1-қадам: «Білу»
10 минуттық тест
2-қадам: Сұрақтар. Өткен тақырып бойынша келесі тақырыпты түсінуге негіз болатын қайталау сұрақтары (жеке жұмыс)
3-қадам: Топтық жұмыс
| Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Жылулық жарық көздері: а) Күн, алау, жұлдыз, найзағай, кен пешінен алынған металл кесегі, от, майшам, электр шамы, т.б. ә) өзен – көлдердің беті, бұлт жамылғысы, Ай, т.б. б) теледидар экраны, компьютер мониторы, балық, қоңыз, теңіз жұлдызқұрты, т.б. в) электр тогын өткізетін газдар, кварц шамы, лазерлер, поляр шұғыласы, т.б. Люминесценциялық жарық көздері: а) электр тогын өткізетін газдар, кварц шамы, лазерлер, поляр шұғыласы, т.б. ә) өзен – көлдердің беті, бұлт жамылғысы, Ай, т.б. б) теледидар экраны, компьютер мониторы, балық, қоңыз, теңіз жұлдызқұрты, т.б. в) Күн, алау, жұлдыз, найзағай, кен пешінен алынған металл кесегі, от, майшам, электр шамы, т.б. 3. Шағылған жарық көздерін ата. а) Күн, алау, жұлдыз, найзағай, кен пешінен алынған металл кесегі, от, майшам, электр шамы, т.б. ә) өзен – көлдердің беті, бұлт жамылғысы, Ай, т.б. б) теледидар экраны, компьютер мониторы, балық, қоңыз, теңіз жұлдызқұрты, т.б. в) электр тогын өткізетін газдар, кварц шамы, лазерлер, поляр шұғыласы, т.б. Плазмалық жарық көздерін ата: а) Күн, алау, жұлдыз, найзағай, кен пешінен алынған металл кесегі, от, майшам, электр шамы, т.б. ә) өзен – көлдердің беті, бұлт жамылғысы, Ай, т.б. б) теледидар экраны, компьютер мониторы, балық, қоңыз, теңіз жұлдызқұрты, т.б. в) электр тогын өткізетін газдар, кварц шамы, лазерлер, поляр шұғыласы, т.б. Күндегі ауырлық күші қаншаға тең? а) 274 Н/кг ә) 742 Н/кг б) 247 Н/кг в) 474 Н/кг Күннің орташа тығыздығы қаншаға тең? а) 10410 кг/м3 ә) 2410 кг/м3 б) 1410 кг/м3 в) 410 кг/м3 Күннің толық сәуле шығару қуаты қандай? а) 84·1023 кВт ә) 14·1023 кВт б) 4·1023 кВт в) 400·1023 кВт Күн бетіндегі орташа температура қаншаға тең? а) 6·109 К ә) 6·106 К б) 6· 1012К в) 6·103 К Күннің жасы қаншада? а) 5·109 жыл шамасында ә) 5·102 жыл шамасында б) 5·10 жыл шамасында в) 5·1019 жыл шамасында Күн белсенділігі қанша уақытта қайталанады? а) 11 жыл ә) 111 жыл б) 1 жыл в) 111 жыл Сұрақтар: «Толықтыру» стратегиясы Күн атмосферасы қандай қабаттардан тұрады? Ең терең қабаты – фотосфера, қалыңдығы 200-300 км. Температура 8000 К – 4000 К дейін өзгереді. 2. Хромосфера аймағы. Температура 10 000-100 000 К –ға жетеді. 3. Күн тәжы- қабығы. Температурасы 106-2·106 К –ге жетеді. 4. Күн желі – планетааралық кеңістікке тарайтын ыстық сиретілген плазма ағыны. 2. Ғаламдағы негізгі жарық көздері /Жұлдыз/ 3. Жарық жылдамдығы 299 711 км/с – қа тең вакуумге қарағанда аз зат /Ауа/ 4. Күннің көрінетін бөлігі /Фотосфера/ 5. Күн тұтылуының толық фазасы кезінде көруге болатын түр /Шұғыла/ 6. Вакуумдегі жарық үшін қажетті физикалық шама /жарық жылдамдық/ Өзіңді тексер! Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба? Оқушының қолына сары, жасыл түстер беріледі. Соны көтеру арқылы неше шын мәлімет бар екені анықталады. Фотон- жарық бөлшегі Жарық жылдамдығы300000м/с Оптика- жарықты зерттейді Күн-гелий қоспасы 10% бар сутектен тұрады Оптика- жылуды зерттейді Вакуумдегі жарық жылдамдығы 300000км/с Күннің сәуле шығару қуаты 4*10²³кВт Ай дербес жарық көзі Жарық көздері-жарық шығаратын денелер Күннің 200- 300км бола- тын ең терең қабаты хромосфера деп аталады |
4-қадам. «Түсіну»
5-қадам. «Қолдану» Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Дәлелде, түсіндір.
| Тәжірибе: а) май шам мен физикалық дене аламыз. Физикалық денені көз бен жарық көзінің арасына орналастырамыз. Не байқадың? Жауап: жарық көзі көрінбейді. Бұдан шығатын қорытынды: жарық ауада таралады. Біраз ол денені айналып тарамайды. ә) Май шам мен физикалық денені қойып көлеңке түскенін көреміз. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың, кез келген заттың сыртындағы көлеңкені көруге болады. Көлеңке деп нені айтамыз? Жауап: Көлеңке деп – жарық түспейтін аймақты айтамыз. Бұдан шығатын қорытынды: Біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен таралады. Бұл заң – жарықтың түзусызықты таралу заңы деп аталады. Б) Суретпен сөйлеу: Мәтінмен жұмыс. §59. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы. Әр топ «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы» әдісі арқылы тақырып мазмұнын ашады, жұпта, топта жұмысты талқылайды. І топ. Жарықтың таралуы. Жарық сәулесі деп – жарық көзінен келген жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызықтарды айтамыз. Жарық құбылыстарын сызбада кескіндеу үшін қолданамыз. Жарық шоғы деп – берілген, әр шектелген аймақта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығын айтамыз. Мысалы, күнделікті өмірде фонариктен, автомашина прожекторынан, сонсоң қалада кинотеатрлардан кинопроектор прожекторынан түскен жарық шоқтарын көріп жүрсіңдер. Егер әртүрлі жарық шоқтарын қиылыстырсақ, олар бір-біріне әсер етпейді. Жарық шоқтарының бұл қасиеті – жарық шоқтарының тәуелсіздігі деп аталады. Проблема: Жарық сәулесі, жарық шоғы, нүктелік жарық көзі дегеніміз не? Себептері: жарықтың таралу заңымен түсіндіріледі. Жарықтың түзусызықпен таралуын саңылауларының диаметрі әртүрлі қатырма қағазды пайдаланып та көз жеткізуге болады. Дәлелдер: жарық шоқтары қалта шамының, маяк прожекторы т/б жарығы. Топ жарықтың түзу сызықты таралуының өмірде, тұрмыста, техникада, ғылымда қолданылуы туралы ғаламтордан, оқулықтан материалдар жинап, өзара талқылап жауап береді. Қорытынды: Мазмұнды жүйелеп, көлеңкеге анықтама береді, тақырыпты қортындылайды. Жарықтың таралу заңын тұжырымдайды. Жарықтың түзу сызықпен таралуын өмірде пайдаланады екенбіз. Мысалы: электр сымдары тартылатын столбы бағаналарын, автокөлік жолдарын, теміржол тораптарын, аэродромдағы ұшу жолдарын түзу етіп төсеуде қолданылады. Сол сияқты ағаш шеберлері, жер өлшеу мамандары геологтар да пайдаланады. ІІ топ. Көлеңкенің пайда болуы. Проблема: Көлеңке деген не? Алакөлеңке деген не? Себептері: Көлеңкенің, алакөлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді. Бұл да жарықтың таралу заңымен түсіндіріледі. Дәлелдер: Қорытынды: Көлеңкенің пайдасын айтады. Жарықтың түзу сызықпен таралуын өмірде пайдаланады екенбіз. Мысалы: электр сымдары тартылатын столбы бағаналарын, автокөлік жолдарын, теміржол тораптарын, аэродромдағы ұшу жолдарын түзу етіп төсеуде қолданылады. Сол сияқты ағаш шеберлері, жер өлшеу мамандары геологтар да пайдаланады. Күн мен Ай тұтылулары- көлеңке мен шалакөлеңке дәлелі. ІІІ топ. Күннің тұтылуы. Проблема: Күннің тұтылуы. Себептері: Егер Ай өзінің Жерді айнала қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп қалса, онда ол Күннің бетін жауып қалуы мүмкін, онда Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерде Күн толық тұтылады. Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. Жердің әр нүктесінде тұтылу әртүрлі көрінеді немесе тіптен көрінбейді, ол әртүрлі уақытта басталады. Дәлелдер: «Күннің тұтылуы» туралы ғаламтордан алынған /АКТ/ бейнематериал көрсету топпен талдайды. 2009ж 22июнь. Ең ұзақ тұтылу, ұзақтығы 6мин 29с. Қорытынды: Бұл Айдың батыстан шығысқа қарай 1 км/с жылдамдықпен қозғалуынан болады. Күннің толық тұтылуы таңғаларлық құбылыс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла – Күн тәжін көреміз. Ол Күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Бүкіл көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады. Бұл – Ай көлеңкесі конусынан тысқары жатқан Жер атмосферасының Күнмен жарықтанғаны. Аспанда жұлдыздар мен ғаламшарлар көрінеді. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбінесе 2-3 мин созылады және ұзақтығы (7 мин 40 с) 8 минуттан аспайды. Ол Жерде бір жарым жыл ішінде бір рет болады, бірақ Жердің бір орнында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда бір рет болатын құбылыс. Біздің елімізде Күннің тұтылуы Солтүстік Қазақстанда 1981 жылы 31 тамызда, Атырау қаласы маңайында 2006 жылдың 29 наурызында бақыланды.. Бұл да жарықтың таралу заңын тұжырымдайды. ІҮ топ. Ай тұтылуы.
Проблема: Ай тұтылуы. Себептері: (Жер қозғалысында Ай мен Күннің арасына келіп қалса, онда ол Күннің бетін жауып қалуы мүмкін, онда Ай тұтылады.) Ай Жердің көлеңкесі аймағына енгенде Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Дәлелдер: жарық шоқтары қалта шамының, маяк прожекторы т/б жарығы. Күн мен айдың тұтылуы. Қорытынды: Ай батыстан шығысқа қарай қозғалатындықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шығыс (сол жақ) шеті кіреді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене «кетік» пайда болады. Айдың көрінетін бөлігі орақ пішін қабылдайды. Егер Ай өзінің Жерді айнала қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат (1 сағ 40 мин) дерлік болады. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады, әрі Айға қараған Жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады. Ай толық тұтылғанда, Ай аса қараңғы болып немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл Жер атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған Күн жарығы және бір жағынан Ай дискісін жарықтандырып, оған қызғылт түс беріп шашырайды. Жарықтың таралу заңын тұжырымдайды. |