kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?мыс. ?уат. Энергия тарауында?ы негізгі шамаларды ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?мыс, ?уат, энергия тарауында?ы негізгі шамалады ?айталау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?мыс. ?уат. Энергия тарауында?ы негізгі шамаларды ?айталау»



Тақырыбы: Жұмыс. Қуат. Энергия тарауындағы негізгі шамаларды қайталау.

Мақсаты:

  • білімділік: өткен тақырыпты қайталау, бекіту, тексеру. Тақырып бойынша алған білімдерін өздігінен кез келген жағдайда пайдалана білуге үйрету;

  • дамытушылық: сыни тұрғысынан ойлауға үйрету;өзін-өзі бағалауға ынталандыру,топтық жұмысқа жұмылдыру;оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өзіндік қор жинауға дағдыландыру;

  • тәрбиелік: өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Балаларды еңбектене, іздене білуге баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: қайталау, «қарлы кесек ойыны», тест, есеп шығару, өзара бағалау.

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, карточкалар, бағалау парақшалары, тест тапсырмалары,постер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-амандасу;

-кезекшімен сұхбат;

- Топпен жұмыс, конфет арқылы топқа бөлу.

- Шаттық шеңберін құрып, топтар бір-біріне жылы мінездерін білдіреді.


II. Қайталау. «Қарлы кесек» ойыны .

«Қарлы кесек» ойынында әр топ берілген тапсырма бойынша сұрақ жазып, келесі топқа беріледі, ауызша жауап береді.

  1. топ: «Жұмыс»

  2. топ: «Қуат»

  3. топ: « Энергия»

Әр топ өзара бағалайды.

III. Физикалық диктант.

  1. Жұмыстың формуласы, өлшем бірлігі. A=FS, [A] = 1 Дж = 1 Н*м

  2. Қуаттың формуласы, өлшем бірлігі. N= A/t , [N]= 1 Дж/с

  3. Кинетикалық энергияның формуласы, өлшем бірлігі.

ЕК= , [Ek]= Дж

  1. Потенциалдық энергияның формуласы, өлшем бірлігі.

Еп = mgh , [Eп]= Дж

  1. Механикалық энергияның формуласы, өлшем бірлігі.

W= ЕК+ Еп = + mgh , [W]= Дж

Дәптерлермен ауысып, тексеру, бірін – бірі бағалау. Дұрыс жауаптар интерактивті тақтада (слайдта) болады.



IV. Кестені толтыру.

Аталуы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем

бірлігі

Анықтамасы

Жұмыс

А

A=FS

Дж

Дененің орын ауыстырғанда, күштің атқарған жұмысы

Қуат

N

N= A/t

Вт

Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық шама

Кинетикалық энергия

EK

ЕК=

Дж

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия

Потенциалдық энергия

Еп

Еп = mgh

Дж

Денелердің өзара орналасуы б-ша анықталатын энергия

Механикалық энергия

W

W= ЕК+ Еп = + mgh

Дж

Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы

Әр топ өзара бағалайды.



V. Дұрыс жолды табу.

A= сек Қуат

F= м Кинетикалық энергия

S= Н Уақыт

EK= Дж Потенциалдық энергия

EП= Вт Орын ауыстыру

N= Дж Жұмыс

t= Дж Күш

Әр топ өзара бағалайды

VI. Постермен жұмыс.

1 – топ. Жұмыс.

2 – топ. Қуат.

3 – топ. Энергия.

Әр топ өзара бағалайды.

VII. Сергіту сәті.

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы: мысық

VIII. Есеп шығару. Топпен жұмыс.

Барлық топқа 4 есеп беріледі. Бір топтағы балалар есептерді шешіп болса, жұмыс тоқтатылады. Интерактивті тақтада шешімі. Өзін –өзі тексеру.



№1. Еденде массасы 20 кг жәшік тұр. Оны автомашинаның биіктігі 1,5 м болатын кузовына көтерді. Потенциалдық энергияны табыңдар.



Берілгені: Формула: Шешуі:

m= 20 кг Еп=mgh Еп= 20кг*1,5м*9,8Н/кг=294 Дж

h= 1,5 м

g= 9,8 Н/кг

Еп=? Жауабы: Еп =294 Дж



№2. Массасы 4 кг және қозғалыс жылдамдығы 4 м/с дененің кинетикалық энергиясын анықтаңдар.

Берілгені: Формула: Шешуі:

m= 4 кг Ек= Ек= = 32 Дж

= 4 м/с

Ек=? Жауабы: Ек =32 Дж

№3. Желдеткіш 10 минутта 1800 Дж жұмыс істейді. Желдеткіштің қуаты қандай?

Берілгені: ХБЖ: Формула: Шешуі:

t= 10мин 600 сек N= N= = 3 Вт

= 1800 Дж

N=? Жауабы: N=3 Вт



№4. Массасы 100 кг дене 3 м биіктіктен құлап түсті. Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар.

Берілгені: Формула: Шешуі:

m= 100 кг 2)A= F*S 1) F=100кг*9,8 Н/кг=980 Н

= 3 м S=h 2) А=980Н*3м=2940 Дж

g=9,8 Н/кг 1)F= m*g

А=? Жауабы: А=2940 Дж



IX. Мини тест.

1 – топ.

  1. Қуат қандай әріппен белгіленеді?

а) T в) А с)N

2. Уақыттың өлшем бірлігі?

а) с в) Дж с) Вт

3. Латынша потенция қандай мағынаны білдіреді?

а) қозғалыс в) мүмкіншілік с) жылдамдық

4. Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі?

а) Джоуль в) сағат с) киловатт * сағат

5. Жұмыстың формуласы:

а) в) с)

2 – топ.

  1. Энергияның неше түрі бар?

а) 4 в) 3 с) 2

2. Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама не деп аталады?

а) қуат в) энергия с) жұмыс

3. Потенциалдық энергия қандай әріппен белгіленеді?

а) в) с)

4. Қуаттын өлшем бірлігі?

а) Вт в) Дж с) с

5. «Восток» ғарыш зымыранының қуаты неше?

а) 70-80 Вт в) 15 000 000 кВт с) 125 000 000 кВт

3 – топ.

  1. Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс не деп аталады?

а) механикалық энергия в) энергия с) жұмыс

2. Джеймс Уатт қай елдің ғалымы?

а) неміс в) орыс с) ағылшын

3. Грекше кинетикос қандай мағынаны білдіреді?

а) қозғалыс в) мүмкіншілік с) жылдамдық

4. Кинетикалық энергияның формуласы?

а) в) с)

5. Энергияның неше түрі бар? а) 4 в) 3 с) 2

Интерактивті тақтада (слайдта) шешімі. Өзін –өзі тексеру.



X. «Ойланайық, ойлайық!» (логикалық есеп)

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. (1 жылқы, 39 сиыр, 60 қой)



XI. Үй тапсырмасы.

  1. §63-68 169-188 бет қайталау.

  2. Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: «Оқушының мектептің бірінші қабатынан екіншіге көтерілгендегі істеген жұмысын есептеу».

XII. Рефлексия.

- Балалар, біз бүгін нені қайталап өттік?

-Сабақтың басында қойған мақсаттарымызға жеттік пе?

-Қандай қиыншылықтар болды?

Смайлик арқылы.

- Балалар, мына сабақтан кейін өздеріңнің көңіл-күйлеріңді осы смайликтар арқылы көрсетіңдер.











XIII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

Бағалау критерилері

- формуладан белгісіз шаманы таба алды ма?

- өзара бағалау жұмысы жүрді ме?

- топтық жұмысқа жұмылды ма?

- оқушының топтық жұмыста белсенділігі қандай?

- бағалауды дұрыс бағалай алды ма?












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ж?мыс. ?уат. Энергия тарауында?ы негізгі шамаларды ?айталау

Автор: Турагалиева Алтынай Улукпановна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326433


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства