kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Затты? к?йлері ж?не оларды молекулалы?-кинетикалы? к?з?арас негізінде т?сіндіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

  1. Білімділік ма?саты: О?ушылар?а молекулалы?-кинетикалы? теория т?р?ысында затты? к?йлерін жете т?сіндіру.                         
  2. Дамытушылы? ма?саты: о?ушыларды?  ойлау ?абілетін ?р т?рлі ?діс-т?сілдер ар?ылы дамыту.    
  3. Т?рбиелік ма?саты: Адамгершілікке, ??ыптылы??а, ал?ырлы??а, имандылы??а  баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Затты? к?йлері ж?не оларды молекулалы?-кинетикалы? к?з?арас негізінде т?сіндіру »

7 а сынып

Сабақтың тақырыбы: Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға молекулалық-кинетикалық теория тұрғысында заттық күйлерін жете түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, шыны түтік, су.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру.Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

  1. Әтір исі не себептен бөлмеге тарайды?

  2. Диффузия деген не?

  3. Молекла дегеніміз қандай бөлшек?

  4. Молекуланың көрнекі кескіні.

  5. Қандай жылу құбылыстарын білесің?

  6. Тапсырманы ауызша оқыту жекелей.

ІІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

А) қандай заттың түрін білесің?

Ә) Атап шығыңдар.

ІV. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты электрондық оқулық арқылы түсіндіру.

1. Қатты денелер.

2. Сұйық денелер.

3. Газ тәріздес денелер.

4. Әрқайсысының молекулаларының қозғалысы.

Заттың агрегаттық күйлері

Қыста өзен және көлдердегі судың беті қатып, мұзға айналады. Мұздың астында су сұйық күйде қалады (76-сурет). Бұл жерде бір мезгілде судың әр түрлі екі күйі — қатты (мұз) және сұйық (су) күйі болады. Судың үшінші газ тәрізді күйі де бар: көзге көрінбейтін су буы бізді қоршаған ауада болады.

Суды мысалға ала отырып, біз заттың үш агрегаттық күйде — қатты, сұйық және газ күйінде бола алатынын көрдік.

Сұйық сынапты термометрдің резервуарынан көруге болады. Сынаптың үстінгі жағында оның булары болады, ол сынаптың газ күйін көрсетеді. Температура — 39 С болғанда сынап қатады да, қатты күйге айналады.

Оттегі біздің қоршаған ауада газ күйінде болады. Бірақ — 193 С температурада ол сұйыққа айналады екен. Бұл сұйықты — 219 С-ға дейын мұздатсақ, онда біз қатты күйдегі оттегіні аламыз.

Керісінше, темір қалыпты жағдайда қатты күйде болады. Алайда 1535 С температурада ол балқып, сұйыққа айналады. Балқыған заттың үстінде оның атомдарынан түзілген газ болады.

Заттардың қасиеттері әр түрлі агрегат күйде түрліше болады.

қатты денені қалыпты жағдайда сығуға немесе созуға болмайды. Сыртқы әсер болмағанда ол өзінің формасы мен көлемін өзгертпей сақтайды.

Сұйық өзінің формасын оңай өзгертеді. Қалыпты жағдайда ол өзі тұрған ыдыстың формасын қабылдайды. (77-сурет). Бірақ салмақсыздық жағдайында (мысалы, орбиталық космостық станцияда) сұйық өзінің меншікті – сфералық формасымен сипатталады. Жаңбырдың кішкентай тамшыларының формасы да сфералық формада (тәріздес) болады.

Сұйықтың формасын оңай өзгертетін қасиетін балқыған шыныдан (78-сурет) ыдыс дайындауда қолданады.

Сұйықтың формасын өзгерту оңай, бірақ көлемін өзгерту қиын. Судың сығылмайтындығын тексерген бір тарихи дерек сақталған. Суды қорғасын шарға құйып, оны дәнекерлеп тастайды, қысқан кезде төгілмеу үшін. Одан кейін болат шарды ауыр балғамен соғады. Не болған? Су сығылмайды, керісінше қабырғасы арқылы сыртқа төгілген.

Сонымен, сұйықтар өз формасын тез өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды.

Газдың меншікті көлемі де формасы да болмайды. Ол өзі тұрған ыдысты толтырып тұрады.

Газдардың қасиетін зерттеу үшін оның түрлі түсті болуы міндетті емес. Мысалы, ауа түсі жоқ, біз оны көрмейміз. Бірақ біз тез қозғалғанда, автомобиль немесе поиыз терезесінің алдында тұрғанда, сол сияқты жел соққанда біздің айналамызда ауа бар екенін байқаймыз. Сол сияқты оны тәжірибе көмегімен сезуге болады.

Суы бар ыдысқа төңкерілген стаканды бастыратын болсақ, оның ішінде су кірмейді, себебі оның ішінде ауа бар. Егер суға шыны түтікпен резеңке шланг арқылы жалғасқан вороканы салсақ (79-сурет), онда ауа сыртқа шыға бастайды.

Газдың көлемін өзгерту қиын емес. Резина допты сығу арқылы, біз ондағы ауаның көлемін әжептеуір азайта аламыз.

Газ өзі тұрған ыдыс немесе өзі орналасқан бөлменің ішін толтырып, формасы да сол бойынша анықталады, яғни газдың формасы мен көлемі өзі орналасқан ыдысқа тәуелді.


V. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

1. Қатты денеге не жатады?

2. Сұйық денелерге не жатады?.

3. Газ тәріздес денелерге не жатады?

4. Мұз неше күйде болады?

VІ. ДК. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Электрондық оқулықты көру.

  2. Сол арқылы сұрақтар қою.

  3. Заттар қандай күйде болады?

  4. МКТ-ның негізгі қағидалары.

VІІ.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

А). Ең маңызды сұрақтарды оқушылардан сұрау.

  1. Атом.

  2. Молекула.

  3. МКТ-ның негізгі қағидалары.

  4. Диффузия.

  5. Броундық қозғалыс.

  6. Заттың күйлері.

  7. Температура.

Оқушылардан ауызшы сұрау.

Ә). Карточкамен жұмыс.

1 К. Киімге жаққан әтір иімінің ауаға жайылуын қалай түсіндіресің?

2 К. 0,8=? см; 2,9 дм =? м; 380м=? км;

3 К. Сынған қарындашты қайта біріктіруге болмайды. Себебін түсіндір.

Б) «Лото» ойыны.

Сұрақтар қойылады, пән аралық байланыс, басқа да мәні бар сұрақтар қоюға болады.

  1. Қазақтың ұлт аспаптары?

  2. Желтоқсан күні.

VІІІ.ДК.Үйге тапсырма. №45, 53, 84. Ережелер мен формулаларды жаттау.№2 зертханалық жұмысқа дайындық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Затты? к?йлері ж?не оларды молекулалы?-кинетикалы? к?з?арас негізінде т?сіндіру

Автор: Жумагулова Нургуль Турысбековна

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 181097


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства