Просмотр содержимого документа
«Салаутты ?мір салтын ?станайы?»
Салауатты өмір салтын сақтайық
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, көңіл-күйлерін көтеру, спортқа қызығушылығын арттыру. Баланы ептілікке, шыдамдылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.
Көрнекілігі: доптар, шығыршық, кегля, арқан, қапшық, т.б.
Жүргізуші: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында балабақшада «Денсаулық – басты байлық» атты спорттық сайысымызды бастаймыз.
Бала деген бақытты елімменен
Құдіреті қолында әлем деген
Сайысымызға қатысқан қонақтарға
Байқауымыз басталсын сәлемменен, - деп сайысқа қатысушы екі команданы шақырамыз.
№12 Тұлпар«Қайрат» тобы
№13 Жауқазын «Парасат» тобы
Сайысымыз бес кезеңнен тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылармен таныс болайық.
1.Қалапбаева Б. Әдіскер
2.___________________
3.___________________ әділқазылар әр сайыс сайын өз бағаларын береді.
І.Таныстыру
(Екі топ өз ұрандарын, таңбаларын таныстырады.)
ІІ.Сайыс кезеңдері
а) Эстафеталық жүгіру д) Күштілер (арқан тартыс) ә) Кім епті
б) Кім шапшаң
в) Қояндар
ІІІ. Қорытынды
Барысы
1 айналым.Эстафеталық жүгіру
Ойын шарты: Эстафеталық таяқшаны кедергілер арасымен жүгіріп келіп, таяқшаны келесі балаға беру.
2 айналым.Кім епті
Ойын шарты: Шығыршықтан шығыршыққа аттап жүру.
3 айналым.Кім шапшаң
Ойын шарты: Үлкен доп үстіне отырып, белгіні айналып секіріп келу.
4 айналым.Қояндар
Ойын шарты: Қаппен секіру
5 айналым.Күштілер
Ойын шарты: Екі топ балалары арқан тартысып күш сынасады.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз
Қорытынды.
Жүргізуші: Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында ( әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Құрметті қонақтар бүгінгі сайыска алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!