Просмотр содержимого документа
«Тола?ай (отбасылы? сайысы) »
Толағай (отбасылық сайысы)
Тақырыбы: Отбасылар күніне арналған «Толағай»Отбасылар сайысы
Мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау. Оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру.
Білімділігі:Балаларға, берілген тапсырманы нақты орындап шығудын ұғындыру
Дамытушылығы: Шапшаңдылықты ,ептілікті дамыту.
Тәрбиелігі:Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар ! Бүгінгі «Денсаулық – зор байлық негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 4-сынып оқушылар қауымы мен белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отырған әр отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Отбасылармен таныстырып өтейік
Таңсықбай жанұялық отбасы
Асан жанұялық отбасы
Қарақұл жанұялық отбасы
Темирхан жанұялық отбасы
Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.Ереханов Б
2.Момынов А
3.Шыназбаева К.
1.Баласы гимнастикалық таяқшаны белгіленген жерге алып бару,шешесі белгіленген жерге допты жүгіріп алып барып қояды,әкесі жүгіріп барып қойылған допты гимнастикалық таяқшамен ұра қозғалтып мәреге дейін жеткізу .
2. Баласы,шешесі,әкесі допты обручтың ішімен айналдыра, белгіге дейін алып барып,қайта мәреге дейін жеткізу.
3.Отбасы допты аяқтыңарасына қыса секіріп,қайта жүгіре келе шешесіне,шешесі осы ойынды қайталай әкесіне беріп, мәреге тез жеткізу.
4.Әкесі ,шешесі,баласы кезекпен, теннистің ракеткасымен шарды алып жүру.
5.Баласы белгіленген жерге допты жүгіре алып барады да сол жеден шешесіне допты төменнен лақтыра жеткізеді,шешесі допты ала баласының қасына дейін жүгіре барады да, әкесіне лақтырады,әкесі допты ала жүгіріп белгіге дейін барып шешесі,баласы қолұстаса бірге жүгіреді.
6.Баласы обручты қолымен дөңгелете қойылған белгіні айнала шешесіне береді,шешесі обручпен секіреді,әкесі обручпен отыра секіріп, жарысады.
7.Баласы допты қойылған белгіге алып барады,шешесі 4 ауыр добын жүгіре баласының алып барған добының жанына алып бару керек,әкесі баскетбол добын аяққа қысып секіре ,ал ауыр доптарды екі қолына қыса жүгіру.
8.Арқан тарту.
9.Барлық топ мүшелері залды айнала демалу жаттығуларын жасайды.
9.Ән-шашу.
Мұғалім сөзі:
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!