Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау.Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру әдістерін қолдану. Тәрбиешілердің балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға белсене қатыстырып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болғандығына көз жеткізу.
Қолданылатын құралдар: құрсаулар, доптар, доп салынған кәрзеңкелер, секіртпелер, кедергілер.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және балабақша бүлдіршіндері.
Бүгін біз балабақша тәрбиешілері арасында "Денсаулық-басты байлық"-атты спорт жарысын өткізгелі отырмыз.
Денені шымырландырудың,
Ерік-қайратты шыңдаудың,
Ақылды алғырландырудың,
Ойды салмақтандырудың жолын білсең, сен тәрбиешісің-демекші ортаға тәрбиешілерімізден құралған командаларымызды шақырамыз.
(Әуен ойнап тұрады)
Ортаға екі команда шығады.
"Салауат" тобы. Ұран: Топты бастап жүретін,
Жүйріктердің біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін,
Салауатпыз біз мықты.
"Парасат" тобы. Ұран: Парасатпыз сымбатпыз,
Қарсыласты жықпақпыз.