Мен ?осымша педагог болып мектете ж?мыс істеймін. Сіздерге ?йірме ж?мысыны? жоспары мен бірге о?ушы жетістіктерін ?сынып отырмын. Былтыр?ы жылмен салыстыр?анда биыл 2 о?ушым облыс?а барып І, ІІ орындарды ?анжы?алыларына байлап келді. Осы алда?ы 20 к?нгі ?тетін Петорпавлда?ы жарыс?а жолдама алып отыр. Ш?кірттеріме с?ттілік тілеймін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?йірме ж?мысы "К?ш -атасын танымас "»
Сабақтың тақырыбы: «Эстафета 4*100»
Сабақтың тақырыбы:Оқушыларды спорт сүйгіштікке, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа, дененің сау болуына баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Дене қыздыру
IV.Жаңа сабақ
V.Сабақты бекіту
VI Сабақты қорту.
VII.Үйге тапсырма
VIII.Бағалау.
Жаңа сабақ: Шеңбер бойындағы эстафетада мынандай түрлерге бөлінеді.4*30,4*60,4*100,4*200,4*400, болып бөлінеді. Жекелей жолдан айтатын болсақ, яғни 4 адам 100 метрге жүгіреді деген мағынаны білдіреді. Шеңбер бойынша эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны 20 метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденеңінен сызылған, оның көрінетін сызықпен белгіленеді. Шеңбер бойынша эстафета қалай
жүргізіледі? Бірінші болып жүгіруші төменгі сөреден жүгіруді бастайды. Кезектегіжүгіруші эстафета беру аймағының басталуын белгілейтін сызықтың жанында өзінің серігін күтіп тұрады. Эстафета таяқшасын берушіге эстафета беру аймағының басталуына 4-6м қалғанда эстафетаны қабылдайтын жүгіруші өз жолының сол жағына таман жақын, барынша жылдам жүгіре бастайды. Ал ереже бойынша өз жолынан шығыпкетуге рұқсат етілмейді. Эстафетаны алған жүгіруші жүгіруді кідіртпестен, дереу эстафетаны сол қолына ауыстырып алып,өз командасыныңкезекте тұрған жүгірушісіне береді. Сөйтіп эстафета әрі қарай жалғаса береді.
Қортынды: 1.Эстафета 4*100 дегенге қалай түсінесіңдер?
2.Осы қашықтыққа шамамен қанша минут көрсету
керек?
3.Эстафетаның қандай түрлері бар?
Бағалау: Бүгінгі сабақта жақсы қатысқан оқушыларды көрсеткіші жақсы оқушыны көрсеткіштеріне қарай бағаладым.
Сабақтың тақырыбы: «Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асыра лақтыру»
Оқулық: «Қазақтың ұлттық спорт түрлері»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақша күрестің тарихы жөнінде және әр түрлі әдіс айлаларын қолдану арқылы,бұрынғы, кейінгі ережемен таныстыру. Өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақ түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі: I.Оқушылардың қатысымын түгендеу
II.Оқушыларды салмақ дәрежесіне қарай екі топқа бөлу: Бірінші топты қызыл бұрышқа, екінші топты көк бұрышқа кілемге шақыру.
Сабақтың барысы: Қазақша көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның,еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден «қолдан» киімнен ұстап лақтыруға болады. Жарысқа түсетін палуандардың салмағын өлшейді.
Қазақша күрестің ережелерін сақтау. Күрес кезінде: әдісті кілемнің шетінде немесе қарсыласпен жақын тұрып орындау; қарсыластың шабуылының алдын алу; жауап ретінде қарсы шабуылға шығу; тактикалық даярлықтың белгілі бір әдістерін (қауіп төндіру, қайталап шабуылдау, амал қолдануға мәжбүр ету, т.с.с) пайдалану, қарсыластың жіберген кемшіліктерін
пайдалану, күші, төзімділігі т.б арқылы басым түсу. Қарсыластың екпінін басып,оның әрекеттерін шектеп, еркін қимылдатпай, кілемнен шықпай, оның ортасында арқасын беріп жүру.Инщиативаны өз қолына алып, белсенділік көрсету.
Белдесуді жоғары қарқынмен жүргізіп,қарсыласын кілемнен шығып кететіндей етіп «қатты ұстау» оны кілем шетінен әрі жібермеу. Қарсыласының мықты қорғанысын бұзып, 2 немесе одан да көп ұтыс балын алу. Палуанға шартты түрде бір немесе екі балл ұтылып жатырсың деп хабарлап,жоғалтқан балдарын қайталауға немесе басымдыққа жетуге тапсырма беру.Палуанға шартты түрде айқаста жеңіп жатырсың деп хабарлап,оған осы басымдылығын сақтауға немесе одан әрі басымырақ түсуге тапсырма беру. Айқын басымдықпен жеңіске жету. Белдесу кезінде палуанға айқын басымдықпен жеңіске жетуге оған бір немесе екі ұпай жетпейді деп хабарлап, айқасты айқын басымдықпен жеңуге тапсырма беру. Айқастың алғашқы бөлімінде 3-4балл басым түсу, ал екінші кезеңде қарсыласын жеңу үшін барлықмүмкіндікті пайдалану. Күрес кезінде ұдайы шабуылдап, қарсы шабуылдап,жақсы қорғанып өткізу,жоғары, орташа, балу қарқында өткізу. Қарсыласына оң жағымен,сол жағымен қарап,орташа қашықтықта, алыс немесе жақын тұру. Бәсекені бірінші минуттан соң екінші рет негізгі бәсекелеспен күресетіндей күйде өткізу толық бой жаза алмай қалғандай болып өткізу.
Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ»
Сабақтың мақсаты: Денсаулықты нығайту,білімді, өмірлік маңызы бар дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, адамгершілік,еңбек және эстетикалық тәрбиелердің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Жаңа сабақ
IV.Сабақты бекіту
V.Сабақты қорту
VI.Үйге тапсырма
VII.Бағалау
Жаңа сабақ: Ойын ережесі бойынша төреші уақыт белгілеп, құмалақтар салынған тоғызқұмалақ тақтасы дайын болған соң,ол ойынның басталғандығын хабарлап,ойыншылар ойынды бастап кетеді.
Бірінші жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды.Алғашқы жүрісте ойыншы,мысалы, «таңдық» пен «маңдайдан»жүргенін хабарлайды.(Алғашқы жүрісте ойыншы тек тоғызыншы отаудан ғана емес, басқа кез келген отаудың бірінен жүре беруіне болады).
Жүрісті осыдан бастағаным дұрыс деп есептеген ойыншы сол отауға бір құмалақты ғана қалдырып бастап бір-бірден тастай отырып, ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғыз құмалағы бар отауларының бірінен бір құмалақ алып, сонымен жұптап, өз қазанына салады. Демек, ойын ережесі
бойынша қарсыласынан құмалақ ала отырып,өз құмалағын жұп санға келтіреді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың жұп күйінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтардың саны жұп болып тұрған отауды «жабық отау» деп атайды.Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтардың саны тақ болып тұрған отау «ашық отау» деп аталадыда,қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.
Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсы болмасын қарсыластың отауларындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді. Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын,барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады. Ал ойыншылардың қай –қайсысы болмасын, қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруі тиіс. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол ойыншының жүруіне керек болса,онда ол жалғыз құмалақты қатарындағы өз отауына салады. Бұл оның жүріс жүргені болып есептеледі.
Қортындылау: 1.Тоғызқұмалақта неше отау бар?
2.Неше құмалақ бар?
Бағалау:Оқушыларды ойынға қатысуына байланысты. Ойынды қаншалықты түсінгенін бағалаймын.
Аманкелді атындағы орта мектебі
Тақырыбы: «Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асыра лақтыру»
Өткізген: Мырзағалиев Қ. К
Сабақтың тақырыбы: Допты қағып алу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулық сақтауға,шыдамдылыққа, спорт сүйгіштікке ынталандыру.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Дене қыздыру
IV.Жаңа сабақ
V.Сабақты бекіту
VI.Сабақты қорту
VII.Үйге тапсырма
VIII.Бағалау
Жаңа сабақ: Допты міндетті түрде екі қолмен қағып алу керек. Себебі: бір қолдағы допты қарсыласы қағып жіберуі мүмкін. Қағып алу кезінде саусақтарды толық ашып ұстауы керек.
Қолдағы допты қарсыласы тартып алмас үшін бір аяқты қозғалтпай,екінші аяқпен айнала бұрылып қорғану керек.
Кез келген ойыншы допты қағып алған бетте алға қарай қозғалуға тырысады.Ондай мүмкіндік болмаса, яғни қарсылас ілгері жібермесе,допты әріптесіне дәл беруге әрекеттенген жөн. Допты алып жүру, оны әріптесіне әр түрлі тәсілмен беру,
допты бір және екі қолмен ұстау, себетке лақтыру әр түрлі секірулер, бұрылу және тоқтау. Осы қимыл әрекеттер ұжымдық ойын жағдайында дәлдік және қимылдар үйлесімі, ептілік, жылдамдық сияқты сапаларды жетілдіреді, сондай-ақ көру мүшелерінің қызметін жақсартады, сергектікке баулиды.Ойында жақсы жетістіктерге жету үшін кейбір аса маңызды қимыл дағдыларын меңгеру қажет. Допты жұлып алу қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және қолмен өзіне қаратай жұлқып тартып ілгері, төмен қарай итеру арқылы жүзеге асады. Екі жағдайда да бәрінен бұрын қарсыласқа өте жақын келіп, қолайлы кезеңде допты қатты ұстау қажет. Егер қарсылас допты ұстап тұрса ,онда өзіңе қарсы екі қолмен жұлқи тартып алып ,денені бір мезгілде бұра , қарсыласқа арқаны берсең қолдан допты қағып жіберу қолдың қырымен допты жоғардан не төменнен ұрып жіберу арқылы жүзеге асырылады. Допты қағып әкету допты алып жүру мен беруге қарсы әрекет есебінде қолданылады .
Сабақты қортындылау: Допты қозғалыста ұстап және беру үшін екі адымнан артық жүріс жасауға болмайтындығы естеріңде болсын. Шапшаңдықты өзгертіп допты алып жүгіру кезінде , алғашқы баяу жүріс кезінде байқаған шығарсыңдар.
Бағалау: бүгінгі сабақта жақсы ойнап , доппен жақсы жүрген оқушыларды бағалаймын.