Просмотр содержимого документа
««Спорт - біздің досымыз» атты 5 сыныптар арасындағы көңілді мәре сайысы»
«Эстафеталық Сайыс»
Орындаған: Жақсылықов Данияр
Тексерген: ИльясовМақсат
Жаңаөзен қаласы
«Спорт - біздің досымыз» атты 5 сыныптар арасында өткізілетін көңілді мәре сайысы.
Өткізілетін күні: 19.12.2019
Өткізклетін орны: Мектеп спортзалы
Сабақтың Мақсаты: 1.Балалардың ептілік, жылдамдық, төзімділік қасиеттерін нығайту.
2.Балаларды ұжым болуға, топ болып жұмыс жасауға бейімдеу.
3.Балаларды қозғалмалы ойындар арқылы спортқа қызығушылығын ояту.
Керекті құрал жабдықтар: Ысқырғыш, уақыт өлшегіш, кедергілер, үстел теннисі ракеткасы және шаригі, эстафеталық таяқша, үлкен кенгуру добы, баскетбол добы, гимнастикалық шығыршық.
Көңілді мәре сайысы 5 бөлімнен тұрады.
1. Кім жылдам.
2. Баскетбол добын соғу.
3. Ыстық көкөніс.
4. Кенгуру.
5. Жылжымалы көпір.
Ережесі: 1.Кім жылдам:
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін таяқшамен жүгіріп барып, кері қарай тіке жүгіріп барып келесі ойыншыға таяқшаны береді, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
2. Баскетбол добын соғу.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін баскетбол добын соғып барып добын қойып, кері қарай тіке жүгіріп барады, келесі ойыншы жүгіріп барып, добты алып соғып қайтады, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
3. Ыстық көкөніс.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін ракетка арқылы теннис шаригін соғып барып, кері қарай қолына ұстап жүгіріп келеді, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
4. Кенгуру.
Оқушылар төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін үлкен доппен кедергілер арқылы секіріп барып үлкен допты қойып, кері қарай тіке жүгіріп барады, келесі ойыншы жүгіріп барып, доппен секіріп қайтады, ойын осылайша жалғасады. Бірінші келген командаға ұпай беріледі.
5. Жылжымалы көпір.
Оқушыларда 2 шығыршық болады. Оқушы сол шығыршықтарды алма кезек өз аяғының астына қойып белгіленген жерге барып сол жерге қойып қайтып келеді, келесі ойыншы белгіленген жерге жейін жүгіріп барып, шығыршықтың сыртына шықпай алма кезек ауыстырып қайтып келеді. Ойын солай ары қарай жалғасады.