kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторлы? ба?дарлама:?аза?ты? ?лтты? ойыны то?ыз??мала?ты дене т?рбиесі саба?ында ?олдану т?сілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат

Дене шыны?тыру п?нінде ?аза?ты? ?лтты? ойындарын т?рлі ?дістермен жетілдіре о?ыта отырып, ?лтты? ?негені бойына сі?іріп, ?лт?а т?н ?асиеттерін дарыту?а жаса?тал?ан.  ?аза?ты? ?лтты? ойындарыны? біразы ойлауды ?ажет етеді. Соны? бірі «То?ыз ??мала?». То?ыз ??мала? ойыныны? стратегиялы? ж?не тактикалы? ?дістерін ?азіргі заман талабына сай ?олданылып отыр?ан компьютер ар?ылы ж?зеге асыру да жа?а ?дістерді? бірі. Олар негізінен логикалы? ойлау мен математикалы?, философиялы? ойлануды дамыту?а негізделген. То?ыз ??мала? ойыны жас жеткіншектерге спорт ?ліппесін ?йретумен ?атар, оларды? ой-?рісін, сана-сезімін, дамыту?а о?у ?лгерімін жа?сарту?а ж?не саналы т?рбие ?зіндік септігін тигізеді. ?лт?а т?н ?асиеттерді бойына дарытып, ?лтты? ?негені бойына сі?іру.   Ба?дарлама ?осымша білім беру саласы бойынша "то?ыз??мала?"?йірмесі о?ушылар?а ?йретумен ?атар, оларды? ой - ?рісін, сана сезімін дамыту?а, ?стамдылы??а, т?зімділікке, сабырлы??а, жігер - намысты шы?дау?а к?п е?бектенуге т?рбиелейді

    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторлы? ба?дарлама:?аза?ты? ?лтты? ойыны то?ыз??мала?ты дене т?рбиесі саба?ында ?олдану т?сілдері»

“Қазымбет орта мектеп- бақша” КММ

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры м.а: Оқу ісінің меңгерушісі:

Ж.Т.Мухаметрахимова Қ.А.Адильмуратова

__________________ ________________





Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты

дене тәрбиесі сабағында қолданудың тәсілдері





Дайындаған:

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп -бақша» КММ

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Боранбаев Қайратбек Турсынбекович





2015-2016 оқу жылы

Түсінік хат

Дене шынықтыру пәнінде қазақтың ұлттық ойындарын түрлі әдістермен жетілдіре оқыта отырып, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, ұлтқа тән қасиеттерін дарытуға жасақталған. Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет етеді. Соның бірі «Тоғыз құмалақ». Тоғыз құмалақ ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді. Ұлтқа тән қасиеттерді бойына дарытып, ұлттық өнегені бойына сіңіру. Бағдарлама қосымша білім беру саласы бойынша "тоғызқұмалақ"үйірмесі оқушыларға үйретумен қатар, олардың ой - өрісін, сана сезімін дамытуға, ұстамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа, жігер - намысты шыңдауға көп еңбектенуге тәрбиелейді
Бағдарламаның дидактикалық және этнопедагогикалық негіздері.
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты - дене тәрбиесі мен спортқа, сонымен қатар ұлттық спорт түрлеріне аса үлкен саяси, қоғамдық мән беріліп отыр. Қазақ жастарының спортпен шұғылдануы олардың жеке басының ісі емес, қоғамдық міндеті, өйткені, спорт қоғамдық іске пайдалы және Отанды қорғауға лайық азаматтар тәрбиелеуге көмектеседі. Тоғызқұмалақ ойынын үйретудің бағдарламасы спорт секцияларына сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердегі үйірмелерге арналған. Бағдарлама көлемі 1(бір) жылға есептелген және ойынның теориясы мен жарысқа қатысу, төрелік ету мәселелерін қарастырады. Бұл кезеңде үйренушілер терең ойлауға, тез шешім қабылдауға, сонымен қатар, математикалық амалдарды толық меңгеруге бағыт алады.Өйткені, тоғызқұмалақ ойыны математикалық амалдардың аумағына толық сияды. Кітапшадағы берілген қазақтың ұлттық ойындарын әрбір мұғалім өз сабағында пайдаланса деген ұсыныс білдіремін.





  • Мақсаты:

Оқушылардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру.Ұлттық ойындарда ақпараттық және денсаулықты сақтауға бағытталған технологияларды пайдалану.Отанды қорғауға лайық азаматтар тәрбиелеу

  • Міндеттері:

Біліктілік:

"Тоғызқұмалақ" ойынымен ережелерімен,әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық :

Оқушылардың ой - өрісін, сана сезімін дамыту,тез есептеуге үйрету.

Тәрбиелік:

Ұстамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа, жігер - намысты шыңдауға көп еңбектенуге тәрбиелеу.


  • Күтілетін нәтижелер.
    - Тоғызқұмалақ ойыны ұлттық ойын түрі ретінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылады.
    - Үйірме мүшелері тоғызқұмалақ ойынына машықтанады, мол тәжірибе жинайды.
    - Осы ойын әдістерін үйрету арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.
    - Дарынды оқушылар іріктеледі.
    - Аудандық байқауларға қатысу арқылы бұл ойын бұқаралық сипатқа ие болады.

  • Пән аралық байланыс:

Этнопедогогика,математика,қоғамтану







Ақпараттық анықтама:



Бағдарламаның жузеге асыру мерзімі (жыл)

1 жыл

Оқыту мерзімі

2015-2016 о.ж

Жас ерекшіліктері

1-11 сынып оқушылары

Оқушы саны


Апта жүктемесі

1

Жылдық сағат саны

34



























Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры м.а. Оқу ісінің меңгерушісі:

Ж.Т. Мухаметрахимова Қ.А.Адильмуратова

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ҮЙІРМЕСІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

Сабақ тақрыбы

Сағат

Мерзімі

1

Ойын тарихы, ережесі және мақсаты


1


2

Ойын ерекшеліктеі


2


3

Ойынды жазып ойнау тәртібі


3


4

Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары

3


5

Жүрістердің санын есептеу жолдары

2


6

Тактикалық тәсілдер

2


7

Комбинация құру тәсілдері


2


8

Байлау қою тәсілдері

2


9

Айырбасқа шақыру

2


10

Отауларға шабуыл жасау

2


11

Тұздық алу тәсілдері

2


12

Ойын бастамалары


2


13

Ойын ортасы

2


14

Ойын аяғы


2


15

Этюдтер шешу

2


16

Топ аралық жарыс өткізу


2



Қорытынды

1



Барлық сағат саны

34






Пән мұғалімі: Қ.Т.Боранбаев

Әдістемелік материалдары

Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері

Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі.

Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді.

Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.

Сурет 2. «Тоғыз құмалақ» ойынының тақтасы.

Тоғыз құмалақ ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады.

Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді.

Бұл ойынды арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ және қара түске боялған. Әр оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырылады. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі.

Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан, бір-бірден ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, ...) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аударады. Ойын барысында біреудің ұясында 2 құмалақ қалса, серіктесі ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үшін тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,

Бабалардың бұл – ежелгі ойыны.

Екі адамға тең бөлінген «мал – жайы»,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.



Бар он сегіз ұясы оның – кіші отау,

Екі қазан үлкен келген – іші отау.

Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ,

Сексен бірден – екі ойыншы тұр қамап.



Әрқайсысының сегіз ұя – «ойы» бал,

Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.

Екі ойыншы – екі «қойшы» кезекпенен,

Түсіреді ұяға «қой» есеппен.



Бір-бірінің ұясына айдайды,

«Қой – құмалақ», санын жіті аңдайды.

Ұяда қай жұп болса «қой» - құмалақ ,

Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ .



Солай талай қой қазанға түседі,

Есепке оны екі қойшы тізеді.

Кімде-кімнің қазаны тез толады,-

Сол ойыншы ұтып шыққан болды.



Қызықтырған бүгінде де ойлыны,

Міне, осындай бабалардың ойыны.



Қазақтың ұлттық ойындарының кез-келгенін қазіргі заманға сай етіп, жаңаша үйретуге болады. Қазақтың ұлттық ойындарын балаға жеткізудің бірі – сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Әдемі көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз. Ұлттық ойындарды бейнелеген кітапшалар көптеп шығарылса нұр үстіне нұр болары еді. Бізде насихаттау жағы нашар болып жатады, соны жабыла қолға алсақ. Қазақтың ұлттық ойындары пайдаланылған ашық сабақтарды бейнетаспа арқылы көрсетсек, балалар қызыға қарап танысар еді. Әрбір мектеп өздерінің сабақ жоспарларына ұлттық ойынды кіргізіп, 3-4 ойын түрін әр сабақта үйреніп отырса біздің балаларға жасаған азғантай пайдамыз сол болар еді.

Менің шығармашылықпен айналысып жүрген тақырыбым «Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолдану».

Осы тақырыппен айналысып жүргенде білгенім, біздің қазақтың ұлттық ойыны деп есептелетін көптеген ойындары бар екен. Соның көпшілігін дене тәрбиесі сабағында қолданып, әр сабақ сайын 2-3-еуін үйретсек, оқушылар өзіміздің ұлттық ойындарды білетін болмай ма?

Солардың ішіндегі 400 жыл тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны. Бұл ойынның кітаптары, ереже кітапшалары, электрондық түрі де бар. Қазір біздің облыс көлемінде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар отырып осы тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Үйірмелер көптеп жасауда. Бұл ойынның бір қасиеті оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа, ойлау қабілетінің артуына үйретеді.

Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады.

Мысалы, бізде мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика, спорттық ойындар, гимнастика түрлері ғана ғой.

Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген ойындар күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, «қуып жет», «Айгөлек», «қуаласпақ», «бірізді эстафета» деген ойындар жүгіруге қабілетін арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту, батпан көтеру сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын ойындар.

Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады.

Қазақтың ұлттық ойындарын көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.

Мысалы, компьютерде шахмат, дойбы ойнап отыратын адамдар көп кездеседі ғой, сол сияқты қазақтың ұлттық ойындарын да, мысалы тоғызқұмалақты да дәл солай ойнап отыруға болады ғой.

Қазір мемлекетіміз қазақ тілін насихаттап заңдар шығарып қойды, қазақ тілін қолға алды десе болады. Сол сияқты ұлттық ойындарға да бетбұрыс жасау керек деп ойлаймын.



Түсініктеме:



Бұл кітапшада қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты дене тәрбиесі сабағында қолданудың түрлері көсетіледі.Негізінен кітапша жас мұғалімдерге тәжірибе алмасу ретінде ұсынылған.Осы кітапшаны пайдаланып сабақ өткізсе,олар оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелей алады деп ойлаймын.Әрбір бала өзін қазақпын деп есептесе өзінің ұлтының дәстүрін,ойындарын жатқа біліп,соны пайдаланып өсуге тиіс. Сонда ғана біз оларды патриот ете аламыз.Осы кітапшаны оқып, танысып және қолданса мен жас мұғалімдерге алғысымды білдірер едім.











ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП



1. Оқушылардың бағдарламаны меңгеруі.

2. Білім сапасы.

3. Оқушылармен жүргізілген жеке жұмыстар.

4. Туындаған проблемалар.

5. Пән мұғалімнің пікірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. “Тоғызқұмалақ әліппесі” С.Тілеубаев, С.Бизақов. Алматы-2000 ж.

  2. “Тоғызқұмалақ (қазақтың ұлттық ойыны)” С. А. Аманжолов. Алматы-1936 ж.

  3. “Тоғызқұмалақ” (ойынның кодексі мен классификациясы) Ә.Ақшораев, Н.Жүнісбаев. Алматы. “Мектеп” 1980 ж.

  4. “Қазақ халқының энцоклопедиясы” 2003 ж.

  5. w.w.w. ylutau.kz. cайты.

  6. w.w.w. euk-ekb.kz. cайты.

  7. w.w.w. yandex.ru. cайты.

  8. w.w.w. google.ru. cайты.

  9. w.w.w. mectep.kz. cайты.

  10. “Мектептегі дене шынықтыру” журнал жинақтамасы. 2003-2009 ж.

  11. “Қазақтың ұлттық ойындары” Алматы-2005ж

11. Б.Төтенаев. «Қазақтың ұлттық ойындары»

12. «Дене тәрбиесі және спорт» журналы

13. «Дене тәрбиесі» оқулығы - С.Тайжанов

14. «Валеология» журналы

15. «Мектептегі тәрбие жұмысы» журналы

16. «Дене шынықтыру – мектепте» журналы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Боранбаев ?айратбек Турсынбекович

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303572


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства