kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс сабақ. Наурыз мейрамындағы ұлттық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойында текойын-саулық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса Ұлттық ойында рерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықтытағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс сабақ. Наурыз мейрамындағы ұлттық ойындар»

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамындағы ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік:
Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дқрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін , мүмкіндіктерін арттыру.

ә) дамытушылық: Ұлттық ойындарды дәріптеуде ұлттық тәрбиені бойына қалыптастыру;
б) тәрбиелік: Оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке баулу.
Сабақтың әдісі: Ұлттық ойындар ойнату..
Құрал – жабдықтар
: доп, асық, арқан, тымақ, тақия,қоржын, ысқырық

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
. Шаттық шеңбер

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бас иеміз құрметпен

Қонақтарға біз

І. Кіріспе

Оқушыларды сапқа тұрғызу
Спорттық киімдеріне назар аудару. Балаларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.

І. Ботақан тобы. Топ құрамында 5 бала

ІІ. Құлыншақ тобы Топ құрамында 5 бала


ІІ. Негізгі бөлім:

Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойында текойын-саулық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса Ұлттық ойында рерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықтытағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар бала денесін шынықтырады. Рухани жағынан өсіреді. Ой-өрісін кеңейтеді.

Мұғалім: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызы бастайық.

Сайыс шарттары:

Бәйге

Арқан тартыс

Кім жылдам

Ханталапай

Тымақ ұру








1. Ұлттық ойын«Арқан тарту»
Ойынның ережесі:
Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.

2. Ұлттық ойын Хан талапай
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.



3. Ұлттық ойын «Асық ату»

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыныАсық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. 


.



Қорытынды
1 Сабақты қорытындылау

Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай сабақ болды?

Қандай ойын ойнадық?

Ханталапай ойыны қалай ойналады?

2 . Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.
3 Оқушыларды бағалау. Оқушыларды мадақтау
4. Бір саппен спорт алаңынан залдан шығару Бір саппен шығуын қадағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сыныптан тыс сабақ. Наурыз мейрамындағы ұлттық ойындар

Автор: Канафина Несибелди Кашырбековна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507585


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства