Керекті құрал – жабдықтар: ысқырық, уақыт өлшегіш, кедергілер, доптар, теннис доптары мен ракеткалар, жер асты өткелдері, эстафеталық таяқшалар, қапшықтар, секіртпелер.
Тақырыбы: «Тәуелсіздігім тірегім»16 желтоқсан мерекесіне орай көңілді мәре сайысы.
Мақсаты: 1) Оқушыларды жылдамдық, икемділік қасиеттерін арттыру.
2) Дене мүшелерін дамытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
3) Салуатты өмір салтын насихаттау.
Сайыс түрлері
Эстафеталық таяқша
Кім мерген?
Кенгуру
Байқа, түсіріп алма
Жер асты өткелі
Секіртпемен секіру
Эстафеталықтаяқша
Эстафета таяқшасын бірінші тұрған ойыншы қолына ұстау арқылы кедергілер арасынан жүгіріп, кері қайтады. Таяқшаны келесі ойыншыға беріп, ойын жалғасады. Кедергілерді құлатса, таяқшаны түсіріп алса ойын ережесі бұзылады. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
«Кіммерген?»
Бірінші ойыншы допты еденге ұру арқылы кедергілер арасынан жүгіріп, қолындағы допты шығыршыққа салуы керек. Допты шығыршыққа салмайынша кері тобына қайтпайды. Допты шығыршыққа салған ойыншы допты қолына ұстап кері қарай қайтып, келесі ойыншыға допты береді. Осылайша ойын жалғасады. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
«Кенгуру»
Бірінші ойыншы аяғына қапшықты киіп, белгіленген жерге дейін кедергілер арасынан секіріп барады. Белгіленген жерден қапшықты шешіп, қолына ұстап кері қайтады да келесі ойыншыға қапшықты береді. Дәл осылай ойын жалғаса береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
«Байқа, түсіріпалма»
Бірінші ойыншыға теннис добы мен ракетка беріледі. Бастаушы ракетканың үстіне теннис добын қойып, кедергілер арасымен өтуі керек. Белгіленген жерге дейін барып, қайтар жолда теннис добын қолына ұстап жүгіріп келеді де келесі ойыншыға ракетка мен теннис добын береді. Осылай ойын жалғаса береді. Теннис добын ракеткадан түсіріп алмауы керек. Көп түсірген сайын ұпай саны кеми береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
«Жерастыөткелі»
Бірінші ойыншы жүгіріп келіп, төсеніштен домалап, ары қарай жер асты өткелінен өтеді. Белгіленген жерге дейін барып, кері айналып жүгіріп қайтады. Қайтқаннан кейін келесі ойыншы да дәл солай қайталайды. Осылайша ойын жалғаса береді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
«Секіртпеменсекіру»
Бірінші ойыншы секіртпемен кедергілер арасынан секіріп, белгіленген жерге баруы тиіс. Белгіленген жерде тұрған тапсырманы орындап, кері қайтарда секіртпені қолына ұстап жүгіріп келеді. Келесі ойыншығасекіртпені беріп, келесі ойыншы да дәл солай қайталайды. Тапсырманы дұрыс орындаған және бірінші келген топ жеңіске жетеді.