Просмотр содержимого документа
«М?лік ?абдуллинні? 100 жылды? мерей тойына арнал?ан ?ала мектептері арасында ?ткізілетін «Асы? ойындары» іс – шарасыны? сценарийі»
М.Ғабдуллин атындағы №3
көптілде оқытатын кәсіби
мектеп – гимназиясы
Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерей тойына арналған қала мектептері арасында өткізілетін «Асық ойындары» іс – шарасының сценарийі
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
А.О.Тлеубаев
Ақмола облысы
Көкшетау 2015ж
Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған қала мектептері арасында өткізілетін Асық ойындары іс – шарасының сценарийі
Армысыздар, құрметті қауым! Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған қала мектептері арасында өткізілетін Асық ойындары іс – шарасын ашық деп жариялаймыз!
Мемлекеттік гимн орындалады.
Құттықтау сөз мектеп – гимназия директоры Айнагүл Қыдырбайқызы Балташеваға беріледі.
Асық ойындары жарысының ережесімен таныстыру дене шынықтыру әдістеме бірлестік жетекшісі, бас төреші Тлеубаев Әзілхан Өміртайұлына беріледі.
Баяу музыка.
Асық ойындарының өтілу барысы.
Асық ойын туралы түсінікті А.О.Тлеубаев берді.
Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.
Асықтың түрлері: (слайд арқылы көрсетілді)
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:
Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.
Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.
Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату
Асықтың құрылысы
Асық ойын түрлері
Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр.
Асық ойынының «тақталық» түріне:
— «Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»;
— «Құмар»;
— «Қақпақыл»;
— «Қаржу» немесе «Қаржымақ»;
— «Сасыр»;
— «Төрт асық»;
— «Бес тас»;
— «Бес асық»;
— «Иірмекіл» т.б. жатады.
Асық ойынының «алаңдағы» түріне:
— «Арқаласпақ»;
— «Алты атар»;
— «Омпа»;
— «Кетсін бір»;
— «Шыр»;
— «Бәйге»;
— «Алшы»;
— «Бес табан»;
— «Көтеріспек (Атбақыл)» т.б. жатады.
Оқушыларға «Шеңбер» және «Алты атар» асық ойынын ойнату
-Құрметті қатысушылар, бүгінгі іс-шарада ұлттық ойынымыздың бірі- асық ойынымен тереңірек
танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін.