То?ыз-??мала? — ?аза?ты? ?лтты? д?ст?рлі ойындарыны? бірі, а?ыл-ой ойыны.
Мазм?ны
[жасыру]
· 1Тарихы
· 2?лемде
· 3?аза?станда
· 4То?ыз??мала? ережесі
o 4.1Ж?ріс жасау ерекшеліктері
o 4.2Т?зды? алу ережесі
o 4.3“Атсырау” ережесі
· 5Та?ы ?ара?ыз
· 6Сілтемелер
· 7Дерекк?здер
Тарихы[??деу]
Со??ы деректерге ?ара?анда, оны? шы?у тарихы 4 мы? жылды? кезе?ді ?амтиды. Ал кейбір мамандарды? айтуынша, оны? пайда бол?ан кезі б?дан да к?п уа?ыт болуы ?бден м?мкін. То?ыз-??мала? ?ткен ?асырларда ?аза? даласында?ы е? ке? тара?ан ойын болатын.
?лемде[??деу]
Берілген диаграммаларда бастаушыны? отаулары мен онда?ы ??мала?тар м?лшері ?немі т?менгі жа?ында орналасады.
Ж?ріс жасау ерекшеліктері[??деу]
Ж?ріс ойыншылар тарапынан кезектесіп ж?ріледі. Ж?рісті кімні? жасайтыны жеребемен немесе ?арсыластарды? келісімімен аны?талады.
1.Ж?ріс жасау ?шін ?з жа?ы?ызда?ы отауларды? бірінен біреуін орнына ?алдырып,
?ал?ан ??мала?тарды ?ол?а алып, солдан о??а ?арай бір-бірлеп таратамыз. Тарату с?тінде ??мала?тар ?з отауларымыздан асып кететін болса, ?арсыласты? отауына таратамыз. Егер со??ы ??мала? ?арсыласты? та? санды ??мала?ы бар отауына т?сіп, онда?ы ??мала?тарды ж?п ?ылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отауда?ы ??мала?тар ?тып алынып, ?з ?азанымыз?а салынады.
Егер со??ы ??мала? ?арсыласты? ж?п санды ??мала?ы бар отауына т?сіп (3 ??мала?тан бас?а), та? ?ылса немесе ?з отауымыз?а т?ссе, ??мала? ?тып алынбайды.
М?селен, жо?арыда?ы та?тада?ы ал?аш?ы жа?дайда бастаушы №3 отауда?ы 9 ??мала?ын таратса, со??ысы ?арсыласыны? №6 отауына барып т?седі ж?не онда?ы 9 ??мала? со??ы ??мала?пен 10 болып, ?тып алынады ж?не ?азан?а салынады.
Сол кезде та?тада т?мендегідей жа?дай ?алыптасады.
Ендігі кезде б?кіл ойын барысында №7 отау – ?остаушыны? меншігіне айналады.
5.Т?зды? ойында бір рет алынады ж?не №9 отаудан еш?ашан алынбайды.
6.Т?зды? аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жо?арыда?ы диаграммада?ы жа?дайда ?остаушы ойыншы №7 отаудан т?зды? алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында б?л отаудан т?зды? алу?а ?а?ысы жо?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Мазмұны
[жасыру]
1Тарихы
2Әлемде
3Қазақстанда
4Тоғызқұмалақ ережесі
4.1Жүріс жасау ерекшеліктері
4.2Тұздық алу ережесі
4.3“Атсырау” ережесі
5Тағы қараңыз
6Сілтемелер
7Дереккөздер
Тарихы[өңдеу]
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Әлемде[өңдеу]
Тоғыз-құмалақ
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда,Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолиядаэсон коргоол, Шри-Ланкадаолинда калия, африкалықтардаманкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд жәнероунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулықолинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
Қазақстанда[өңдеу]
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
Тоғызқұмалақ ережесі[өңдеу]
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
9
9
9
9
9
9
9
9
9
Қостаушы қазаны (0)
9
9
9
9
9
9
9
9
9
Бастаушы қазаны (0)
отаулар
№1
№2
№3
№4
№5
№6
№7
№8
№9
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
Жүріс жасау ерекшеліктері[өңдеу]
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып,
қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
9
9
9
–
10
10
10
10
10
(0)
9
9
9
9
9
9
1
10
10
(10)
отаулар
№1
№2
№3
№4
№5
№6
№7
№8
№9
2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі[өңдеу]
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына
таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
–
10
10
1
11
11
11
11
11
(0)
10
10
10
10
10
10
2
11
1
(12)
отаулар
№1
№2
№3
№4
№5
№
6№7
№8
№9
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
1
11
1
1
11
11
11
11
11
(3)
11
11
11
11
11
11
Х
11
1
(12)
отаулар
№1
№2
№3
№4
№5
№6
№7
№8
№9
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі[өңдеу]
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,
барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
1
1
1
Х
1
–
–
–
–
(78)
–
–
–
–
–
–
Х
–
4
(76)
отаулар
№1
№2
№3
№4
№5
№6
№7
№8
№9
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
1
1
1
Х
1
–
1
3
–
(78)
–
–
–
–
–
–
–
–
–
(76)
отаулар
№1
№2
№3
№4
№5
№6
№7
№8
№9
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.[1][2]