2. Баскетбол добын соғу және секіргіш жіппен секіру.
3. Кім жылдам.
4. Хоккей қақпасына доп соғу.
5. Кенгуру добы.
Ережесі: 1. Эстафеталық таяқша.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін таяқшамен жүгіріп барып, кері қарай тіке жүгіріп барып келесі ойыншыға таяқшаны береді, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
2. Баскетбол добын соғу және секіргіш жіппен секіру.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін баскетбол добын соғып барып, добын қойып, кері қарай секіргіш жіппен секіріп келіп, келесі ойыншыға береді.Келесі ойыншы секіріш жіпті алып, белгіленге жерге секіріп барып, секіргіш жіпті қойып, баскетбол добын соғып келіп, келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғаса береді.
3. Кім жылдам.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша волейбол добын аяқтарының арасына қысып ұстап белгіленген жерге дейін барып, допты қойып, кері қарай тіке жүгіріп келеді, келесі ойыншы белгіленген жерге жүгіріп барып, кері қарай допты аяғының ортасына қысып ұстап, келесі ойыншыға береді, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
4. Хоккей қақпасына доп соғу.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, хоккей таяқшасын қолына алып, хоккей добын қақпаға бағыттап, кері қайтып келесі ойыншыға кезек береді, келесі ойыншы сол әрекеттерді қайталайды, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
5. Кенгуру добы.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге кенгуру добымен секіріп барып, кенгуру добын қойып, кері қайта жүгіріп келіп, келесі ойыншыға кезек береді, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.