Просмотр содержимого документа
«"Қазақтың ұлттық ойындары"»
«Бекітемін»
№ 273 мектеп директоры
_________ Ғ.Ә.Ұзақбаев
«_____» _______ 2019 ж.
Мектепішілік жоспарға сәйкес 9 – сынып оқушылары арасындағы
«Қазақтың ұлттық ойындары» сайысының
НҰСҚАУЛЫҒЫ
І. Жарыстың мақсаты:
Оқушылардың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттыру және үйрету.
Оқушылардың аяқ қол бұлшық күштерін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа тәрбиелеу.
Сыныптар арасында ең мықты деген топты анықтау.
ІІ.Өткізілетін уақыты және орыны:
Сайыс 2019 жылы наурыздың 16 жұлдызы күні мектептің спорт залында сағат 10-00 де өткізіледі.
ІІІ. Жарысқа қатысушылар:
Жарысқа 9-сынып оқушылары қатысады.
Оқушылар медициналық тексеруден өткеннен кейін жіберіледі.
Құрамы 8 ер бала
Жарысқа тапсырысты 15.03.19 дейін тапсыруы керек.
ІV. Жалпы жарыстың басқарылуы:
Жалпы жарыстың басқару жұмысын дене тәрбиесінің мұғалімі
Сарбалов Бағдат және сынып жетекшілеріне жүктелсін.
V. Жарыстың бағдарламасы:
1. «Аламан бәйге»Таяқшаны алып жүгіру
2. «Аударыспақ»
3. «Асық ату»
4. «Бұқа тартыс»
5. «Қол күрес»
6. «Жамбы ату»
7. «Арқан тартыс»
VІ. Қосымша талаптар:
Ереже бұзған сыныптарға айып уақыты қосылады.
Орын жарысқа қатысқан сыныптардың жинаған ұпайына байланысты
беріледі. Топтардың біркелкі спорт киімі болуы тиіс.
VІІ.Мадақтау:
Жүлделі І-ІІ-ІІІ орын алған сыныптар арнаулы мақтау қағаздарымен
марапатталады.
Дене тәрбиесінің мұғалімі: Сарбалов Б.Қ.
«ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №273 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ»
9 - СЫНЫПТАР
ДЕНЕТӘРБИЕСІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:САРБАЛОВ Б.Қ
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ, 2019 ж
Наурыз мерекесіне байланысты мектепішілік 9 сыныптар арасында өткізілген «Қазақтың ұлттық ойындары» жарысының есебі
8-9 сыныптар
18.03.2019 жылы мектептің спорт залында Наурыз мерекесіне байланысты мектепішілік 9 сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» жарысы болып өтті.
Бұл жарысқа 9 сыныптан төрт команда қатысты. Оқушылар қауіпсіздік ережелері мен медициналық тексеруден өткеннен кейін жіберілді. Команда құрамы 8 ер бала. Жарыстың бағдарламасына аламан бәйге, аударыспақ, асық ату, бұқа тартыс, жамбы ату, қол күресі және арқан тартыс ойындары енгізілді.
Командалар жеребе бойынша екі топқа бөлінді. Жалпы жарысқа қатысқан оқушылардың саны -40. Жарыс көңілді, ешқандай жарақатсыз, тартысты өтті.
Команда жүлдегерлері төмендегідей орналасты:
1. 9 «В» сыныбы І орын
9 «Б» сыныбы ІI орын
9 «А» сыныбы ІІІ орын
Жүлделі І-ІІ-ІІІ орын алған командалар арнаулы мақтау қағаздарымен марапатталды.