kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бақытың да, байлығың да-денсаулық.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Осы мерекелік іс - шара мектепке дейінгі ұйымдарға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бақытың да, байлығың да-денсаулық.»

Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым» 

Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру. 
Мақсаты:1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру. 
2. Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру. 
3. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді,еденде жатқан шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіруді,іздермен жүруді үйрету. 
Қажетті құралдар:Әр балаға екі жалаушадан,гимнастикалық орындық,шығыршық,іздер,ойынға қажетті заттар,слайд т.б 
Әдіс-тәсілдері: слайдтан суреттерді көрсете отырып түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тақпақ,мақал-мәтелдер,мадақтау. 
Ұйымдастыру кезеңі 
Бір қатар сапқа тұрады 
Сәлемдесу 
Шаттық шеңбері 
Біз бақытты баламыз, 
Шыныға да аламыз. 
Сәулетті елдің көгінде, 
Шамшырақ болып жанамыз. 
-Жарайсыңдар,балалар! 
Біздің бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен және менің денсаулығым» -деп аталады. 
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар? 
-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет? 
-Денсаулық 
-Дұрыс айтасыңдар. 
Олай болса көгілдір экранға назар аударайық. 
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? 
-Ерте тұру керек. 
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? 
-Шынығу керек. 
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? 
-Күнде жаттығу жасау керек. 
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? 
-Дұрыс тамақтануымыз керек. 
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? 
-Таза ауада көп серуендеп жүру керек. 
-Жарайсыңдар балалар ендеше денсаулық туралы тақпағымызды айтып жіберейік. 
Денсаулық ол-шыныққан, 
Барлық дене мүшесі. 
Денсаулық ол-тыныққан, 
Жүйке тамыр жүйесі. 
Денсаулық ол-күлуің, 
Көңіл күйің жадырай. 
Денсаулық ол-жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай. 

Ендеше балалар ЖДЖ музыка әуеніне қосылып жалаушалармен орындаймыз. 
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды айқастырып,бір-біріне соғып тықылдату,төмен түсіру. Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру.Отыру,жалаушаларды алға созу,тұру,бастапқы қалыпқа оралу. 
Б.қ:тізерлеп отыру,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды оңға және солға бұлғау,бастапқы қалыпқа оралу. 
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жүрумен алмастыра отырып,бір орында қос аяқпен секіру(2рет) 
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 
1.Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдікті сақтап жүру. 
2.Шығыршықтың ішінен қос аяқпен секіру. 
3.Іздермен жүру 
Балалар денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? 
1.Денсаулық теңіз, 2.Ұйқы тынықтырады 3.Жарлының байлығы 
Ән мен спорт егіз Спорт шынықтырады Денінің саулығы 
4.Шынықсан,шымыр боласың 5.Денсаулық зор байлық 6.Дені сау ұрпақ-ел болашағы 
7.Дені сау адам-дәулетті адам

8.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің 
Ойын: «Дұрыс ата» 
Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек. 
Штангист,бокс,күрес,футбол,волейбол,баскетбол т.б 
Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап» 
Ойын шарты:Балаларға екі түсті жалаушалар таратылады,әр бала бір жалаушадан,музыка ойналады,балалар алаңда жүгіреді,музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады,жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар. 
Баланың атын атап , Аузыңды ашып құр қалма, 
Серігіңді тез таңда-дейді. 
Сұрақ-жауап,өлең шумақ арқылы қортындылау. 
Жиналамыз сәтті күні бәрімізде, 
Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде 
Дендеріңіз сау болсын қонақтарым, 
Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде 
Күтілетін нәтиже: 
Орындайды: жалаушалармен орындалатын жаттығуларды; 
Түсінеді: ойынның шарттарын; 
Қолданады: гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру,шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіру,іздермен жүру дағдыларын.


























Білім беру аймағы: Денсаулық. Қатынас. Таным. Қоршаған орта.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1.Доға астынан еңбектеп өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка – йога элементерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвалды сынары: Күз – осень, доға – дуга, ұзындық – длина, секіру – прыжок, орман – лес, Мыстан кемпір – Баба Яга
Кіріспе бөлім:
Балалар маршпен залға кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, спортша қонақтармен амандасайықшы «физкульт – салем!»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді? Жарайсыңдар балалар.
-Балалалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдар ма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зат аттап жүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.
Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: хатка –йога
(Әр жаттығу 3реттен қайталанады және 5сек.)
СМС хабарлама келеді
Қане, хабарлама қайдан келгенін көрейікші.
Сәлеметсіңдер ме, «Ақ желкен» балабақшасының балалары!
Мен Мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім. Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді, бірақ менің үйшігім құлап қалды. Мен оны жинай алмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесерсіңдер? Ой балалар біз қалай барамыз, біз жәй ормандамыз, ал Мыстан кемпір ертегі орманында. Мен оған сол туралы СМС жолдайын. (мыстан кемпір сиқырлы сөздер жазып береді)
Мыстанға көмектесеміз бе? Олай болса, жолға шығайық.
Негізгі қимыл қозғалыс:
1. Доға астынан еңбектеп өту.
2. Орнынан ұзындыққа секіру.
- Алақай, Біз Мыстанның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
- Біздің үйшігімізге бір нәрсе жетіспейтін секілді?
- Балалар бізге айналамызды көру үшін не керек? (көз)
-Дұрыс айтасыңдар. Мына үйшікте не жетіспейді? Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін көзімізбен сиқырлаймыз, үйшігімізді орнына келтірейік.
«Денсаулық» технологиясы
Көзге арналған жаттығу.
Жоғары, төмен, солға, оңға айналдырамыз, ашып – жұмамыз. Енді көзді жұмамыз, олар бізге сиқырласын. Санаймыз 1, 2, 3, 4, 5... көзімізді ашамыз.
Балалар көзін жұмып отырғанда, Мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір:
- Ой балалар жарайсындар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.
- Сендер себетке не жинадыңдар? Ой, менің сүйікті саңырауқұлақтарым ба? Не деген саңырауқұлақтар. Мен будан көп дәрілер жасап бере аламын.
-Балалар сендермен ойын ойнағым келеді, олай болса, шеңбер болып тұрып, «Бабка – Ёжка костяная ножка»-деп, менің сөзімді қайталаңдар.
Қимылды ойын: «Бабка - Ёжка»
Ойын шарты: Бабка –Ёжка костяная ножка,
С печки упала,ногу сломала.
А потом и говорит:
-«У меня нога болит!»
1, 2, 3 от Яги беги.
Қорытыңды:
Мыстан кемпір:
-Ой балалар мен шаршап қалдым, белімді ауырды. Ой сендермен әбден шаршатып жібердіңдер, жарайды, сендерді орманда қалдырмаймын. Қазір сиқырлап сендерді өз балабақшаларыңа алып барамын. Бірақ алдымен жатып, дем алып алайын, ал сендер неге тұрсыңдар? Қане менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық, армандайық.
«Денсаулық» технологиясы
Релаксация
Қане жұлдыздарға жақындайық, әуе шар болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштеріңе қойындар, сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу үшін, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді шығарамыз, желін шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздерінді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық ай, көп-көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән салып тұрғандай, күн шықты, таң да атты. Сендер ояндыңдар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік . Мыстанға көп рахмет, ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз не саяхатта қандай жаңа жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Ой балалар мына себетте не бар екенін көрейікші, ой бұл Мыстаның бізге берген сиқырлы сыйлықтары? Тез топқа барып сыйлықтарды бөлісіңдер.Балалар қане сапқа тұрамыз! Ендеше спортша қоштасамыз «Физкульт – Сау бол!»















Тақырыбы:«Жүзден жүйрік»

Мақсаты:Денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын дамыту.                                                                          

Эстафета, ойын арқылы көңіл-күлерін көтеру.   Балаларды еркін,

батыл секіруге жаттықтыру. Балалардың дене қимылдарын

дамыту, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар:2 гимнастикалық орындық, 6 құрсау, 2 ат, кедергілер, қаптар, жіп арқан.

Оқу іс-әрекетінің барысы.

Жүргізуші:Армысыздар, ардақты менің достарым, әріптестерім. Сіздер «Айгүл» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік» ойын-сауықтық мерекемізге келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер! Ар-намысын қамшылап, маңдайдан тер тамшылаған ойыншыларымыздың қызықтарынан қапы қалмаңыздар! Енді осы сайысқа қатысатын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

(Балалар бір қатармен келіп тұрады, қонақтармен амандасады)

         Ойынымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

(Балалар шеңбер бойымен жүреді жүгіреді, аяқтың ұшымен, өкшемен жүреді. Екі қатарға тұрады, әділ қазылар алқасы тағайындалады)

Балалар екі топқа бөленеді: 1. Қырандар

          2.Тұлпарлар

Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Командаларымыз өздерін таныстырып жіберсін.

Команда ұрандары:

«Қырандар»Қырандай күшті қанатты

Біз өрендер талапты

«Тұлпарлар»  Желмен бірге жарысқан

Тұлпар қалмас  жарыстан

Жүргізуші:Құрметті жанкүйерлер,  қонақтар көңіл-күйлеріңіз қалай? Ойынды тамашалауға дайынбызба? Олай болса ойынымызды бастайық.

 Біздің ойынымыз 5 шарттан тұрады:

1.    «Кім жылдам»

Шарты:балалар гимнастикалық орындық үстінен өрмекші болып жүріп, әр

құрсауды көтеріп, оны өзінен кигізіп, жерге түсіріп, белгіленген жерге жүгіріп

барып қайту.

1.    «Жүйрік ат»

Шарты: Балалар атпен секіру арқылы жарысады. Белгіленген жерге барып

кері қайту.

1.    «Жүйріктер»

Шарты:Балалар  кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, белгіленеген жерден кері

қайту.

1.    «Қаппен секіру»

«Арқан тартыс»

Жүргізуші:Құрметті көрермендер, әділ қазылар, біздің сайысымыз  өз мәресіне де келіп жетті. Ендігі шешім әділқазыларда.

 

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде

Жүргізуші: Ардақты әріптестер, қонақтар! Біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Болашақта білімді,  спортшы балаларымызды тәрбиелей берейік. Келесі кездескенше. Қош сау болыңыздар!








Тақырыбы: "Бақытым да, байлығым да-Денсаулық"


Білім беру саласы: " Денсаулық "

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Түрлі жаттығулар кезінде балалардың денесін тік ұстап, түзу жүруге дағдыландыру, жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету. Ойын кезінде балалардың белсенділігін арттырып, көңілдерін көтеру мақсаты көзделеді.

Сабаққа керекті құралдар: гимнастикалық бөрене, шығыршықтар, степ платформалар, төсеніштер.

Сабақтың барысы: Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі ашық сабағымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
«көрініс»
Қоян: ой, тісім қақсап барады.  Жанымды қоярға жер жоқ.
( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп, қыз бала келеді.
Не болды, жасыма , айтшы өзің?
Неліктен ісіген бас, көзің
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп
Тұрмысың намыстан қорланып,  егіліп?
Қоян:  Енді не істеймін?   Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.у
Қыз :   Неге сенің тісің ауырады?

Қоян :  Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.   Ой, тісім , тісім!
Қыз:   Олай болса , дәрігер шақырайын.
Дәрігер:      конфет жесең көбірек
Тісің  жүрер мазалап
Не жесең де  күніне
Екі рет жүр  тазалап.
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық
Дәрігер: Балалар біз тек тіс емдеу менен тоқтап қалмай барлық жерімізді тексертіп дәрігердің қарауынан өтіп тұруымыз керек. Сондай ақ жаттығулар жасап спортпен шұғылдануымыз керек.

Слайд көрсетіледі.

Дш маманы: - Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?

Балалар:Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Дш маманы: Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. «Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде»демеушімеді. Ендеше қарап қалмайық бірге жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстанайық.
Дш маманы:1)     Степ сыртымен аяқтың ұшымен, өкшемен, қазтабандап жүру.

2)     Стептің арасымен жылдам, баяу, ирелеңдеп жүгіру. (қайтадан 4 қатар тұру)

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі: ЖДЖ

Степте құрсаумен жаттығу жасау

1.     Б.қ. степке міну құрсауды алға созып, жоғары көтеру, қайта алға түсіріп. Б.қ келу. (4-5 рет қайталау)

2.     Б.қ. степ үстінде тұрып аяқты алшақ қою. Құрсауды жоғары көтеріп тұрып, екі жаққа кезек иілу. (4-5 рет қайталау)

3.     Б.қ. Аяқты қосып ұстау. Степке мініп шеңберді алға созып, өкшені көтеріп, отырып тұру. (4-5рет қайталау)

4.     Б.қ. степте аяқты созып отыру. Отырып шеңберді екі қолмен ұстай созып, аяқтың басына жеткізу. (тізені бүкпеу 4-5 рет)

5.     Б.қ. Степте тұрып бір қолмен құрсауды жоғары көтеріп, сонымен қатар аяқты да көтеру. (4-5 рет)

6. Б.қ. Степке оң аяқты қойып екінші аяқты бүкпей алға итерілу, құрсау ұстаған қолды алға созу. Екінші аяққа қайталау. Б.қ. ор. 4-5 р

7.     Б.қ. Екі аяқты біріктіріп созу. Шеңбердің ішіне кіріп-шығып, бірнеше рет секіру. Қолдарды белде ұстау. 7-8 рет

8.     Б.қ. Бір орында баяу жүру. Секіру 7-8 рет. Бір қатарға тұру.

ІІІ. Негізгі жаттығу. 2 қатар тұру.

1.        Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, жоғары-төмен түсіп-шығумен айналысады.(аяқтарын дұрыс ұстауды ескертеді).

2.        гимнастикалық бөренемен екі қолды бүйірге ұстап жүру, секіріп түскенде қолдарын алдарына созып түседі. (еденде төсеніш болуы керек)

3.      Доғаның астынан төрттағандап еңбектеп, жатып өту,

4. Бөрене бойымен ішпен сырғанау. (Екі топ орын алмастырады - қайталайды)

Дш маманы: Жаттығуларды орындап болдық, енді бір көңіліміз сергіп қалу үшін қоянмен бірге қимыл-қозғалыс ойынын ойнап жіберейік.

Ойын: Степ платформаларды пайдалана отырып үш топ болып эстафеталық сайыс өткіземіз.

  1. Сайыс. «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Степ арасымен қазтаңбалап жүріп белгіленген жерден айналып келу.

  1. Сайыс. «Секірмек»

Қоян секілді секіріп белгіленген жерге барып келу.

  1. Сайыс. «Кім епті?»

Жылан секілді ирелеңдеп барлық топ мүшесі бір-бірінің белінен ұстап белгіленген жерден айналып келу.

Дш маманы: Қоян бізбен бірге жаттығулар орындап көңілің сергіп қалған болар. Ойын ұнады ма?

Қоян: Ия балалар сендерге көп рахмет. Ия өте көңілді болды.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар ойын ұнады ма?

Иә. Олай болса, қазір сендермен тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

А. Аяқты иықпен ендестіріп қойып, қолдарды екі жаққа жаю керек. Алақан ашық, саусақтар бос. «1» дегенде – балалар қолдарын дереу алдына қарай айқастырып, жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады. «2» дегенде – қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады. Жаттығу барысында «Кәнеки, балалар, жылынайық!» деу керек.

Ә. Аяқты шаңғы тебетіндей етіп қою керек, сосын сәл еңкейіп тізені бүгуі керек, оң қол созылған, қолмен «шаңғы таяқшасын» ұстап тұрғандай. Сол қол артқы жақта, алақан ашық. «1» дегенде – шаңғы тепкен сияқты баяу тізе бүгіп, сол қолды алға қарай шығарады, дәл осы кезде өкпеден ауаны сыртқа шығару керек. «2» дегенде – бастапқы қалыпқа қайта келіп, еркін тыныс алу керек. «Шаңғымен сырғанау»

Б. Аяқты иықпен айқастырып қоямыз, оң қол жоғары жаққа көтерілген, алақан оң жаққа қарай ашылған. Сол қол бос төменгі жақта тұр. «1-3» дегенде – корль әдісімен арқамен жүзгендегідей қолды үш рет жылдам айналдырамыз, жүзіп жатқан қол жаққа денені жеңіл бұрамыз (терең ауа шығарамыз). «4» дегенде – қолды бір рет айналдырамыз (ауа жұтамыз). «Ал, енді арқамен жүзейік» деп айту керек.

Д.ш маманы: Жарайсыңдар балалар, сонымен денсаулық дегеніміз не екен.

1-бала:

Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

     2-бала:

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай

Дәрігер: Балалар сендер өте мықты шапшаң және қабілетті екенсіңдер. Жарайсыңдар үнемі осылай  спортпен шұғылданып жүріңдер. Қоян сен енді менімен жүр тісіңді қарап емдеп берейін. Сау болыңдар балалар.

(Дәрігермен қоян шығып кетеді)

Слайд көрсетіледі.

Дш маманы: Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.











Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді.


Тақырыбы: «Тыныс алу жаттығулары»

Мақсаты: Тыныс жолдарының шырышты қабатын шынықтыру, шырышты қабатты және өңешті ауа ағымымен микроб флорасынан тазарту, бронхтардың ауа айдау қызметін жақсарту. Тыныс жолы бұлшық етті нығайту, бала денесін шынықтыруды жақсарту.

Негізгі ережелер:

-         жаттығуларды таза ауада жасау керек;

-         Жаттығуларды орындау кезінде таза ауамен демалу, ауаның өкпеден еш кедергісіз шығуы үшін ауызды кең ашу керек. Балаға «алманы қалай тістейсің, ауызыңды солай аш» деп түсіндірген жөн.

Жаттығу барысы: Ұйымдастыру кезеңі

-         Балалар біздің бүгінгі іс-әрекетімізде «Дем алу жаттығулары» әңгіме жүргіземіз.

-         Ал балалар жаттығуды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Жалқау болсаң қандай боласын?

Жалқау болсаң, бойың өспейді.

Жалқау болсаң, аурушаң боласың.

Жалқау болсаң, мықты бала болмайсың.

Жалқау болсаң, жарқырап жайнап жүре алмайсың.

Денешынықтыру жетекшісі:

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-«Денсаулық»

-Дұрыс. Ал денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

-Денемізді шынықтыруымыз қажет.

Жалпы жаттығу

Шеңбер бойымен

1.     Қол жоғары аяқтың ұшымен

2.     Қол белде, өкшемен

3.     Қол белде оң жаққа секіріп жүгіру

4.     Қол белде сол жаққа секіріп жүгіру

5.     Жай жүгіреміз

6.     Терең дем алып, тыныс шығарамыз

Қимылды ойын: Өз орныныды тап.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар ойын ұнадыма? Иә. Олай болса, қазір сендерге тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар «денсаулық туралы» қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.Тазалық денсаулық кепілі,

Тазалық денсаулық негізі.

2. Ұйқы тынықтырады,

Спорт шынықтырады.

 3. Денсаулық теңіз,

Ән мен спорт егіз.

Денешынықтыру жетекшісі: Балалар ойын ұнады ма?

Иә. Олай болса, қазір сендермен тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

А. Аяқты иықпен ендестіріп қойып, қолдарды екі жаққа жаю керек. Алақан ашық, саусақтар бос. «1» дегенде – балалар қолдарын дереу алдына қарай айқастырып, жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады. «2» дегенде – қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады. Жаттығу барысында «Кәнеки, балалар, жылынайық!» деу керек.

Ә. Аяқты иықпен ендестіріп қояды, аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғарыға – артқа қарай көтереді, білектен ұстайды. «1» дегенде – салмақты өкшеге түсіріп, алға еңкеюі керек, қолды ауаға сілтеп, өткір тыныс алады. «2» дегенде - өкпедегі ауны сыртқа шығарады.

«Балалар, қанеки ағаш жарайық!»

Б. Аяқты шаңғы тебетіндей етіп қою керек, сосын сәл еңкейіп тізені бүгуі керек, оң қол созылған, қолмен «шаңғы таяқшасын» ұстап тұрғандай. Сол қол артқы жақта, алақан ашық. «1» дегенде – шаңғы тепкен сияқты баяу тізе бүгіп, сол қолды алға қарай шығарады, дәл осы кезде өкпеден ауаны сыртқа шығару керек. «2» дегенде – бастапқы қалыпқа қайта келіп, еркін тыныс алу керек. «Шаңғымен сырғанау»

В. Аяқты иықпен ендестіріп қойып, алға сәл еңкею крек, оң қол жоғарыда – алға қаратылған, алақан суда жүзетіндей бүгілген. Сол қолға симметриялы орналасқан. «1-2» дегенде – суда король әдісімен жүзгендей, қолды төрт рет жылдам айналдырамыз (барынша тыныс аламыз). «3-4» дегенде – қолды екі рет жай айналдырамыз (ауа жұтамыз).

«Король әдісімен кеудемен жүземіз!»

Г. Аяқты иықпен айқастырып қоямыз, оң қол жоғары жаққа көтерілген, алақан оң жаққа қарай ашылған. Сол қол бос төменгі жақта тұр. «1-3» дегенде – корль әдісімен арқамен жүзгендегідей қолды үш рет жылдам айналдырамыз, жүзіп жатқан қол жаққа денені жеңіл бұрамыз (терең ауа шығарамыз). «4» дегенде – қолды бір рет айналдырамыз (ауа жұтамыз). «Ал, енді арқамен жүзейік» деп айту керек.

Қорытынды:

Жиналамыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз кәріміз де.

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде.




Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
1.слайд 
І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

2 – слайд. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
3 - слайд
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Көрніс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)
Слайд арқылы көрсету.
5 - слайд
денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Тазалық денсаулық кепілі
Шынықсаң - шымыр боласын
Оқушы.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Оқушы. Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Оқушы.
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттыңтіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай – ақ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А – Б, А – Б.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
6слайд. «Ас адамның арқауы»
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Оқушы.
Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.
Оқушы. Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
Жұмбақтар шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, полтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді
Балалардан шетпейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
Мақал – мәтелдер
(Оқушылар денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтады)
«Кел ойнайық» Сөзден сөз шығару «Денсаулық»
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.






















Бақытың да, байлығың да Денсаулық.

 Ашық сабақтар

 

 

Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:  Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым !

Арайлап атқан күнге!

  • Слайд

ІІ.« Тіс ауруы, кәмпит жайында  көрініс»
1 оқушы шығып   ой, тісім қақсап барады.  Жанымды қоярға жер жоқ.
( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп ,қыз бала келеді.
Не болды, жасыма , айтшы өзің?
Неліктен ісіген бас, көзің
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп
Тұрмысың намыстан қорланып,  егіліп?
Бала:  неді не істеймін?   Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қыз :   Неге сенің тісің ауырады?

Бала :  Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.   Ой, тісім , тісім!
Қыз:   Олай болса , дәрігер шақырайын.
Дәрігер:      конфет жесең көбірек
Тісің  жүрер мазалап
Не жесең де  күніне
Екі рет жүр  тазалап.
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық
ІІІ.Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан — 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 — ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытың да, байлығың да — Денсаулық» деп аталады.

Кәмпит шашып, түстеріне қарай топқа бөлу  (Snicers, kit kat, Albeni)

Қонаққа келген қоянды өз үйіне жеткізу үшін тапсырмаларды орындау  керек.
1. Топ оқушыларын  үш топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»

2- топ «Салауат»
3- топ «Дәрумен»

  1. «Түсіп қалған әріптер».Берілген сөздерге әріптерді қою.
    1-топ

  2. Д…… і (дәрі)
    2. д…ру…н (дәрумен)
    3. ш….ны…..у (шынығу)
    4. с….ау……т (салауат)

2-топ:

  1. Г…и…на (гигиена)
    2.спо….т (спорт)
    3. тұ……у (тұмау)
    4. д… ау…. қ (денсаулық)

3-топ

1.Т..з..л..қ (тазалық)

2.ж.тт..ғу (жаттығу)

3.д..р..  (дәрі)

  1. с..рг..к (сергек)

  2. Үш топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып жарысады. 

  3. Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
    4. Жұмбақ жасыру

Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап — таза боласың. Бұл не? (сабын)

***
Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)

***
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

***
Не зиян? Не пайдалы?
тіс емдейтін дәрігер (тіс дәрігері)

***
Аузы жоқ, көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар Бұл не? (тарақ)

***

Асқар тауда қара орман (шаш)

5. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді қолдана отырып өлең жолдарын құру

1- топ:

……………………..– шыныққан         Денсаулық ол – шыныққан
.. ……………………. мүшесі.              Барлық денең мүшесі.
………………….. …. — тыныққан        Денсаулық ол — тыныққан
…………………………. жүйесі.            Жүйке тамыр жүйесі.

2- топ:
………………………….. — күлуің          Денсаулық ол — күлуің
………………………… жадырай,          Көңіл – күйің жадырай,
……………………….. – жүруің,           Денсаулық ол – жүруің,
………………………… ауырмай.          Ешбір жерің ауырмай.

3-топ

……………………….. байлығың,          Денсаулық – зор байлығың,
……………………….. жасыңнан.          Сақта оны жасыңнан.
…………………………. еліктірсе,          Зиянды әдет еліктірсе,
………………………….. қасынан.           Айналып өт қасынан.

6.1-топ .Айранның  денсаулыққа пайдасын айту.
Мынау — Семейде шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады.  Оның   денсаулыққа пайдасы  зор. Оның құрамындағы дәрумендері  өте көп. Спрайт, фанта, кола ішкенше осы айранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
2- топ 

Құрттың  пайдасын айту
Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт.  Оның тіске пайдасы бар.  Ол тісті қатайтады. « Орбиті» алғанша осы құртты пайдаланған дұрыс.

3-топ

Сүттің пайдасы

Сүттің табиғи ерекшеліктерін және азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсыну үшін пастеризация өңдеуінен өтуі және дұрыс түрде ыдысқа құйылуы керек. Құрамындағы кальций еттен 10 есе, наннан 5 есе, алмадан 15 есе, сәбізден 3 есе көп. Күнделікті ішіп тұрса іштің құрамын тазалайды. Сырқаттанған кезде де өте пайдалы. Тасты да тазалап түсіреді

7.Кім көп біледі.
Өз денсаулығымызды қалай сақтаймыз.
1. Ерте тұру.
2. Жаттығу жасау.
3. Дұрыс тамақтану.
4. Тазалықты сақтау.
5. Дұрыс ұйықтау.
6. Өзіңді сергек ұстау.
7. Зиянды нәрселерден аулақ болу.
8. Спортпен шұғылдану.
9. Күніне екі рет, ұйықтарда таңертең тісті тазалап жүру.
10. Ұйықтар алдында, аяқ – қолды жуу қажет.
11. Артық тамақ ішпеу.
12. Күн тәртібін дұрыс ұстау.
8. Әңгіме оқу, талдау.
— Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
— Бұл не деп ойлайсыңдар?

ІV Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді.

 

 













Денсаулық - зор байлық

Тақырыбы: Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бақытың да, байлығың да-денсаулық.

Автор: Айтбаева Альфия Шерипбаевна

Дата: 25.05.2017

Номер свидетельства: 418440


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства