Просмотр содержимого документа
«Инженер-педагогтар арасында ұйымдастырылған спорттық спартакиада»
«Бекітемін»
Атырау көлік және коммуникация
колледжінің оқу-тәрбие жөніндегі
орынбасары:________Н.Құсайнова
« 04 »қазан 2016жыл
«Мұғалімдер» күні және «Кәсіби техникалық білім беру»мерекесіне араналған Атырау көлік және коммуникаия колледжінің инженер-педагогтар арасында ұйымдастырылған спорттық спартакиада жарысының ережесі.
1.Мақсаты мен міндеті
- «Мұғалімдер» күні және «Кәсіби техникалық білім беру»мерекесін атап өту
- Бос уақыттарын тиімді және спортпен шұғылдану
- Инженер-педагогтар арасында спорттық ойындарды жандандыру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау
2.Өтетін орны,уақыты
Жарыс 2016 ж. 05-06 қазан күндері колледж спорт залында өтеді.
Басталуы сағат 13:30-да
3.Ұйымдастырушылар
Жарысты колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары ұйымдастырады.
Жарыстың өткізілуін қадағалау дене тәрбиесінің оқытушылары Ғ.Имашев пен А.Сериковке жүктеледі.
4.Жарыс шарты мен командалар құрамы
Жарыс белгіленген спорт түрлерімен өтеді.Команда мүшелерінің толық спорттық
киімдері болуы керек.Команда құрамы 6 адамнан.Эстафеталық ойындарда командалар 4 топқа бөлініп жарысады.
5.Марапаттау
Жарыс жеңімпаздары арнайы I-II-III-дәрежелі дипломдарымен,грамоталармен,
сыйлықтармен марапатталады.
Атырау көлік және коммуникация колледжі
«Мұғалімдер» күні және «Кәсіби техникалық білім беру»мерекесіне араналған Атырау көлік және коммуникаия колледжінің инженер-педагогтар арасында ұйымдастырылған спорттық спартакиада жарысы.