?Ж?лдыз дегеніміз- бірнеше мы? градус температура?а дейін ?ызып т?р?ан аспанны? жары? денесі.
Ж?лдызды аспан- аспан к?мбезінде т?нде к?рінетін шыра?тарды? жиынты?ы.
?азіргі кезде ?олданылып ж?рген 300-ге тарта ж?лдызды? т?л атауларыны? 15%-ы грек, 5%-ы латын, 80%-ы араб тілінде айтылады.1603 жылы Иоган Байер ?р шо?ж?лдыздарды грек алфавитіні? ?ріптерімен та?балауды ?сынды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1-қатарға: Ұзындығы l=4,9 м математикалық маятник t=5 мин уақыт ішінде неше (n) тербеліс жасайды.
2-қатарға: Су айдынына тас тастағанда толқындар пайда болды. Су бетінде қалқып жүрген кішкене дене 15 с ішінде 6 рет жоғары көтеріліп, төмен түсті. Егер толқын өркештерінің арақашықтығы бір-бірінен 40 см қашықтықта болса, онда су айдынында тарайтын толқын жылдамдығы неге тең?
3-қатарға: Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылығын ояту.
Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.
Жұлдызды аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген 300-ге тарта жұлдыздың төл атауларының 15%-ы грек, 5%-ы латын, 80 %-ы араб тілінде айтылады.
1603 жылы Иоган Байер әр шоқжұлдыздарды грек алфавитінің әріптерімен таңбалауды ұсынды. Әдетте ең жарық жұлдыз α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді. Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін астрономдар көрінерлік жұлдыздық шама деген ұғымды пайдаланады. Мұны алғаш ежелгі грек астрономы Гиппарх енгізген. XIX ғ. Ортасында ағылшын астрономы Норман Погсон жұлдыздық шаманың осы заманғы шкаласын ұсынды.
Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама түсінігі қолданылады. M-абсолют жұлдыздық шаманың белгіленуі.
Аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіле (Сириус) көрінерлік жұлдыздық шамасы m=1,58; Күннің жұлдыздық шамасы m=-26,6; толған Айдың жұлдыздық шамасы m=-12,7.
II.Мағынаны ашу.
Жетіқарақшы мен Темірқазық туралы айтамын.
Шоқжұлдыз дегеніміз-аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.
Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген.
Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жартышарында, 48-і оңтүстік жартышарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жартышарға да ортақ орналасқан.
Шоқжұлдыздардың атаулары мифтік батырлардың, жануарлардың және заттарға ұқсастығына байланысты қойылған. Ең белгілі шоқжұлдыздар-Үлкен Аю, Кіші Аю, Айдаһар, Жираф, Цефей, Кассиопея және 12 зодиак шоқжұлдыздары-Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Таразы, Сарышаян, Мерген, Тауешкі, Суқұйғыш және Балықтар.
Күн дегеніміз-балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар.
Күн-табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз. Күн мен Жердің орташа арақашықтығы 150млн шақырым. Күн ядросының температурасы – 15млн 0С.
Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді? 9
III.Бекіту
1.Полиглот
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
Жұлдыз
Звезда
Star
Жұлдызды аспан
Зведное небо
Starry sky
Шоқжұлдыз
Созвездие
Constellation
Күн
Солнце
Sun
Ай
Луна
Moon
Жер
Земля
Earth
Меркурий
Меркурий
Шолпан
Венера
Марс
Марс
Юпитер
Юпитер
Сатурн
Сатурн
Уран
Уран
Нептун
Нептун
Плутон
Плутон
2.Викторина
1.Бізге ең жақын жұлдыз? (Күн)
2.Аспан денелерінің жолы? (Орбита)
3.Жан-жағына жарық беретін, түнде көрінетін аспан денелері? (Жұлдыз)
4.Құйрығы бар аспан денесі? (Комета)
5.АҚШ-та ғарышкерлерді қалай атайды? (Астронавт)
6.Аспан денелерін зерттейтін ғылым? (Астрономия)
7.Алғашқы ғарышкер? (Юрий Гагарин)
8.К.Чуковскийдің «Тараканище» өлеңінде пілдің үстіне не құлады? (Ай)
9.Нософтың туындысында кім Айда кішкентай адамдар тұрады деп айтты? (Незнайка)