kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Акробатикалы? жатты?улар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

А? серек,к?к серек

Ойын шарты:

Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топ?а  б?лініп, бір-бірінен 30-40 метрдей жерде  ?ол ?стасып, ?аз-?атар тізіліп т?рады. ?з тобыны? о? жа? басында бас?арушылар болу?а тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркіне ие бол?ан топты? жетекшісі:

 

А? серек, к?к серек,

Бізден сізге кім керек?-

 

деп  екінші топтан с?райды. О?ан ?арсыластары былай деп жауап береді:

 

А? серек, к?к серек,

Сонау т?р?ан азаматты? ?зі керек,-

 

деп ?арсы жа?ты? ойыншысыны? атын атайды. Сол ша?ырыл?ан бала ж?гірген ?алпымен ?ол ?стасып тізіліп т?р?ан топты? е? ?лсіз деген жерінен ?зіп ?туге тырысады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Акробатикалы? жатты?улар" »

Ақ серек,көк серек

Ойын шарты:

Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір-бірінен 30-40 метрдей жерде қол ұстасып, қаз-қатар тізіліп тұрады. Өз тобының оң жақ басында басқарушылар болуға тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркіне ие болған топтың жетекшісі:


Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?-


деп екінші топтан сұрайды. Оған қарсыластары былай деп жауап береді:


Ақ серек, көк серек,

Сонау тұрған азаматтың өзі керек,-


деп қарсы жақтың ойыншысының атын атайды. Сол шақырылған бала жүгірген қалпымен қол ұстасып тізіліп тұрған топтың ең әлсіз деген жерінен үзіп өтуге тырысады.

Егер ол үзіп кетсе, үзілген желідегі бір баланы өз тобына апарып қосады. Үзе алмаса, ол өзі сол топта қалады. Ендігі кезек екінші топқа беріледі. Оларда осы тәртіп бойынша ойынды жалғастырады. Сөйтіп, екі топ бірін-бірі ұтып алуға тырысады. Ақыры ұтылған топта аз мөлшерде, кейде жалғыз басқарушысы ғана қалады.

Ұтқан топ жүлдесін алады. Жүлдені тәрбиеші өз қалауынша ұсынады.



Сақина тастамақ

Ойын шарты:

Балалар дөңгеленіп, екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы бала ортаға шығады, оның қолында сақинасы болуға тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салу керек. Алақанына сақина түскен бала мұны жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш, сақинам ұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам жанындағы көршісіне сездірмей орнынан шапшаң тұруы керек. Егер ол тұра алмай, көршісіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше, көршісі оны ұстай алмаса, өзі жазықты болады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немесе басқа бір білетін өнерін көрсетеді. Сонан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.



Орамал тастау

Ойын шарты:

"Орамал тастау" ойынына қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған, ұруға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда, ол оларды сыртынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалын тастап кетеді. Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқарушы оны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, басқарушыны қууға тиіс. Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалған орынға келіп отырады. Ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын балаларды сезімталдыққа, жылдамдыққа, қырағы болуға тәрбиелейді.



Қуыр-қуыр, қуырмаш

Ойын шарты:

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіріп, сол қолымен оны бүриелеп қапсыра ұстайды.

Бірінші ойнаушы (екінші ойнаушыға қарап):-Ортан қолымды тапшы,-дейді.

Екінші ойшаушы қарап, байқап отырады да:

"Міне, міне",-деп, бір саусақтың басынан шымшып ұстайды.

Егер ол ортан қолды дәл тапса, ұпай жинайды, таба алмаса, айып тартады. Бірақ ұтқан ойнаушы ұпай алу үшін мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі шарт:

  1. Бес саусақтың атын "бармақ, сұқ қол, ортан қол, сыйлы қол, шынашақ" деп түгел атап шығаруы керек.

  2. Бұдан кейін: "бас бармақ6","балалы үйрек","ортан терек","шылдыр шүмек","кішкентай бөбек" деп саусақтарға түгел ат қойып шығады. Сонан соң олар саусақты жұмысқа жұмсайды.


–Сен тұр, қойыңа бар.

–Сен тұр, түйеңе бар.

–Сен тұр, жылқыңа бар.

–Сен тұр, сиырыңа бар.

–Сен тұр, бұзауыңа бар.


Сен "кішкентай бөбегім" әлі жас екенсің, жыламай қарап отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгіп, тұқырта ұстайды да:


Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Әжең келсе есік аш,

Қасқыр келсе, мықтап бас.

Ұры, бөрі сұғанақ,

Мұның бәрі малға қас,-


деп, шынашақты шыр айналдырып, айып тартушының алақанын қытықтайды.

Осыларды ойната отырып, әрі қарай:

-Мына жерде қой бар,-деп, ойнаушының білегін түртеді.

-Мына жерде түйе бар,-деп шынтақтан жоғарырақ жерден білегін қытықтайды.

-Мына жерде жылқы бар,-деп, білектің жоғары жағын қытықтайды.

-Мына жерде түлкі бар,-деп, қолтығына таман қарай тездете түсіп:

-Мына жерде күлкі бар,-деп қытықтай бастайды.

-Қытық, қытық...

Бұл ойын адамның жүйке жүйесін шынықтыруға көмектеседі



Ұшты-ұшты

Ойын шарты:

"Ұшты-ұшты" ойыны балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

Балаларды шеңберге тұрғызып, зейін қойып тыңдап тұруларын ескертеді. Ойын бастаушы:

-Мен ұша алатын затты атап, ұшты деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, "ұшты-ұшты" деп қалықтатып тұрасыңдар. Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшасыңдар». Мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер «ұшпайсыңдар». Мысалы, «саз ұшты» десем, сендер қолдарыңды көтермейсіңдер. Ұша алатын затты атағанда «ұшпай қалған», сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда, «ұшып кеткен» ойнаушы айып тартады деп түсіндіреді.

Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, ұтылған ойыншы ән салып, болмаса жұмбақ шешу арқылы айыбын ақтауына болады.

Ойын басталады:

-Ұшты,ұшты, тарғақ ұшты (ұшпады).

-Жарғақ ұшты (ұшпайды).

-Үкі ұшты!

-Түлкі ұшты!

-Бүркіт ұшты!

-Іркіт ұшты!

-Үйрек ұшты!

-Бүйрек ұшты!

-Кекілік ұшты!

-Кекілің ұшты!

-Қызғыш...

-Сызғыш...


Осы ттәртіппен ойын жүргізіле береді.

Қаршыға мен қарлығаш

Ойын шарты:

Бұл ойын неше бала болса да, қатыса беруге болады.Ойыншылар екі топқа бөлініп, екі бағытқа қарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары «Қаршығалар» да, екінші қатарындағылар»Қарлығаштар» болады.

Бір ойыншыны басқарушы етіп сайлайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі-қарсылы жүріп дауыстайды. Алдымен «қар...» дейді де, сонан соң қалауынша «шығалар» немесе «лығаштар» деп қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырай қаша жөнеледі де, аты аталмаған топ оларды қуалайды. Олардың міндеті-қашқан топтағылардың, біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы сол топқа өтеді. Қайсы топ қарсы топтың ойыншысын көп қосып алса, сол топ жеңіп шығады.



Алақан соқпақ

Ойын шарты:

Ойынға қатысушылар үйге, не бір оңаша жерге жиналады да, дөңгелене отырады.Орталарынан бір бастаушы белгілейді. Оған сүлгі беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айналып жүріп, біреуге «алақаныңды тос» дейді. Ол тосады. Сол кезде бастаушы оның алақанына ширатылған сүлгіні тигізеді де, тез тартып алады. «Сүлгі қайда?»-деп сұрайды. Сонда әлгі ойыншы «анада» деп біреудің атын атайды.

Аты атлған ойыншы орнынан тұрады да, алақанын тосады. Бастаушы оның да алақанына сүлгіні тигізіп, «сүлгі қайда» деп сұрайды. Әлгі ойыншы бір ауыз өлең айтады. Сонан соң, «сүлгі анада» деп, екінші біреуді көрсетеді. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып, ән салғандарға ұпай жазылады. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз атанады.



Тақия тастамақ

Ойын шарты:

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала қолына тақия алып, ойынды бастайды:

Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ».

Алқақ отан отыра қалыңдар,

Болмасын асығу, сасқалақ.

Ақырын. Аспаймын-саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсыңа жеткенде

Сездірмей тақия тастаймын.

Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң, омалып,

Тақиямен төмпештеп қуамын,

Қаласың айыпты саналып.

Шығасың тақия тастауға,

Ойыңды басынан бастауға.

Ойын бастаушы тақияны артына жасырып жүріп, сездірмей біреуінің артына тастайды. Бастаушы қайтып оралғанша сезбесе, тақияны ала салып ұрады да, ал жазаланушы қашады да, бос орныға отырады. Егер сезіп қалса, тақияны ала салып бастаушыны қуады, жетсе, ақырын ұрады, жазалайды. Егер жеткізбесе, бос орынға келіп отырады. Тақия ұстаған бала ойынды ары қарай жалғастырады. Ойын 2-3 рет қайталанады.



Жасырынбақ

Ойын шарты:

Жасырынбақ-өте кең тараған ойын. Бір бала көзін жұмып, қабырғаға қарап тұрады да, тақпақтай жөнеледі:


Бірім, бірім,

Екім-екім.

Үшім-үшім,

Төртім-төртім.

Бесім-бесім,

Алтым-алтым.

Ауыр балтам қолды қалтам.

Қырқылдауық,

Қырман тауық.

Олпық-солпық,

Сен тұр

Сен шық!

Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды. Да іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі.Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Іздеуші жасырынушыны көрген бетте ақ «Шика» деп дауыстап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Сонан кейін асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырынушыны көрмейінше «шика» демейінше өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек. Егер жасырынушылар іздеушінің көзіне түспей түгелдей көмбеге келіп алса, іздеуші айып тартады.



Жыттырт-жыттырт

Ойын шарты:

Ойынды орындыққа отырып ойнайды. Ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып, қалтасынан жүзік, болмаса басқа бір затты алады да, оның ерекше белгісімен ойнаушыларды таныстырады. Сонан соң отырғандарға ойын тәртібін түсіндіреді. Бәрінде екі алақандарыңды бір-біріне қабыстыра, ортасын қуыс етіп алға созыңдар. Егер алақандарыңа мына жыттыртпа түсе қалса, оны тез және өзіңнен басқаға сездірмей қабылдап ал да, үнемі оң жағындағы көршіңе жыттыртып жібер. Қысулы қолыңды өзіңнен оңға қарай емес, әуелі сол жақ көршіңнің қолына түйістір. «Жыттыртпаны» бірден өткізбей, оны бір-екі рет жаңылдырып барып өткізуге болады. Бәрің де сол қол тиістіретін уақытта «жыттырт-жыттырт» деп дауытап айтып отырасыңдар.

Ортадағы ойыншы «тапқыр» деп аталады. «Тапқыр» үнемі бақылап отырып, «жыттыртпаны» ұстап алу керек. «Жыттыртпаны» алақанның қуысына салып алып, бастаушы «жыттырт-жыттырт» деп, бір ойнаушыдан бастайды да, өзгеге байқатпай өзі қалаған біреуіне қалдырып кетеді.

Келесіде барлық ойнаушылар «жыттырт-жыттырт» деп қолдарын екі жағындағы көршілеріне кезекпен-кезек түйістіріп, қайтып алып отырады да, оны сездірмей, солардың біріне өткермелеп береді.

«Жыттыртпының» үнемі оңға қарай ауысып отыруы шарт.

«Тапқыр» тауып алуға тырысады. Егер 6-7 айналғанға дейін таба алмаса, бір бала: «Жыттырт-жыттырт», жыттырт та қымқырт, отыра қалдық жым-жырт,-дейді де, бәрі жым-жырт бола қалады. «Тапқыр» ойнаушылардың сырт көрінісі мен бет бейнесін болжап отырып, өзінше сезікті санаған бір ойыншының қолын алады. Тауып алса, сол ойыншы екі ауыз тақпақ айтады, жұмбақ шешеді, не жаңылтпаштардың бірін айтып айыбын өтейді. Өзі ортаға шығып, «тапқыр» болады. Бұдан арғы ойынды сол тапқырдың өзі жүргізеді.

Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айта алмайтын ойнаушы ны сиыр боп мөңірейді, не жылқы боп кісінейді, болмаса басқа бір тапсырма орындайды.






















Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж
























Орындаған: Ибатулдаева.А

Тексерген:Слямбекова.Ж





Өскемен қаласы, 2010 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Акробатикалы? жатты?улар"

Автор: Байсолтанов Сырым Серикжан?лы

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167806


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства