Просмотр содержимого документа
«"?кем, шешем ж?не мен" - эстафеталы? жарыс»
«Әкем, шешем және мен» атты эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Жас бүлдіршіндерді және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі балалармен ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалармен ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1. «Кім жылдам»
Шарты: Үлкен допка отырып секіріп жүру.
2. «Эстафета»
Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы банбентон таяқшасымен допты түсірмей алып жүру.
3. «Тасымақ»
Шарты: Әр отбасы мүшелері еңкейе жүре желкесіндегі допты жерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.
4. «Көпсайыс»
Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жереден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана баласын айқастырылып ұсталған қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.
5.«Арба»
Шарты: Әр отбасы мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау.
6.«Шегіртке»
Шарты: Екі отбасы мүшелері кезек кезек аяқтарының арасына шарды қысып секіру.
7. «Ептілік»
Шарты:Үлкен, кіші кедергімен тунельден жылдам жүріп өту.
Жүргізші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге балабақшамыздың жас әншісінің ән шашуын ұсынамыз:
— «Әдемі» әні.
Орындаушы: Нұрсадыққызы Ботакөз.
Жүргізуші:
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
І орын – Бекеновтар
ІІ орын –Калдыковтар
ІІІ орын – Пашановтар
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!