. Денені түзу,аяқтың ұшымен. Денені түзу,жиірек. Иықты толық айналдыр. Аяқтың басын түзу ұста. Барынша жоғары секіру. Ара қашықтық сақта. Дұрыс орындалуын қадағалау. Басты толық айналдыру. Қолды түзу ұстау. Иықты толық айналдыру. Тізені бүкпеу. Аяқ арасын ашпау. Қолды белде ұстау,барынша жоғары секіру |