kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Спорт біздін досымыз" атты такырыбы аясындағы Көңілді мәре сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алибекпрррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Спорт біздін досымыз" атты такырыбы аясындағы Көңілді мәре сайысы»

Спортшыларды оқыту тәрбилеудегы заманауи технологиялар



XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі .

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағды

сын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.

Бізді «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:

  • кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;

  • оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

  • «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;

  • сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.

Оқу мен жазу арқылы жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде.

Смарт білім беру – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдай. Педагогтерді бұл бағытта даярлау соңғы  жылдары компьютерлік сауаттылықты арттыру ісіне қарағанда анағұрлым нәтижелі жүруде. Мектепте  жыл бойы айтылып, педагогтерді ынталандырып, үйретіп, міндеттеп келген – компьютерлік сауаттылық, мойындауымыз керек, әлі төмен деңгейдебірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады. Сондықтан, мектептегі  оқыту үдерісінде смарт құрылғылардың көмегімен , АКТ құралдары көмегімен жеке әлеуметтік есептерін шешу жолдарын үйретуді және қолдануды  жалғастырамыз. Нәтижесінде мұғалім уақытын және қаржысын үнемдеуді меңгереді. Ең бастысы, заманауи технологияны жеке әлеуметтік есептерін шешуге қолдануды меңгерген ұстаз, поедагогикалық қызметіне де жаңа технологияны толыққанды қолдана білу дәрежесіне көтеріледі және өз кезегінде мұғалімнің жаңа кәсіби мәдениетінің дамуына ықпал етеді Мысал ретінде,  компьютер арқылы программалары интерактивті  тақта арқылы  қолданып,  әр түрлі слайдтар, флепчарттар  арқылы оқушылардың  нәтижесінде  сабақты тесттер шешу арқылы  өз білімдерін тексере алады.   Пәнді оқытуда түйінді құзыреттіліктерін дамытуда жұмыстанатын негізгі әдіс-тәсілдер – электронды оқулықтарды пайдалану, мультимедиялық презентация, флипчарттарды дайындап, сабақтың әр кезеңдерінде зертханалық сабақтарда оларды пайдаланады. Осы мақсатында берілген логикалық есептер, деңгейлік тапсырмалар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Пәнді оқытудағы мұндай жұмыстың түрлері де оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді арттыруға ықпал етеді[5].

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз

етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын  және  әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.        АКТ, көрсетілімдер немесе жаңа технология түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, білім сапасын көтеруге септігін тигізеді және сабаққа деген қызығушылығын арттыратыны тәжірибе көрсетіп отыр.  Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім,  шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер, ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.



Енді біз ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?- деген сауалға жан-жақты тоқталайық. «Құзырлылық» ұғымы латын тілінен аударғанда «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. ЮНЕСКО глоссарийінде мынадай анықтама берген: Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзырлылықты адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы.[8] Аталған анықтамадан кейін  ақпараттық құзырлылық дегеніміз не? анықтамасына тоқталайық.  Ақпараттық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.Әдебиеттерде «ақпараттық құзырлылық», «компьютерлік құзырлылық» терминдері жиі кездеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық» деген терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникациямен шешу қабілеті. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл  алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет екендігін өмірдің өзі дәлелдеп беріп отыр. Сондықтан қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО)негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. [2]. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады. Қорыта келгенде мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау, үздіксіз процесс болу қажет. Білсем, көрсем, түсінсем деген қабілет күннен-күнге  еселенуде. Бұған дейін басқа қалаларда білімдерін жалғастыруды ойлаған оқушылар енді өз мектептерінде де көп жетістікке жететіндіктеріне сенім білдіруде. Біз мұғалімдер осы талапты жастарымыздың сенімдерін ақтауға тиіспіз. Сол үшін көп ізденіп, білімімізді шыңдауға міндеттіміз.  Елбасымыздың бізге, жастарға білдірген сенімін абыроймен атқару барлығымыз үшін жауапкершілігі мол іс.  Тәуелсіз еліміздің туын әрқашан биік ұстайтын, елбасымыздың сенімін ақтайтын,  бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелей берейік!

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Осы үдеріспен бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.  Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Спорт біздін досымыз" атты такырыбы аясындағы Көңілді мәре сайысы

Автор: Жумашов Ерболат жетекші-Ильасов Максат

Дата: 27.01.2020

Номер свидетельства: 537493


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства