kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің №15 орта мектебінің 8 сыныптар арасындағы "1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күні аясындағы эстафеталық ойын-сайысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физическое воспитание, Подружились с королевой спорта

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің №15 орта мектебінің 8 сыныптар арасындағы "1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күні аясындағы эстафеталық ойын-сайысы"»







Тақырыбы: «Көңілді мәре»

Өткізген:

Сыныптар: 8 сыныптар





















Жаңаөзен қаласы

Тақырыбы: «1 желтоқсан-Президент күні» мерекесіне орай көңілді мәре сайысы.

Өтілетін орны: №15 орта мектеп спорт залы

Өтілетін күні: 06.12.2019ж

Уақыты: 09:30

Cыныбы: 8 «Б», 8 «В», 8 «Ғ».

Керекті құрал – жабдықтар: ысқырық, уақыт өлшегіш, кедергілер, доптар, теннис доптары мен ракеткалар, жер асты өткелдері, эстафеталық таяқшалар, қапшықтар, секіргіш жіптер.

Мақсаты: 1) Оқушыларды жылдамдық, икемділік қасиеттерін арттыру,

2) Дене мүшелерін дамытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,

3) Салуатты өмір салтын насихаттау.

Сайыс түрлері:

  1. Эстафеталық таяқша

  2. Кім мерген

  3. Кенгуру

  4. Байқа, түсіріп алма

  5. Жер асты өткелі

  6. Секіртпемен секіру

1. Эстафеталық таяқша

Эстафета таяқшасын бірінші тұрған ойыншы қолына ұстау арқылы кедергілер арасынан жүгіріп, кері қайтады. Таяқшаны келесі ойыншыға беріп, ойын жалғасады. Кедергілерді құлатса, таяқшаны түсіріп алса ойын ережесі бұзылады. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.







  1. «Кім мерген?»

Бірінші ойыншы допты еденге ұру арқылы кедергілер арасынан жүгіріп, қолындағы допты шығыршыққа салуы керек. Допты шығыршыққа салмайынша кері тобына қайтпайды. Допты шығыршыққа салған ойыншы допты қолына ұстап кері қарай қайтып, келесі ойыншыға допты береді. Осылайша ойын жалғасады. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.



  1. «Кенгуру»

Бірінші ойыншы аяғына қапшықты киіп, белгіленген жерге дейін кедергілер арасынан секіріп барады. Белгіленген жерден қапшықты шешіп, қолына ұстап кері қайтады да келесі ойыншыға қапшықты береді. Дәл осылай ойын жалғаса береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.



4. «Байқа, түсіріп алма»

Бірінші ойыншыға теннис добы мен ракетка беріледі. Бастаушы ракетканың үстіне теннис добын қойып, кедергілер арасымен өтуі керек. Белгіленген жерге дейін барып, қайтар жолда теннис добын қолына ұстап жүгіріп келеді де келесі ойыншыға ракетка мен теннис добын береді. Осылай ойын жалғаса береді. Теннис добын ракеткадан түсіріп алмауы керек. Көп түсірген сайын ұпай саны кеми береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.


  1. «Жер асты өткелі»

Бірінші ойыншы жүгіріп келіп, төсеніштен домалап, ары қарай жер асты өткелінен өтеді. Белгіленген жерге дейін барып, кері айналып жүгіріп қайтады. Қайтқаннан кейін келесі ойыншы да дәл солай қайталайды. Осылайша ойын жалғаса береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.



  1. «Секіртпемен секіру»

Бірінші ойыншы секіртпемен кедергілер арасынан секіріп, белгіленген жерге баруы тиіс. Белгіленген жерде тұрған тапсырманы орындап, кері қайтарда секіртпені қолына ұстап жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға секіртпені беріп, келесі ойыншы да дәл солай қайталайды. Тапсырманы дұрыс орындаған және бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Сайысты ұйымдастырған 3ДТС – 17 б/б студенттері:

  1. Ақшамбай Әсем

  2. Күзенбаева Орынгүл

  3. Теңелбаева Мадина



1


2


3


4


5

1 топ











2 топ











3 топ











Жеңімпаз








Жеңімпаз сынып оқушылары: __________




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Ақшамбай Әсем, Күзембаева Орынгүл, Теңелбаева Мадина, жетекшісі Ильясов Мақсат

Дата: 27.01.2020

Номер свидетельства: 537491


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства