Ою-?рнек ?неріні? даму жолында ?рбір тарихи кезе?іні? ?з та?басы бар. Онда ?р елді? ерекшеліктері, халы?ты? келбеті, ?лтты? айырмашылы?ы ай?ын ашылады. ?релді? ?дет-??рып, салт-д?ст?рі, географиялы? таби?и ортасына байланысты ою-?рнек ?лгілері де ерекшеленіп, елдік сипат?а ие болып, т?рлене т?седі. Ою-?рнек дегеніміз-геометриялы? бейнелі элементтерді? ж?йелі ыр?а?пен ?айталанып, ?йлесімді ??рылуы. «?рнек» с?зі латынша «?шекей» дегенді білдіреді. Адамдар ерте кезден а? ?рт?рлі заттарды жасай отырып, пайдаланып ?ана ?оймай, сонымен ?атар т?рі тартымды, ?демі болатындай етіп жасау?а ?мтыл?ан. Олар ыдыс-ая?тар?а т?бет ашатындай ою-?рнектер салып, ?рлеп ?шекейлеуге ?лкен м?н берген. Ою-?рнекпен ж?мыс істеу т?сті ?йлестіруді, ?сіресе, ыр?а?ты сезінуді дамытады. Белгілі бір ыр?а?та?ы т?ртіпте орналас?ан жа?дайда ою-?рнек т?тасып эстетикалы? жа?ынан ?серлі болып шы?ады. Ою-?рнек те ?демілікке жетуді? ма?ызды бір ??ралы –симметрия. Симметрия д?лдікті, тепе-те?дікті к?рсететін ??ым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Елбасы Н.Ә Назарбаев білімді ұрпақ жарқын болашақ кепілі екендігін үнемі айтып отрады. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта еңбектенетін, әрі өзіндік ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын.
Оқушылардың өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін қалыптастыру, ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру біздің міндетіміз. Әр халықтың өзіне тән қолөнері бар. Ол халықтың қазынасы. «Өнер көзі-халықта,халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру-біздің парызымыз». Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына өнеге қалдырған бай мұрасы-тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған, халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен қатар адамдарға рухани ләззат әкелген. Қазақ қолөнерінің барлық түрінде кеңінен колданатын қолөнер туындылардың көркемдік-эстетикалық мәнін ашып, әшекейлеп айшықтай түсетін өнер.
Ою-өрнек өнерінің даму жолында әрбір тарихи кезеңінің өз таңбасы бар. Онда әр елдің ерекшеліктері, халықтың келбеті, ұлттық айырмашылығы айқын ашылады. Әрелдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, географиялық табиғи ортасына байланысты ою-өрнек үлгілері де ерекшеленіп, елдік сипатқа ие болып, түрлене түседі. Ою-өрнек дегеніміз-геометриялық бейнелі элементтердің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. «Өрнек» сөзі латынша «әшекей» дегенді білдіреді. Адамдар ерте кезден ақ әртүрлі заттарды жасай отырып, пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар түрі тартымды, әдемі болатындай етіп жасауға ұмтылған. Олар ыдыс-аяқтарға тәбет ашатындай ою-өрнектер салып, әрлеп әшекейлеуге үлкен мән берген. Ою-өрнекпен жұмыс істеу түсті үйлестіруді, әсіресе, ырғақты сезінуді дамытады. Белгілі бір ырғақтағы тәртіпте орналасқан жағдайда ою-өрнек тұтасып эстетикалық жағынан әсерлі болып шығады. Ою-өрнек те әдемілікке жетудің маңызды бір құралы –симметрия. Симметрия дәлдікті, тепе-теңдікті көрсететін ұғым.
Ұлттық қолөнерде білім беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындату, ұлттық тәрбиеге ұштастыру қажет. Кез келген оқушының көркем дүниені қатылдауы, эстетикалық талғамы, сезінуі әртүрлі болады. Сондықтан, оқушының жеке-дара қабілетін ескеріп, өз білімімен ізденуіне, ойын жеткізе білуге, шығармашылық жұмыс жасауына жағыдай жасауымыз керек. Осы бағытта оқушыларды еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәрбие беру маңызды қызмет атқарады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеті - шығармаларға, өнерге, табиғатқа, қоғамдық өмірге, еңбекке, тұрмысқа көркемдік бейнелі қатынас қалыптастыру. Эстетикалық тәрбиенің ең маңызды құрамдас бөлігі көркемдік, әсемдік тәрбие болып табылады. Ол қолөнер құралдары арқылы да жүзеге асады. Ұлттық қолөнерді дамыту арқылы мынадай дағдылар қалаптастырылады:
Рухани мәдениет
Сеімталдық
Еңбекқорлық
Ұлтжандылық
Шеберлік
Шығармашылық.
Ата-бабаларымыздың елдің корғаны, халқының қамқоры ер жігіттің тоғыз жауын атап, одан аулақ болуды өсиет етіп қалдырған:
1) Басты жауың- жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.
2) Осалдығың- аңқаулық,
Соқтыратын саныңды.
3) Жасқаншақ болсаң, ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.
4) Жалатқызбас жасықтық,
Ауызыңдағы балаңды.
5) Өтірік айтсаң өрмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
6) Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетірер салыңды.
7) Көпірме босқа мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.
8) Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.
9) Біреуді алдап арбаумен.
Аша алмайсың бағыңды- деп, адамның бірнеше кәсіпті меңгеру қажеттігін ескерткен. Сондықтан жауынгер, көшпелі қазақ елі, өнердің көптеген түрін өз ұрпақтарына дарытып, кәсіппен ерте айналысуға баулыған.