kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?лдызды с?т

Нажмите, чтобы узнать подробности

-Уа,жара?дар,жара?дар!

Б?рі? бері ?ара?дар,

Б?рі?е жар салайы?.

Б?гінгі кеш т?рінде

Физика – астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Ж?мба? шешіп а?дысып,

Шабыт тасып шал?ысып,

Есеппен ?н салысып,

К??ілді кеш жасайы?.

Асып ?сте саспайы?,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?лдызды с?т »










Сайыс


























2014-2015 жж.


Мақсаты: 7 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға  қызығушылықтарын арттыру.Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

1. Таныстыру, эмблема қорғау.

2. «Блиц-турнир»

3. «Қанша тілді білесің? »

4. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»

5.  Есеп эстафетасы

6.  Көрермендер көрімдігі

7. «Раундровер»

Жүргізуші:

-Уа,жараңдар,жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Физика – астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық,

Кеш қызығын,ей достар,

Осылайша шабытпен

Кане,енді бастайық.

Жүргізуші:

Шақырамыз,келіңдер жарысуға,

Күш ,өнер,біліммен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға,

Кәнеки, кім шығады сайысуға.

Жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық кешімізді тамашалайық.

Жүргізуші:

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:

1.7 «а» сыныбынан құралған «Ньютон» тобы

2.7 «ә» сыныбынан құралған «Коперник»тобы

3.7 «б» сыныбынан құралған «Паскаль»тобы

Жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:

  1. Информатика пәні мұғалімі Сапашева Е

  2. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қаламғалиева Ф

Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 6 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.

I I-тур. «Блиц-турнир»- деп аталады. Мұнда әр топқа 11 сұрақ қойылады.(1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін топқа жұлдыздар таратылады.

I I I -тур. «Қанша тілді білесің? »деп аталады.Мұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылады.Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек.

IV-тур. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»-деп аталады.Мұнда оқушыларға тәжірибелік құрал-жабдықтар беріліп, құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы тәжірибе ойлап табуы керек.

V-тур. Сөзжұмбақ эстафетасы .Бұл турда әр топқа бірдей деңгейдегі  есептер беріледі.Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.

VI-тур. «Раундровер»- деп аталады. Бұл ойында әр топ басшысы маркер көмегімен физикалық шамаларды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау.

Жүргізуші: «Блиц-турнир» кезеңі

Бірінші болып, сұрақтарға «Ньютон» тобы жауап береді.

  1. Табиғат туралы ғылым.(физика)

  2. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)

  3. Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық,газ)

  4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? (Франклин)

  5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)

  6. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)

  7. Күн шығатын жақ (шығыс)

  8. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)

  9. Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)

  10. Мензурка қандай құрал? (сұйықты өлшейтін құрал)

  11. Жай көзге көрінбейді, Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

«Коперник» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)

2. Жылу құбылысына мысал келтір (күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы)

3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?(бақылау, эксперимент, теория)

4. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? (Н.Армстронг, Э.Олдрин)

5. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)

6. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)

7. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (секунд)

8. Күн  бататын жақ (батыс)

9. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? (жетіқарақшы)

10.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ,ішінде не қалады? (ауа)

11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)


«Паскаль» тобына қойылатын сұрақтар

1.Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)

2.Бақылау дегеніміз не? (бір нәрсені бағдарлау)

3.Күн мен түннің  көктемде теңелуі (22 наурыз)

4. 1 кгмассасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
5. Күн жүйесіндегі ең ірі планета             (юпитер)
6. Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
7. Темір не?                                                    (металл)

8. Көкке қараған жұлдыз санаған                  (телескоп )

9. Атом дегеніміз не? Ең кіші бөлшек

10. Күштің өлшем бірлігін ата? Ньютон

11.Көлемін де, пішінін де сақтамайтын затты ата. газ


Жүргізуші: «Өзге тілдің бәрін біл,

                       Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз

«Қанша тілді білесің? » .Үш топқа бірдей жұмбақтар қойылады.Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топтікі.

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток-ток-energy)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш-линейка-ruler)

3. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)

4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа-воздух-air)

5. Керегенің басында кетпен жаулық,

Кет десемде кетпейді,неткен жаулық (күн-солнце-sun)

6. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың , таңдайсың.(жол-дорога-road)

7. Көп болса, азықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (уақыт-время-clock)

8. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама  шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(жылдамдық- скорост-speed)

9.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.(су-вода-water)

10. Қайық мініп биікте жолығайық,

Көз көрімде кетеді болып ғайып.(ұшақ-самолет-aircraft)

Жүргізуші: «Тәжірибе, тағы да тәжірибе». 

Үш топқа бір тәжірибе.

1. Қажетті құралдар: Тарелка, су, теңге, замок, скобы беріледі.

Жасалу жолы: Тарелкаға суды құйып ішіне берілген заттарды салу керек.

Тапсырма: Қолыңды суға батырмай және суды төкпей ішіндегі затты алу керек.

Жүргізуші: Сөзжұмбақ эстафетасы

 Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін,дей келе кезекті сөзжұмбаққа береміз.

Үш топқа бірдей сөзжұмбақ беріледі

Жүргізуші:сөзжұмбақ шешіліп болғанша, көрермендерге сұрақ қойылады.

«Көрермендер көрімдігі»

1.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

2. Дайындауға болады,

3. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, әкесі, немересі)

4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 рет атап өтеді.Бұл қай күн?(29 ақпан)

5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)

6. Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек?

7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

Жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!

Жүргізуші: Енді соңғы турымыз «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында әр топ басшысы маркер көмегімен физикалық шамаларды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Олар жайлы төреші,

                     Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке,

                    Келгендерге мың рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ж?лдызды с?т

Автор: Мамырбаева Меруерт Оскенбаевна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212443


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства