kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Затты? агрегатты? к?йлерін білу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л физика п?нінен 7 сынып?а арнал?ан  саба?.  Жа?а технология?а негізделген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Затты? агрегатты? к?йлерін білу»

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 8 сынып, физика

Пән мұғалімі: физика пәнінің мұғалімі Нагиева Р.У.

Күні: 09 қазан 2014

Сабақтың тақырыбы

Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы

Жалпы мақсаты

Заттың агрегаттық күйлерін білу.

Қатты денелердiң балқуы мен қатаюын ажыратады, процесінің мәнін ашады.

Сілтеме

Физика оқулығы 8 сынып. Авторлары Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова. Алматы"Мектеп" 2008ж



Оқу нәтижесі



- Заттың агрегаттық күйлерін білу.

- Қатты денелердiң балқуы мен қатаюын процесінің мәнін ашады

- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді

Негізгі идеялар

Презентация, флипчарт

Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер


Интернет материалын пайдаланады.

Интербелсенді тақта, бағалау парағы, қима қағаздар, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары, рефлексия парағы, тапсырмалар, стикерлер, маркерлер

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық

















1.Білу















Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу

- Топқа бөлу: Оқушыларды заттың агрегаттық күйлері (қатты денелер, сұйық, газ тәрізді, плазма) арқылы 4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағаздар таратылады. Әр қағазда Алюминий, Мұз, Темір; Бензин, Керосин, Сүт; Азот, Ауа, Оттегі; Гелий, Сутек, Литий; заттардың төрт күйінде болатын денелер жазылған, сол жазулар арқылы 4 топқа бөлінеді.

І топ “ Қатты денелер”

ІІ топ “ Сұйықтар”

ІІІ топ “Газдар”

ІVтопПлазма”

Өз топтарының анықтамаларын айтып, еске түсіреді. Топ ережесін айтады.Топ басшысы сайланады.Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі

-Үй тапсырмасын тексеру барысында заттың агрегаттық күйлері түрлерін нақтылау үшін ашық сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалып, тексеріледі.

1. Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз не? Олардың молекулалық құрылымдарына қандай?

2. Денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу формуласы. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау механизмі.

3. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы қалай? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай?

4. Заттың меншікті жылусыйымдылығы нені көрсетеді? Бірлігі не? ЗМЖ нені білдіреді?




Мұғаліммен амандасады.




Оқушыларды заттың агрегаттық күйлері арқылы 3 топқа бөлу.






Топ ережесін құрады. Топ басшысын сайлайды. Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Топ басшысы критерийлерді ескеріп, жауап берген топ мүшелерін бағалап отырады.



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады.

2. Түсіну





Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсатын шығару қажеттігі айтылады.

Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, заттың агрегаттық күйлері мен қатты денелердің балқуы және қатаюы ұғымын ашу мақсатында 4 топқа тапсырма беріліп, әр топ постер құрап, қорғайды.

Тапсырма № 1.

І топ: Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз не? Қатты денелердің сұйықтардан, газдардан негізгі айырмашылығы неде?

ІІ топ: Қатты денелердің балқуы дегеніміз қалай жүреді, не себепті кейбір заттар төменгі температурада, ал басқалары жоғары температурада балқиды?

ІІІ топ: Қатты денелердің қатаюы дегеніміз қалай жүреді, аморфты денелердің қатты денелерден негізгі айырмашылығы? Балқу мен қатаю арасында ұқсастықтары бар ма?

ІVтоп Заттың балқу және қатаю процестерінің техникада қолданылуы, мысалымен айту көрсету;


Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:

1. Заттың агрегаттық күйлерін білу.

2. Қатты денелердiң балқуы мен қатаюын ажыратады, процесінің мәнін ашады


Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Топтар бір-бірін бағалайды. (түрлі түсті қағаз арқылы) қағаз көп жинаған топ марапатталады (қол шапалақтау).Топ басшылары бағалау парағына жауап берген оқушыларды бағалап отырады.

3. Қолдану
















Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі.

Тапсырма № 2.

І топ: Су, мұз,су буының массалары бірдей болса, олардың қайсысының ішкі энергиясы ең көп болады?

ІІ топ: Неліктен суық аймақтарда сыртқы ауаның температурасын өлшеу үшін сынап емес, спирт термометрін қолданады?

IIІ топ: 00С температураны ұстап тұратын тоңазытқыштардың біріне су, екіншісіне сүт құйылған бөтелкелерді орналастырады. Осы бөтелкелердегі заттардың қайсысы бұрын қатады? Неліктен?

ІVтоп Мыстан және темірден жасалған массалары бірдей екі денеге бірдей жылу мөлшері беріледі. Осы денелердің қайсысының температурасы жоғары болады? Неліктен?

Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша қорытынды слайд көрсетемін.


Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке, жұптық, топтық талдап, әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада орындайды. (Менің мақсатым- берілген мысалдар арқылы оқушылардың балқу мен қатаюды ажырата білуі, не себепті балқу мен қатаю температуралары бір температура екенін теорияға сүйеніп түсіндіруін, тапсырманы орындауда қолдануын қадағалау).



4.Талдау














Тапсырма №3.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

Балқу температурасында алынған массасы 2 кг мұз ерігенде, оның ішкі энергиясы қанша джоульға көбейеді.

ІІ деңгей

1000С – дағы бу, осы температурадағы судан гөрі қатты күйдіреді? Неге?

ІІІ деңгей

Температурасы 1000С, массасы 4 кг су буы конденсацияланады. Осы кезде қандай жылу мөлшері бөлінеді?

Бағалау. Түрлі – түсті қағаз

Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке орындап, өзара,жұптық, топтық талдайды. Өз тапсырмаларын қорғайды. Тапсырмалар тақтада орындалады. Топ басшы тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау парағына бағалайды.





5.Жинақтау


Тапсырма № 4.

Физикалық диктант

“+” дұрыс болса, “-” дұрыс емес.

  1. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі кристалдану

  2. Заттың балқу кезіндегі температурасы заттың балқу температурасы

  3. Қатты дененің негізгі қасиеті–аққыштығы

  4. Заттың қатаятын кезіндегі температурасы заттың қатаю температурасы

  5. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі қатаю, кристалдану

  6. Зат қай температурада балқыса, сол температурада қатпайды.

  7. Сұйық күйдегі заттардың молекулалық құрылымы кристалдық тор құрайды.

  8. Аморфты денелердің тұрақты балқу температурасы жоқ

  9. Қатаю, кристалдану кезінде заттың температурасы төмендейді

  10. Заттар бір агрегат күйден екіншіге көшіру үшін энергия беріледі немесе алынады.


Жауабы: - + - + + - - + + +










Физикалық диктант жауабы флипчартта беріледі. Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. Топ басшылары бағалау парағына түсіреді.






6. Бағалау




1)Бекіту сұрақтары:

- Заттың қандай агрегаттық күйлерін білесіңдер?

- Қандай жағдайда дене балқиды? Қатаяды?

- Заттың балқитын ,қатаятын температурасын қалай атайды?


2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, интернет материалдарынан қосымша мәліметтер жинақтап, әкелу.

А.П.Рымкевич Есептер жинағынан

№ 566, 567 есептер шығару.


4)Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________



(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!




Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.

Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.



Оқушылар бағаланады.






Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушылар сыныпқа оқып береді.

Тапсырма № 1.


І топ: Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз не? Қатты денелердің сұйықтардан, газдардан негізгі айырмашылығы неде?


Тапсырма № 1.


ІІ топ: Қатты денелердің балқуы дегеніміз қалай жүреді, не себепті кейбір заттар төменгі температурада, ал басқалары жоғары температурада балқиды?


Тапсырма № 1.


ІІІ топ: Қатты денелердің қатаюы дегеніміз қалай жүреді, аморфты денелердің қатты денелерден негізгі айырмашылығы? Балқу мен қатаю арасында ұқсастықтары бар ма?


ІVтоп















Тапсырма № 2.


І топ: Су, мұз,су буының массалары бірдей болса, олардың қайсысының ішкі энергиясы ең көп болады?


Тапсырма № 2.


ІІ топ: Неліктен суық аймақтарда сыртқы ауаның температурасын өлшеу үшін сынап емес, спирт термометрін қолданады?


Тапсырма № 2.


II топ: 00С температураны ұстап тұратын тоңазытқыштардың біріне су, екіншісіне сүт құйылған бөтелкелерді орналастырады. Осы бөтелкелердегі заттардың қайсысы бұрын қатады? Неліктен?









Тапсырма №3.

Деңгейлік тапсырмалар


І деңгей

Балқу температурасында алынған массасы 2 кг мұз ерігенде, оның ішкі энергиясы қанша джоульға көбейеді.


ІІ деңгей

1000С – дағы бу, осы температурадағы судан гөрі қатты күйдіреді? Неге?


ІІІ деңгей

Температурасы 1000С, массасы 4 кг су буы конденсацияланады. Осы кезде қандай жылу мөлшері бөлінеді?





















Тапсырма № 4.

Физикалық диктант


“+” дұрыс болса, “-” дұрыс емес.


  1. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі кристалдану

  2. Заттың балқу кезіндегі температурасы заттың балқу температурасы

  3. Қатты дененің негізгі қасиеті–аққыштығы

  4. Заттың қатаятын кезіндегі температурасы заттың қатаю температурасы

  5. Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі қатаю, кристалдану

  6. Зат қай температурада балқыса, сол температурада қатпайды.

  7. Сұйық күйдегі заттардың молекулалық құрылымы кристалдық тор құрайды.

  8. Аморфты денелердің тұрақты балқу температурасы жоқ

  9. Қатаю, кристалдану кезінде заттың температурасы төмендейді

  10. Заттар бір агрегат күйден екіншіге көшіру үшін энергия беріледі немесе алынады.






Бағалау парағы

Оқушының тегі, аты

Тапсырма №1

Тапсырма №2

Тапсырма №3

Тапсырма №4

Қорытынды

1







2







3







4







5







6







7







8







Дескрипторлары: Тапсырма толық емес – 3 ұпай

Тапсырма жартылай – 4 ұпай

Тапсырма толық орындалған – 5 ұпай

20- 18 ұпай – “5”, 17 – 14 ұпай - “4 ”, 13 - 9 ұпай - “3” , 8 – 6 ұпай – “2”









Бағалау парағы

Оқушының тегі, аты

Тапсырма №1

Тапсырма №2

Тапсырма №3

Тапсырма №4

Қорытынды

1







2







3







4







5







6







7







8







Дескрипторлары: Тапсырма толық емес – 3 ұпай

Тапсырма жартылай – 4 ұпай

Тапсырма толық орындалған – 5 ұпай

20- 18 ұпай – “5”, 17 – 14 ұпай - “4 ”, 13 - 9 ұпай - “3” , 8 – 6 ұпай – “2”




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Затты? агрегатты? к?йлерін білу

Автор: Нагиева Роза Утепбергеновна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 326017


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства