kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тола?ай" спортты? сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Т О Л А ? А Й»

?тілетін к?ні: 12.02.2016

?тілетін орны: спорт зал

Уа?ыты: са?. 10.30

?атысушы:   1 ТДО, 3 – 4 ТДО сынып о?ушылары, ата – аналары, ?стаздары, 

                         т?рбиешілері

Ма?саты:  О?ушылар мен ата-аналарды, ?стаздарды с?лу да сымбатты, денсаулы?ы зор, к?шті болу ?шін денені шыны?тыру, олар?а спортпен айналысуын ?ажет екендігіні? манызын т?сіндіру. Олар?а спортты? ойындарды орындата отырып, спорт?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. Салауаттану – адам жаныны? да, т?ніні? де тазаруы, денсаулы?ыны? жа?саруы, сонды?тан салауатты ?мір салтын ?стану?а т?рбиелеу.

Т?рі:  эстафеталы? спортты? сайыс

??рал – жабды?тары:  доптар, кіші доптар, шелектер, кеглилер, шариктер, ?асы?тар, ?арындаштар, ?ш шы?ар?ыштар, а? ?а?аздар.

? т і л у    б а р ы с ы:

I. ?йымдастыру б?лімі

II. Негізгі б?лім

1 – ж?ргізуші:

- ?адірменді спорт с?йер ?ауым! Б?гінгі ата-аналар мен о?ушылар ж?не ?стаздар    арасында ?ткізгелі отыр?ан «Тола?ай» атты эстафеталы? спортты? сайысымыз?а ?ош келді?іздер! ?аза?стан Республикасыны? Президенті – Елбасы Н. ?. Назарбаевты? «?аза?стан - 2050» стратегиясы ?алыптас?ан мемлекетті? жа?а саяси ба?ыты» атты ?аза?стан хал?ына  Жолдауын іске асыру ше?берінде халы? арасында салауатты ?мір салтын насихаттау, о?ушыларды? ата – аналарын, ?стаздарын дене шыны?тыру мен спорт?а ?гіттеу, спортпен айналысып, балаларымен бірге белсенді уа?ыт ?ткізу ма?сатында ?ткізіліп отыр?ан спортты? бай?ауымызды ашы? деп жариялаймыз.

2 – ж?ргізуші:

Топтарды? бірге орындайтын спортты? ?нерлерін к?рсетуде жылдам, епті, ?йымшыл ж?не к??ілді екендіктерін к?ру ?андай ?уаныш. Б?гінгі бізді? сайысымыз?а 4 топ ?атысады. ?р топ же?іс м?ресіне жету ?шін бірнеше кезе?нен т?ратын кедергілерге т?теп беруі тиіс. Мені?ше б?л ?рбір топтарымызды? ?олынан келеді. Біз ?р топ ?атысушыларына с?т сапар тілейміз!

1 – ж?ргізуші:

- Ойнайы?, ойнайы? та ойлайы?!

?атардан артта ?алып ?оймайы?!

Белсенді болайы? ортада,

Уа?ытты тектен – тек жоймайы?!

Ойнайы?, ойнайы? та ойлайы?!

К?шімізді к?рсетейік, сынайы?!

Же?се? де, же?бесе? де ренішсіз болайы?,

?аймы?пай, к??ілді болып жарысайы?!

2 – ж?ргізуші:

?стан?ан салауатты ?мір салтын,

Жас?анып, еш?ашан да мойымайтын.

Болаша? спортшы топтар  келді орта?а,

?ол со?ып, ?арсы алайы?, к?не, хал?ым!

- Енді орта?а сайыскерлерімізді ша?ырайы?. (Эстафеталы?  спорт сайысына ?атысушы бастауыш  сынып о?ушыларынан  ??рал?ан 4 топ орта?а шы?ады.)

І топ: «Б?ЙТЕРЕК» тобы

ІІ топ: «ШЫМЫР» тобы

ІІІ топ: «?ЫРАН» тобы

ІV топ: «ЖАС ?ЫРАН» тобы

1 – ж?ргізуші:

?азылар орны?тырар ?ділдікті!

Кімдерді? бірліктері к?міл мы?ты!

Спортшы топтар сайысында,

Же?іске жетер дейміз, на?ыз мы?ты.

2 – ж?ргізуші:

- Сайысымызды? негізгі ар?ауы болып отыр?ан сайыскерлер  тобыны? ая? алысын ба?алау ?шін ша?ырыл?ан ?діл?азылар ал?асы ??рамымен таныс болы?ыздар.

1. М?хамбетова А?тоты Курманаевна – т?лімгер

2. Сайнов Н?рбек Бекболат?лы – дене шыны?тыру п?ніні? м??алімі

3. Князбаев Жомарт Алдо??ар?лы – дене шыны?тыру п?ніні? м??алімі

1 – ж?ргізуші:

- Сайысымызды? ба?дарламасы 6 кезе?нен т?рады. Ал ?діл?азылар ал?асы ?р кезе?нен кейін 5 балды? ж?йемен ?з  ба?аларын  беріп, сараптама жасап отырады. Сайысты? шарттарымен таныс болайы?.

1. «?з тобы?ды таныстыр»

2. «Ептілер»

3. «Суретші»

4. «Доптармен эстафета»

5. «?а?пашы»

6. «Ше?бер».

2 – ж?ргізуші:

Б?йгені ат жаратып шап?ан алар,

Олжаны жат?ан емес, тап?ан алар, - деп сайыс?а ?атысушы топтар?а «С?т сапар» тілейік, а?айын.

1 – ж?ргізуші:

?нер ?уып топ ?тер дейміз,

Бір басына ?нері жетер дейміз.

Сайыс?а келген топтар кезектесіп,

Таныстырып ?здерін кетер дейміз.

2 – ж?ргізуші:

Ал,  ендеше сайысымызды? бірінші кезе?і «?з тобы?ды таныстыр».

Шарты: ?р топ ?з тобыны? атын, ?ранын, т?сбелгісін таныстырып ?ту.

Олай болса,  орта?а «Б?йтерек», «Шымыр», «?ыран», «Жас ?ыран»

                                    тобын ша?ырамыз.

1 – ж?ргізуші:

Жал?аулы?ты тастаймыз!

Шыны?амыз жастай біз!

Бос?а т?рмай, ?анекей,

Жатты?уды бастаймыз!

Би: «Флешмоб». Музыка ыр?а?ымен би ?имылдарын топ ?атысушыларымен бірге к?рсете орындайы?.

2 – ж?ргізуші: ?діл?азылар ал?асы сайысты? т?саукесер кезе?іне беретін ба?алары?ызды к?рсетсе?іздер! 

1 – ж?ргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Ептілер»

- Екінші кедергі ?асы?,

?асы?та бар азы?.

Ж?гіруге болмайды,

Т?сіруге болмайды.

Тез барып, тез ?айту?а асы?!

Шарты: Топ м?шелері кезекпен кедергілерді? арасымен ?олына ?ста?ан ?асы?та?ы шарикті т?сірмей алып ?ту. Сайыс кезінде кедергілерді ??латпау, тапсырманы толы? орындау шарт.

Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба? ?алыспа! Дайындал! Ал?а!

2 – ж?ргізуші: ?діл?азылар ал?асы ба?алап жіберсек.

1 – ж?ргізуші: Рахмет. Келесі ?шінші сайысымыз «Суретші»

Шарты: 1 – кезекте ойыншы ?ш шы?ар?ышты апару.

2 – кезекте ойыншы  ?арындашты апару.

3 – кезекте ойыншы ?арындашты ?ш шы?ар?ышпен ?штау.

4 – кезекте ойыншы  ?арындашты а? ?а?аз ?асына жеткізу.

5 – кезекте ойыншы  не салу керектігін ыммен, ?имылмен т?сіндіру, к?рсету.

6 – кезекте ойыншы берілген суретті салу. Со?ында барлы? ??ралдарын жинап, ?діл?азы?а тапсыру.

Екеуі: Дайынбыз ба?  ?алыспа! Дайындал! Ал?а!

2 – ж?ргізуші:

  • Жарайсы?дар! Керемет! ?діл?азылар ал?асы ?алай сіздерді ба?алайды екен?!

1 – ж?ргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Доптармен эстафета»

Шарты: Топ м?шелері кезекпен екі ?олына екі допты алдына ?стап, сол мезетте та?ы бір допты алдында ая?пен теуіп ж?ріп, к?рсетілген нысан?а дейін бара айналып кері ?айту.  

Екеуі: Дайынбыз ба?  ?алыспа! Дайындал! Ал?а!

2 – ж?ргізуші:

  • С?т сапар!
  • Жа?сы! Керемет! ?діл?азылар ал?асы сіздерді? ба?алары?ыз!

1 – ж?ргізуші: Рахмет. Келесі бесінші сайысымыз «?а?пашы»

Шарты: Топбасшы ?з  тобына ?арама – ?арсы белгіленген нысан?а барып, ?олына шелек ?стап т?рады. ?ал?ан топ м?шелері  кезектесіп кедергі арасымен ж?гіре барып, ?олында?ы ?ш кіші допты кіші шелекке ла?тырады. Шелек ?ста?ан топбасшы  ла?тыр?ан кіші допты ?олында?ы кіші шелекпен ?а?ып алуы керек. ?а?ып алын?ан ?р кіші доп 1 ?пай болып есептеу.

Екеуі: Дайынбыз ба?  ?алыспа! Дайындал! Ал?а!

2 – ж?ргізуші:

- Жарайсы?дар! ?діл?азылар ал?асы ба?алап жіберсе?іздер!

1 – ж?ргізуші: Рахмет. Келесі со??ы сайысымыз «Ше?бер»

Шарты: Топ м?шелері  ретсіз орналасып, ?олдарымен ?стасып т?рады, осы тізбекпен ше?бер ??ра кедергілер ар?ылы ?ту, кері ?айту.

Екеуі: Дайынсыздар ма?  ?алыспа! Дайындал! Ал?а!

2 – ж?ргізуші:

- Жарайсы?дар! Б?рекелді! ?діл?азылар ал?асы со??ы сайысымызды? ба?аларын берсе?іздер!        

III. ?орытынды б?лім

1 – ж?ргізуші:

- ?азылар орны?тырар ?ділдікті!

Кімдерді? бірліктері к?міл мы?ты!

Спортшы сайыскерлер сайысында,

Же?іске жетер дейміз, на?ыз мы?ты.

Же?сек біз же?дік деп тасымаймыз,

Же?ілсек же?ілдік деп жасымаймыз.

Жы?ылса? жер к?терер деген екен,

Реніш ?кпелеуге ?осылмаймыз!

- Олай болса, ??рметті сайыс?а ?атысушылар, сіздер б?гін ?з к?ш-жігерлері?ізді, шымыр шыны??ан екендері?ізді д?лелдеді?іздер. Бізді? ?діл?азыларымыз барша кезе?ні? ?орытынды ба?асын есептеп шы?ар?анша, сіздерге ?сем ?уенді ?н шашу ?сынамыз.

2 – ж?ргізуші:

Та?данайы?, спорт?а тамсанайы?,

Б?ріміз де ?осылып, ?ол со?айы?.

Шабыттансын, к??ілдері? к?терілсін,

Сайыскерлерді мада?тап ?ол со?айы?! - дей келе,  сайысымызды? ая?талар с?тіне де келіп жеттік. Олай болса, б?гінгі сайыскер топтарды  мада?тау ?шін с?зді ?діл?азылар ал?асына береміз.

Же?імпаздарды марапаттау.

(?діл?азыларды? ?пайларын ты?дау)

І орын – «ШЫМЫР» тобы                                      ІІ орын – «?ЫРАН» тобы

ІІІ орын – «ЖАС ?ЫРАН» тобы                            ІІІ орын – «Б?ЙТЕРЕК» тобы

?діл?азылар ал?асы ?орытындысын жариялап, же?імпаздарды атайды. Топтарды дипломдармен марапаттайды.

1 – ж?ргізуші:

Деме?іздер, біз ?нерді аяп ?алды,

Мезгіл де біраз жерге таяп ?алды.

Сау болып т?ры?ыздар, кездескенше,

Осымен «Тола?ай» сайысымыз ая?талды.

Б?гін алтын уа?ыттары?ызды ?иып, спортты?  сайыс?а ?атыс?андары?ыз ?шін ?рбір топ?а  ал?ысымызды білдіреміз! Жа?сылы?та, аманды?та ж?здескенше! ?ош сау болы?ыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тола?ай" спортты? сайысы»


Тақырыбы: «Т О Л А Ғ А Й»


Өтілетін күні: 12.02.2016

Өтілетін орны: спорт зал

Уақыты: сағ. 10.30

Қатысушы: 1 ТДО, 3 – 4 ТДО сынып оқушылары, ата – аналары, ұстаздары,

тәрбиешілері

Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


Түрі: эстафеталық спорттық сайыс


Құрал – жабдықтары: доптар, кіші доптар, шелектер, кеглилер, шариктер, қасықтар, қарындаштар, ұш шығарғыштар, ақ қағаздар.

Ө т і л у б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Негізгі бөлім

1 – жүргізуші:

- Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар арасында өткізгелі отырған «Толағай» атты эстафеталық спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын, ұстаздарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып, балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші:

Топтардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір топтарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ қатысушыларына сәт сапар тілейміз!

1 – жүргізуші:

- Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық!

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен – тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып жарысайық!

2 – жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.

Болашақ спортшы топтар келді ортаға,

Қол соғып, қарсы алайық, кәне, халқым!

- Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. (Эстафеталық спорт сайысына қатысушы бастауыш сынып оқушыларынан құралған 4 топ ортаға шығады.)

І топ: «БӘЙТЕРЕК» тобы

ІІ топ: «ШЫМЫР» тобы

ІІІ топ: «ҚЫРАН» тобы

ІV топ: «ЖАС ҚЫРАН» тобы

1 – жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы топтар сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

2 – жүргізуші:

- Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған сайыскерлер тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар.

1. Мұхамбетова Ақтоты Курманаевна – тәлімгер

2. Сайнов Нұрбек Бекболатұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

3. Князбаев Жомарт Алдоңғарұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

1 – жүргізуші:

- Сайысымыздың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Ал әділқазылар алқасы әр кезеңнен кейін 5 балдық жүйемен өз бағаларын беріп, сараптама жасап отырады. Сайыстың шарттарымен таныс болайық.

1. «Өз тобыңды таныстыр»

2. «Ептілер»

3. «Суретші»

4. «Доптармен эстафета»

5. «Қақпашы»

6. «Шеңбер».

2 – жүргізуші:

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы топтарға «Сәт сапар» тілейік, ағайын.

1 – жүргізуші:

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

2 – жүргізуші:

Ал, ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі «Өз тобыңды таныстыр».

Шарты: Әр топ өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

Олай болса, ортаға «Бәйтерек», «Шымыр», «Қыран», «Жас қыран»

тобын шақырамыз.

1 – жүргізуші:

Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай, қанекей,

Жаттығуды бастаймыз!

Би: «Флешмоб». Музыка ырғағымен би қимылдарын топ қатысушыларымен бірге көрсете орындайық.

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыстың тұсаукесер кезеңіне беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Ептілер»

- Екінші кедергі қасық,

Қасықта бар азық.

Жүгіруге болмайды,

Түсіруге болмайды.

Тез барып, тез қайтуға асық!

Шарты: Топ мүшелері кезекпен кедергілердің арасымен қолына ұстаған қасықтағы шарикті түсірмей алып өту. Сайыс кезінде кедергілерді құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.


Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!


2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы бағалап жіберсек.

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі үшінші сайысымыз «Суретші»

Шарты: 1 – кезекте ойыншы ұш шығарғышты апару.

2 – кезекте ойыншы қарындашты апару.

3 – кезекте ойыншы қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.

4 – кезекте ойыншы қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу.

5 – кезекте ойыншы не салу керектігін ыммен, қимылмен түсіндіру, көрсету.

6 – кезекте ойыншы берілген суретті салу. Соңында барлық құралдарын жинап, әділқазыға тапсыру.


Екеуі: Дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

  • Жарайсыңдар! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Доптармен эстафета»

Шарты: Топ мүшелері кезекпен екі қолына екі допты алдына ұстап, сол мезетте тағы бір допты алдында аяқпен теуіп жүріп, көрсетілген нысанға дейін бара айналып кері қайту.

Екеуі: Дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

  • Сәт сапар!

  • Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі бесінші сайысымыз «Қақпашы»

Шарты: Топбасшы өз тобына қарама – қарсы белгіленген нысанға барып, қолына шелек ұстап тұрады. Қалған топ мүшелері кезектесіп кедергі арасымен жүгіре барып, қолындағы үш кіші допты кіші шелекке лақтырады. Шелек ұстаған топбасшы лақтырған кіші допты қолындағы кіші шелекпен қағып алуы керек. Қағып алынған әр кіші доп 1 ұпай болып есептеу.

Екеуі: Дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!


2 – жүргізуші:

- Жарайсыңдар! Әділқазылар алқасы бағалап жіберсеңіздер!


1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі соңғы сайысымыз «Шеңбер»

Шарты: Топ мүшелері ретсіз орналасып, қолдарымен ұстасып тұрады, осы тізбекпен шеңбер құра кедергілер арқылы өту, кері қайту.

Екеуі: Дайынсыздар ма? Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

- Жарайсыңдар! Бәрекелді! Әділқазылар алқасы соңғы сайысымыздың бағаларын берсеңіздер!

III. Қорытынды бөлім

1 – жүргізуші:

- Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы сайыскерлер сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,

Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз!

- Олай болса, құрметті сайысқа қатысушылар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша кезеңнің қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге әсем әуенді ән шашу ұсынамыз.

2 – жүргізуші:

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! - дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер топтарды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – «ШЫМЫР» тобы ІІ орын – «ҚЫРАН» тобы

ІІІ орын – «ЖАС ҚЫРАН» тобы ІІІ орын – «БӘЙТЕРЕК» тобы

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Топтарды дипломдармен марапаттайды.

1 – жүргізуші:

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен «Толағай» сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір топқа алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Қош сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Тола?ай" спортты? сайысы

Автор: Жетписова Анар Сабыржановна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297188


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства